Қазақстан Республикасының бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарын, су құрылысын, әскери бөлiм мен шекара заставасын атау мен қайта атау, сондай-ақ темiр жол станциясы атауының орыс тiлiндегi транскрипциясын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 480 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарына, әскери бөлiм мен шекара заставасына есiмдер берiлсiн.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары мен су құрылысы қайта аталсын және темiр жол станциясы атауының орыс тiлiндегi транскрипциясы өзгертiлсiн.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 480 қаулысына   
1-қосымша   

Белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың, күйшi-композиторлардың, суретшiлердiң, спорт шеберлерiнiң, педагогтардың, Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлген бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдары, әскери бөлiм мен шекара заставасының тiзбесi

Ақмола облысы бойынша

      Бұланды ауданының N 1 Макин орта мектебiне - халық композиторы Балуан Шолақтың есiмi;
      Щучье ауданының Мәдениет орта мектебiне - профессор Есмағамбет Ысмайыловтың есiмi;

Ақтөбе облысы бойынша

      Байғанин ауданы Қопа ауылының Ақтан негiзгi мектебiне - Ақтан жыраудың есiмi;
      Алға аудандық балалар кiтапханасына - ақын Iзтай Мәмбетовтiң есiмi;

Алматы облысы бойынша

      Қарасай ауданы Қаскелең қаласының орта мектебiне - педагог Әбдiрахман Байжановтың есiмi;
      Көксу ауданының N 4 Теректi орта мектебiне - үш дәрежелi "Даңқ" орденiнiң иегерi Темiрғали Исабаевтың есiмi;

Атырау облысы бойынша

      Атырау қаласының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатына - ақын, халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтiң есiмi;
      Атырау қаласының Кiшi өнер академиясына - Қазақстан Республикасының Халық қаhарманы, халық әртiсi, композитор Нұрғиса Тiлендиевтiң есiмi;
      Құрманғазы ауданының аудандық Мәдениет үйiне - күйшi-композитор Смағұл Көшекбаевтың есiмi;
      Мақат ауданы Доссор кентiнiң N 4 орта мектебiне - педагог Ораз Сарғұнановтың есiмi;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң "Жақсыбай" шекара заставасына - батальон комиссары, КСРО Жоғарғы Кеңесiнiң 1-шақырылымының депутаты Хаби Халиуллиннiң есiмi;

Қарағанды облысы бойынша

      Қарағанды қаласының N 57 мектеп-лицейiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Сламия Саттаровтың есiмi;

Қызылорда облысы бойынша

      Жалағаш ауданы Жалағаш кентiнiң N 246 мектебiне - қоғам және мәдениет қайраткерi Шекер Ермағанбетованың есiмi;

Маңғыстау облысы бойынша

      Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының N 3 орта мектебiне - этнограф-ғалым Алшын Меңдалыұлының есiмi;
      Ақтау қаласының облыстық музыкалық драма театрына - халық әртiсi Нұрмұхан Жантөриннiң есiмi;
      Жаңаөзен қаласының N 4 орта мектебiне - Сүгiр Бегендiкұлының есiмi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Бородулиха ауданының Петропавл орта мектебiне - математик-ғалым, профессор Төлеубай Амановтың есiмi;
      Тарбағатай ауданының Ақжар балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебiне - спорт шеберi Бақытхан Сайхановтың есiмi;

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Тайынша ауданы Келлер орта мектебiне - Кеңес Одағының батыры Иван Бережнойдың есiмi;

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша

      Ордабасы ауданының Бадам орта мектебiне - педагог Айтбай Шерiмқұловтың есiмi;
      Ордабасы ауданының Шұбарсу орта мектебiне - педагог Балтабай Нұрлыбековтың есiмi;
      Шымкент қаласының ұлттық қолданбалы өнер мектеп-интернатына - суретшi Батырбек Өтептiң есiмi;

Алматы қаласы бойынша

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Аэроұтқыр әскерлерiнiң 46-шы мотоатқыштар бригадасына - Райымбек батырдың есiмi;
      дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатқа - Абайдың есiмi;
      Алматы қаласының N 75 орта мектебiне - ақын Шәкәрiм Құдайбердiұлының есiмi;

Астана қаласы бойынша

      Астана қаласының N 17 мектеп-гимназиясына - Кеңес Одағының батыры Ақан Құрмановтың есiмi;
      Астана қаласының N 6 гимназиясына - Кеңес Одағының батыры Юрий Гуровтың есiмi;
      Астана қаласының N 50 қазақ орта мектебiне - Райымбек батырдың есiмi.

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 480 қаулысына   
2-қосымша   

Қайта аталған бiлiм беру ұйымдарының, су құрылысының, атауының орыс тiлiндегi транскрипциясы өзгертiлуге тиiс темiр жол станциясының тiзбесi

Ақмола облысы бойынша

      Аршалы ауданының Вячеслав су қоймасы - Астана су қоймасы;

Алматы облысы бойынша

      Сарқанд қаласының Ленин атындағы мектеп-гимназиясы - N 1 мектеп-гимназиясы;

Атырау облысы бойынша

      Мақат ауданы Доссор кентiнiң В. Белинский атындағы орта мектебi - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Бержан Қанатбаев атындағы орта мектеп;

Жамбыл облысы бойынша

      Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округiнiң Фурманов атындағы орта мектебi - Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Жарма ауданы Новореченск ауылының Чапаев атындағы орта мектебi - Кеңес Одағының батыры Кенжебек Шәкенов атындағы орта мектеп;
      Тарбағатай ауданы Құйған ауылының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебi - Құйған орта мектебi;
      Тарбағатай ауданы Ахметбұлақ ауылының Қазақстанның 30 жылдығы атындағы орта мектебi - қоғам және мемлекет қайраткерi Дiнмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп;

Батыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесі бойынша

      Станция Яик - Жайық станциясы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады