"Оңтүстiк электр желiлерi" ашық акционерлiк қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 тамыздағы N 754 Қаулысы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы  2-бабының 4-тармағына сәйкес, табиғи монополия субъектiсi болып табылатын "Оңтүстiк электр желiлерi" ашық акционерлiк қоғамын банкрот деп тануға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Оңтүстiк электр желiлерi" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - қоғам) конкурстық массасын сатудың:
      1) қоғамның өндiрiстiң бiртұтас технологиялық циклiн қамтамасыз ететiн мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен (бұдан әрi - лот) сатуды;
      2) лотты сатудың ең төменгi бағасын әкiмшiлiк шығыстар мен бiрiншi және екiншi кезектегi кредиторлар талаптарының сомаларынан төмен емес етiп белгiлеудi;
      3) банкроттық рәсiмiн технологиялық циклдiң үздiксiздiгiн сақтай отырып өткiзудi көздейтiн ерекше шарттары мен тәртiбi белгiленсiн.

      2. Лотты сатып алушыларға мынадай қосымша талаптар белгiленсiн:
      1) қызмет бейiнiн, тұтынушылармен шарттарды және ұсынылатын қызметтердiң көлемiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдау;
      2) қоғам қызметкерлерiмен еңбек шарттарын жасасуды қамтамасыз ету;
      3) электр энергиясын беру мен бөлу, электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларының болуы;
      4) сатып алушының өз қаражаты есебiнен елдi мекендердi орталықтандырылған электрмен жабдықтауға қосу үшiн бiр жүз қырық бiр километр электр беру желiлерiн салу;
      5) жыл сайын кемiнде 56 000 000 (елу алты миллион) теңге сомасына негізгi құралдарды жөндеудi жүргiзу;
      6) 45 000 000 (қырық бес миллион) теңгеге жабдықтарды жаңғыртуды және техникалық қайта жарақтандыруды жүргiзу.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады