Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 887 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне Астана қаласындағы "Transport Tower" әкiмшілік-технологиялық кешенiнiң ғимаратындағы өрттiң салдарын жоюға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 540360 (бес жүз қырық мың үш жүз алпыс) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27. N  1293  қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Ақпараттық-тұсаукесер орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына тапсырыс берушi болып белгiленсiн.

      3. "Базис-А корпорациясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген жұмыстарды берушi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады