Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 және 2006 жылғы 20 қыркүйектегі N 887 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1293 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына ,»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы"» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      II»"Шығындар" бөлімінде:
      13»"Басқалар" функционалдық тобында, 09»"Басқалар" ішкі функциясында, 217»"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі"» әкімшісі бойынша, 010»"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві"» бағдарламасында, 100»"Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві" кіші бағдарламасында шығындар 1063559640 (бір миллиард алпыс үш миллион бес жүз елу тоғыз мың алты жүз қырық) теңге сомасына ұлғайтылсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен
қаражат бөлу және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып
алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы
20 қыркүйектегі N 887  қаулысында :
      1-тармақтағы "1064100000 (бір миллиард алпыс төрт миллион бір жүз мың)" деген сөздер "540360 (бес жүз қырық мың үш жүз алпыс)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады