Маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылығы 26 қыркүйектегі N 913 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Бiрлескен қазақстандық-сингапурлық кәсiпорын, "Қаз-СТ Инжиниринг Бастау" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi жабдықтау үшiн тауарлар - лингафондық және мультимедиялық кабинеттердi берушi болып белгiленсiн.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасы бойынша оларды сатып алуға көзделген қаражат шегiнде осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен және жергiлiктi бюджеттермен 2006 жылы 3948870000 (үш миллиард тоғыз жүз қырық сегiз миллион сегiз жүз жетпiс мың) теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 1576970000 (бiр миллиард бес жүз жетпiс алты миллион тоғыз жүз жетпiс мың) теңге сомасында тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) тауарларды мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қаржы қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады