Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 470у Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  324-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi 5-бағанының 8-тармағы "Астана қаласының су жылыту қазандығын орнатып ЖЭО-2 кеңейту және қайта жаңарту" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде төленетiн аванс сомасына жабдықтарды жеткiзу жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi уақтылы орындауға екiншi деңгейдегi банктiң кепiлдiгiн мердiгер ұйымның ұсыну шарты кезiнде оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде қосалқы жабдықтармен КB-T-139,6-150 типтi су жылыту қазандықтарына тапсырыс беру үшiн аванс аудару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің 
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады