"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 134 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы

      2006 жылғы 3 қазанда Орал қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiм ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының 
             Президентi

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы
КЕЛIСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi,
      тарихи қалыптасқан тату көршiлiк қатынастарды ескере отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының арасындағы шаруашылық, мәдени және басқа да дәстүрлi байланыстарды сақтау мен дамытудың қажеттiлiгiн тани отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1995 жылғы 26 қаңтардағы келiсiмнiң 7-бабының ережелерiн ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Келiсiмде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
      "шекара маңындағы аумақтар" - осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасына тiкелей жанасатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi;
      "шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары" - шекара маңындағы аумақтарда тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары;
      "шекара" - 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шартта белгiленген Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы;
      "шекараны кесiп өту орындары" - шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары осы Келiсiмнiң шарттарында оны кесiп өтуi үшiн белгiленген Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасындағы орындар және олар арнайы жабдықталуы мүмкiн;
      "Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi" - Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы шекара өкiлдердiң қызметi туралы 2004 жылғы 9 қаңтардағы келiсiмге сәйкес тағайындалған лауазымды тұлғалар.

2-бап

      Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге келетiн, сондай-ақ керi қарай кететiн бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген шекараны кесiп өту орындарында шекараны кесiп өте алады және бұл ретте уақытша келген мемлекеттiң заңнамасын, сондай-ақ осы Келiсiмнiң шарттарын сақтауға мiндеттi.
      Көрсетiлген орындарда шекараны кесiп өтудiң тоқтатылуы (шекара арқылы қатынастардың аяқталуы) Тараптардың уағдаластығы бойынша жүзеге асырылады.

3-бап

      Шекараны кесiп өту орындарында шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарын өткiзу режiмiн ұйымдастыру Тараптар мемлекеттерiнiң шекара ведомстволарына жүктеледi.

4-бап

      Жұқпалы iндеттер, жануарлар iндеттерi, дүлей зiлзалалар немесе басқа да күтпеген жағдаяттар мен төтенше жағдайлар кезiнде Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының шекараны кесiп өтуiн уақытша тоқтата тұруы мүмкін.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi уақытша шектеулердi енгiзгенге және олардың күшi жойылғанға дейiн кемiнде 24 сағат бұрын бiр-бiрiн хабардар етедi.

5-бап

      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары, егер Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi уағдаластықтарында өзгеше көзделмесе, тәулiктiң кез келген уақытында жаяу, велосипедтермен немесе жегiн көлiгiмен шекараны кесiп өтедi.
      Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына келетiн, сондай-ақ шекараны кесiп өткен сол жерден керi қайтатын бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары өздерiне тиесiлi жеңiл автомобильдердi, мотоциклдердi және мопедтердi осы Келiсiмнiң 2-бабында белгiленген мерзiмде шекара арқылы тiркеусiз өткiзе алады. 
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары жеке басының, отбасының, үй шаруашылығының және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты емес өзге де мұқтаждарына арналған тауарларды әрбiр Тарап мемлекетiнiң заңнамасында көзделген тауарларды кеден баждары мен салықтарды төлеусiз әкелу (әкету) нормаларынан аспайтын мөлшерде шекара арқылы өткiзе алады.
      Шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналған не әкелуге (әкетуге) тыйым салынған немесе Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етiлетiн тауарларды әкелуге (әкетуге) ниетi болған жағдайда, оларды шекараны кесiп өту орындары арқылы жүруiне жол берiлмейдi. Мұндай тұрғындар Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы 1998 жылғы 23 желтоқсандағы келiсiмде көзделген өткiзу пункттерiнде шекараны кесiп өтуге мiндеттi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтардың әкiмшiлiктерiмен бiрлесiп, шекара маңындағы аумақтар тұрғындарын алдын-ала хабардар ету үшiн әкелуге (әкетуге) тыйым салынған не Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етiлетiн тауарлардың тiзбесiмен қажеттiлiгiне қарай алмасады.

6-бап

      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, осы Келiсiмде белгiленген шекараны кесiп өту орындарында шекараны кесiп өтедi.

7-бап

      Егер бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумақ тұрғынының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болуы кезеңiнде осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетiлген құжаттары жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мұндай тұрғын бұл туралы барған мемлекетiнiң iшкi iстер органдарына кiдiрiссiз хабарлауға мiндеттi.
      Мұндай жағдайда барған мемлекеттiң iшкi iстер органдары жеке басын анықтағаннан кейiн, көрсетiлген тұрғынға құжаттарын жоғалтқаны туралы анықтама бередi, анықтама шекарада белгiленген өткiзу пункттерi арқылы тұратын мемлекетiнiң аумағына оралу үшiн негiз болып табылады.

8-бап

      Осы Келiсiмнiң шарттары негiзiнде шекараны кесiп өтетiн шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары барған Тарап мемлекетiнiң заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерi Тараптар мемлекеттерiнiң шекара маңындағы аумақтарында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны немесе шекараны кесiп өту ережесiн бұзғаны үшiн ұсталған шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарын қабылдауды (берудi) ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл ретте құқық бұзу дәлелдемелерiн жинау мен ресiмдеу аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекара арқылы тауарларды өткiзу бөлiгiнде Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк заңнамасының талаптарын бұзғаны айқындалған жағдайда, Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық билiктерi мұндай фактiлер туралы аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң кеден органдарына жедел хабарлайды. Бұл ретте құқық бұзушылық жасаған адам, аумағында құқық бұзушылық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауап бередi.

9-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындайтын келiспеушiлiктер Тараптар мемлекеттерiнiң шекара өкiлдерiнiң отырыстарында (кездесулерiнде) талқыланып, шешiледi.
      Шешiлмеген келiспеушiлiктер әрi қарай қаралуы үшiн дипломатиялық арналар бойынша Тараптарға берiледi.

10-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi.

11-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған уақыттан бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм 5 жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде-бiрi кезектi кезең аяқталардан кем дегенде 6 ай бұрын өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, әрбiр жолы келесi 5 жылдық кезеңге ұзартылатын болады. 
      2006 жылғы 3 қазанда Орал қ. әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де екi мәтiннiң күшi бiрдей.

       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ       РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
            ҮКIМЕТI YШІН                  YКIМЕТI YШІН

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей  
Федерациясының Yкiметi арасындағы Қазақстан 
Республикасының және Ресей Федерациясының  
шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының  
Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын   
кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмге    
1-қосымша            

Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтарының
ТIЗБЕСI

I. Қазақстан Республикасы

Ақтөбе облысы

      Әйтеке би ауданы                       Мәртөк ауданы
      Хромтау ауданы                         Қобда ауданы
      Қарғалы ауданы

Атырау облысы

      Құрманғазы ауданы

Шығыс Қазақстан облысы

      Бесқарағай ауданы                     Зырян ауданы
      Бородулиха ауданы                     Глубокое ауданы
      Шемонаиха ауданы                      Катонқарағай ауданы
                                            Риддер қаласы

Батыс Қазақстан облысы

      Шыңғырлау ауданы                      Жәнiбек ауданы
      Бөрлi ауданы                          Қазталов ауданы
      Зеленов ауданы                        Бөкей ордасы ауданы
      Тасқала ауданы

Қостанай облысы

      Ұзынкөл ауданы                        Таран ауданы
      Меңдiғара ауданы                      Денисов ауданы
      Федоров ауданы                        Жiтiқара ауданы
      Қарабалық ауданы

Павлодар облысы

      Шарбақты ауданы                       Железин ауданы
      Успен ауданы                          Ертiс ауданы
      Лебяжi ауданы                         Качир ауданы

Солтүстiк Қазақстан облысы

      Уәлиханов ауданы                      Қызылжар ауданы
      Ақжар ауданы                          Мамлют ауданы
      М.Жұмабаев ат. аудан                  Жамбыл ауданы

II. Ресей Федерациясы

Алтай Республикасы

      Қос-Ағаш ауданы                       Усть-Коксин ауданы
      Усть-Кан ауданы

Алтай өлкесi

      Бөрiлi ауданы                        Рубцов ауданы
      Змеиногор ауданы                     Славгород ауданы
      Ключев ауданы                        Табын ауданы
      Құлынды ауданы                       Третьяков ауданы
      Локтев ауданы                        Углов ауданы
      Михайлов ауданы                      Чарыш ауданы
      Земиногорск қаласы                   Славгород қаласы
      Рубцовск қаласы                      Яровое қаласы

Астрахан облысы

      Ахтубин ауданы                       Камызяк ауданы
      Володар ауданы                       Лиман ауданы
      Икрянин ауданы                       Қарабалин ауданы
      Краснояр ауданы

Волгоград облысы

      Палласов ауданы                      Старополтав ауданы

Қорған облысы

      Звериноголов ауданы                  Половин ауданы
      Куртамыш ауданы                      Притобольный ауданы
      Макушин ауданы                       Целинный ауданы
      Петухов ауданы

Новосибирск облысы

      Баған ауданы                         Купин ауданы
      Карасук ауданы                       Чистоозерный ауданы

Омбы облысы

      Есiлкөл ауданы                       Полтава ауданы
      Называев ауданы                      Русско-Полян ауданы
      Нововаршав ауданы                    Шарбақкөл ауданы
      Одесса ауданы                        Черлак ауданы
      Павлоград ауданы

Орынбор облысы

      Адамов ауданы                        Первомай ауданы
      Ақбұлақ ауданы                       Светлин ауданы
      Беляев ауданы                        Соль-Илецк ауданы
      Гай ауданы                           Ташлин ауданы
      Домбаров ауданы                      Яснен ауданы
      Илек ауданы                          Новотроицк қаласы
      Кваркен ауданы                       Орск қаңқасы
      Қуандық ауданы

Самара облысы

      Большечернигов ауданы

Саратов облысы

      Александрово-Гай ауданы              Озин ауданы
      Дергачев ауданы                      Перелюб ауданы
      Новоузень ауданы                     Питер ауданы

Түмен облысы

      Бердюж ауданы                        Сладков ауданы
      Қазан ауданы

Челябi облысы

      Бредин ауданы                        Октябрь ауданы
      Варнен ауданы                        Троицк ауданы
      Қарталы ауданы                       Чесмен ауданы
      Троицк қаласы

Қазақстан Республикасының Үкiметi  
мен Ресей Федерациясының Үкiметi  
арасындағы Қазақстан        
Республикасының және Ресей     
Федерациясының шекара маңындағы  
аумақтары тұрғындарының Қазақстан- 
Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту
тәртiбi туралы келiсiмге      
2-қосымша            

Шекараны кесiп өту орындарының тiзбесi

       Қазақстан Республикасы             Ресей Федерациясы

       Шығыс Қазақстан облысы             Алтай Республикасы

      Риддер        Кордон            - Қарағай      Усть-Коксин
      қаласы                                         ауданы

                                                Алтай өлкесi

      Бесқарағай    Березовка         - Шадруха      Углов ауданы
      ауданы
      Бородулихин   Коростели         - Наумовка     Углов ауданы
      ауданы
      Бородулихин   Переменовка       - Новенькое    Локтев ауданы
      ауданы
      Бородулихин   Буркотово         - Золотуха     Локтев ауданы
      ауданы
      Шемонаиха     Красная           - Михайловка   Третьяков
      ауданы        Шемонаиха                        ауданы

          Павлодар облысы

      Успен ауданы  Екатеринославка   - Михайловка    Бөрiлi ауданы
      Успен ауданы  Галицкое          - Новоандреевка Бөрiлi ауданы
      Шарбақты      Северное          - Табуны        Табын ауданы
      ауданы
      Шарбақты      Жаңаауыл          - Васильчуки    Ключев
      ауданы                                          ауданы
      Лебяжi        Бәйiмбет          - Бостан        Михайлов
      ауданы                                          ауданы

       Батыс Қазақстан облысы            Астрахан облысы

      Бөкей ордасы  Молодость         - Верхний       Ахтубнн
      ауданы                            Басқұншақ     ауданы
 

         Атырау облысы

      Құрманғазы    Қиғаш             - Малый Арал    Краснояр
      ауданы                                          ауданы
      Құрманғазы    Котяевка          - Қара-Өзек     Краснояр
      ауданы                                          ауданы
      Құрманғазы    Балқұдық          - Қарабалы      Қарабалин
      ауданы                                          ауданы
      Құрманғазы    Жаңаауыл          - Гусиный       Володар
      ауданы                                          ауданы
      Құрманғазы    Көптоғай          - Теплинка      Краснояр
      ауданы                                          ауданы
      Құрманғазы    Жалғыз апан       - Басқұншақ     Ахтубин
      ауданы                                          ауданы

          Қостанай облысы                 Қорған облысы

      Федоров       Белояровка        - Луговое        Целинный
      ауданы                                           ауданы
      Меңдiғара     Ұзынағаш          - Қазақ-Көшірдiк Целинный
      ауданы                                           ауданы
      Ұзынкөл       Березово          - Звериноголов-  Звериноголов-
      ауданы                            ское           ауданы
      Ұзынкөл       Сибирка           - Зубаревка      Звериноголов
      ауданы                                           ауданы
      Ұзынкөл       Песчанка          - Ясная          Притобольный
      ауданы                                           ауданы
      Ұзынкөл       Гренадерка        - Романово       Половин
      ауданы                                           ауданы

       Солтүстiк Қазақстан облысы

      Жамбыл        Богатое           - Подувальная    Петухов
      ауданы                                           ауданы
      Мамлют        Михайловка        - Октябрьское    Петухов
      ауданы                                           ауданы

         Павлодар облысы                 Новосибирск облысы

      Железин       Петропавловка     - Березовка      Купин ауданы
      ауданы
      Железин       Жамбыл            - Орловка        Купин ауданы
      ауданы        
      Успен ауданы  Қосақ             - Павловка       Карасук
                                                       ауданы
      Качир ауданы  Сұлу Ағаш         - Новокарасук    Карасук
                                                       ауданы
      Железин       Красновка         - Тереңкөл       Баған ауданы
      ауданы                            аялдамасы
      Железин       Новокузьминка     - Новокрасное    Чистоозерный
      ауданы                                           ауданы

         Солтүстiк Қазақстан облысы              Омбы облысы

      М.Жұмабаев    Круглое           - Емонтаево      Есiлкөл
      ат.аудан                                         ауданы
      М.Жұмабаев    Надежка           - Кромы          Есiлкөл
      ат. аудан                                        ауданы
      М.Жұмабаев    Қарағанды         - Украинка       Есiлкөл
      ат. аудан                                        ауданы
      М.Жұмабаев    Куломзино         - Кисляки        Называев
      ат. аудан                                        ауданы
      Ақжар ауданы  Найзатомар        - Орехово        Одесса ауданы
      Ақжар ауданы  Ұялы              - Гришковка      Одесса ауданы
      Уәлиханов     Ақтүйесай         - Громогласово   Одесса ауданы
      ауданы
      Уәлиханов     Қаратерек         - Юрьевка        Павлоград
      ауданы                                           ауданы
      М.Жұмабаев    Александровка     - Мечебилово     Полтава
      ат. аудан                                        ауданы
      М.Жұмабаев    Золотая Нива      - Новоильиновка  Полтава
      ат. аудан                                        ауданы
      Ақжар ауданы  Киевское          - Длинное        Полтава
                                                       ауданы
      Ақжар ауданы  Горьковское       - Еремеевка      Полтава
                                                       ауданы
      Ақжар ауданы  Ақсары            - Новоскатовка   Шарбақкөл
                                                       ауданы
      Уәлиханов     Қаратерек         - Алабота        Русско-Полян
      ауданы                                           ауданы
      Уәлиханов     Амангелдi         - Хлебодаровка   Русско-Полян
      ауданы                                           ауданы
      Уәлиханов     Озерное           - Калинино       Русско-Полян
      ауданы                                           ауданы

          Павлодар облысы

      Ертiс ауданы  Майқоңыр          - Голубовка      Pуcскo-Полян
                                                             ауданы
      Ертiс ауданы  Майқоңыр          - Черлакское     Нововаршав
                                                       ауданы
      Железин       Лесное            - Кузнецовка     Черлак ауданы
      ауданы

        Батыс Қазақстан облысы                Орынбор облысы

      Зеленов       Чесноково         - Рубежинский    Первомай
      ауданы                                           ауданы
      Зеленов       Раздольное        - Уcoв           Первомай
      ауданы                                           ауданы
      Зеленов       Кирсаново         - Раннее         Ташлин
      ауданы                                           ауданы
      Бөрлi ауданы  Жаңаталап         - Затонное       Илек ауданы
      Шыңғырлау     Шоқтыбай          - Озерки         Илек ауданы
      ауданы
      Шыңғырлау     Шыңғырлау         - Линевка        Соль-Илецк
      ауданы                                           ауданы

            Ақтөбе облысы

      Қобда ауданы  Жиренқопа         - Ивановка       Соль-Илецк
                                                       ауданы
      Қобда ауданы  Қоғалы            - Покровка       Соль-Илецк
                                                       ауданы
      Мәртөк        Степь             - Веселый Второй Ақбұлақ
      ауданы                                           ауданы
      Қобда ауданы  Терiсаққан        - Новомарьевка   Ақбұлақ
                                                       ауданы
      Қобда ауданы  Ақраб             - Шкуновка       Ақбұлақ
                                                       ауданы
      Мәртөк        Покровка          - Хлеборобное    Беляев ауданы
      ауданы
      Мәртөк        Студенческое      - Новый          Қуандық
      ауданы                                           ауданы
      Қарғалы       Әлiмбет           - Пригорное      Новотроицк
      ауданы                                           қаласы
      Қарғалы       Степное           - Полевой        Домбаров
      ауданы                                           ауданы
      Хромтау       Майтөбе           - Қожамберлi     Домбаров
      ауданы                                           ауданы
      Қарғалы       Көженсай          - Прибрежный     Домбаров
      ауданы                                           ауданы
      Айтеке би     Тереңсай          - Ақтөбе         Светлин
      ауданы                                           ауданы

           Қостанай облысы

      Жiтiқара       Аққарға          - Восточный      Светлин
      ауданы                            ауданы
      Жiтiқара       Жалтыркөл        - Каменецк       Адамов
      ауданы                            ауданы
      Жiтiқара       Волгоградское    - Комсомольский  Адамов
      ауданы                                           ауданы
      Жiтiқара      Бiрсуат           - Екатериновка   Кваркен
      ауданы                                           ауданы

         Батыс Қазақстан облысы                 Саратов облысы

      Тасқала       Есенсай           - Новозизеевка   Дергачев
      ауданы                                           ауданы
      Тасқала       Чижа-2            - Восточный      Дергачев
      ауданы                                           ауданы
      Жәнiбек                                          Новоузень
      ауданы        Жақсыбай          - Петропавловка  ауданы
      Қазталов      Болашақ           - Пограничное    Новоузень
      ауданы                                           ауданы
      Қазталов      Аққурай           - Шукеев         Новоузень
      ауданы                                           ауданы
      Тасқала
      ауданы        Беленькое         - Горный         Озин ауданы
      Зеленов       Карпово           - Комсомольский  Озин ауданы
      ауданы
      Зеленов       Вечный            - Холманка       Перелюб
      ауданы                                           ауданы
      Жәнiбек       Таловка           - Малый Узень    Питер ауданы
      ауданы
      Жәнiбек       Зерновая          - Нива           Питер ауданы
      ауданы
      Қазталов      Қошанкөл          - Варфоломеевка  Александрово-
      ауданы                                           Гай ауданы

         Солтүстiк Қазақстан облысы           Түмен облысы

      Қызылжар      Гайдуково        Новоалександровка Қазан ауданы
      ауданы
      Қызылжар      Долматово        - Викторовка      Қазан ауданы
      ауданы
      Қызылжар      Красный Яр       - Ельцово         Қазан ауданы
      ауданы
      Қызылжар      Сумное           - Благодатное     Қазан ауданы
      ауданы
      М.Жұмабаев    Куломзино        - Новоказанка     Сладков
      ат.аудан                                         ауданы
      М.Жұмабаев    Гаврино          - Александровка   Сладков
      ат.аудан                                         ауданы
      М.Жұмабаев    Суворовка        - Красивое        Сладков
      ат.аудан                                         ауданы
      Қызылжар      Гайдуково        - Зарослое        Бердюж
      ауданы                                           ауданы

          Қостанай облысы                 Челябi облысы

      Денисов       Комаровка        - Княженский      Бредин
      ауданы                                           ауданы
      Денисов       Приречное        - Красный         Варнен
      ауданы                           Октябрь         ауданы
      Қарабалық     Приречное        - Казановка       Варнен
      ауданы                                           ауданы
      Денисов       Подгорный        - Маслоковцы      Варнен
      ауданы                                           ауданы
      Қарабалық     Победа           - Плодовый        Троицк
      ауданы                                           ауданы
      Қарабалық     Шадықсаевка      - Ключевка        Троицк
      ауданы                                           ауданы
      Қарабалық     Подгородка       - Кварцитный      Троицк
      ауданы                                           ауданы
      Федоров       Новоукраинка     - Қаракөл         Октябрь
      ауданы                                           ауданы
      Федоров       Грачевка         - Қаракөл         Октябрь
      ауданы                                           ауданы
      Федоров       Кеңерал          - Петровский      Октябрь
      ауданы                                           ауданы
      Қарабалық     Боскөл           - Луговой         Чесмен
      ауданы                                           ауданы
      Қарабалық     Жамбыл           - Огнеупорный     Чесмен
      ауданы                                           ауданы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей  
Федерациясының Yкiметi арасындағы       
Қазақстан Республикасының және Ресей     
Федерациясының шекара маңындағы        
аумақтары тұрғындарыңың Қазақстан-Ресей   
мемлекеттік шекарасын кесiп өту тәртiбi   
туралы келiсiмге            
3-қосымша                

Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуi үшiн жарамды
ҚҰЖАТТАР ТIЗБЕСI

      Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн
      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi және шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және оның шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын, әдiлет органдары немесе ауылдық шекара маңы округтерiнiң әкiмдерi куәландырған азаматтарды тiркеу кiтабынан (тұрғындарды есепке алу кiтабынан) үзiндi көшiрме.
      3. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгi балалар үшiн). Кәмелетке толмаған адамдардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсiз жол жүруi кезiнде аталған өкiлдердiң кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруiне нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi.

      Ресей федерациясының азаматтары үшiн
      1. Ресей Федерациясы азаматының паспорты (шекаралық аумақтың елдi мекенiнде тұратындығын тiркеу туралы белгi болған жағдайда).
      2. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей азаматының паспорты және Ресей Федерациясының тiркеу есебiне алу органдары оның шекара маңындағы елдi мекенiнде тұратындығын куәландыратын үй кітапшасынан үзiндi көшiрме.
      3. Ресей Федерациясының азаматтығына қатыстылығы көрсетілген тууы туралы куәлiк (14 жасқа дейiнгi балалар үшiн). Кәмелеттік жасқа толмаған адамдардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсіз жол жүруі кезiнде кәмелетке толмаған адамдардың жол жүруіне көрсетiлген өкiлдердiң нотариалды түрде ресiмделген келісімдерінің болуы мiндеттi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады