"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы N 196 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аэроғарыш қызметі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетін таратсын;
      2) таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санын құрылатын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
      3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Агенттік таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып белгіленсін.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі".
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады