Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»27 маусымдағы
N 534 қаулысымен
бекітілген
Қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі
Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 маусымдағы
N 534 қаулысымен
бекітілген
Қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметке қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1567 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялау кезiнде өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) теңiз және өзен көлiгiмен:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тиiстi бiлiктiлiгi бар жүзбелi көлiк құралының жинақталған кеме экипажының;
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi жүзбелi көлiк құралдарының;
жүзбелi көлiк құралымен қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру мүмкiндiгiн растайтын кеме қатынасы тiркелiмi немесе бiлiктiлiк қоғамы қорытындысының;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды;
2) автомобиль көлiгiмен:
қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған меншiк құқығындағы, жалдау шарты немесе сенiмхат негiзiндегi автокөлiк құралдарының;
көлiк құралының жүргiзушiсiнде тиiстi санаттағы жүргiзушi ретiнде кемiнде 3 жыл үзiлiссiз жұмыс өтiлiнiң;
жүргiзушiнi қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
автокөлiк құралын қауiптi жүктi тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiң;
көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.