Орталық Азия университетін ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны бюджет кірісіне өтеуден босату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 540 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 наурыздағы N 255 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.17  N 255 Қаулысымен.

      2000 жылғы 31 тамыздағы Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия университетін құру жөніндегі  шартқа және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің  105-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Алматы облысының Текелі қаласында университет кампусын салу үшін жалпы алаңы 225 гектар жер учаскесі берілген кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын алғаны үшін Орталық Азия университеті ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны бюджет кірісіне өтеуден босатылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады