Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 шілдедегі N 622 Қаулысы

      Қазба трассасының өзгеруіне және электр энергиясы мен негізгі материалдар бағасының қымбаттауына байланысты суағар қазбасы және Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялау бойынша жоба құнының өсуіне байланысты, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы күрделі ахуалды жою және су деңгейін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен:
      1) суағар қазбасы және Баялдыр қалдықсақтауышын консервациялау жөніндегі жұмыстарды аяқтау үшін 183096000 (бір жүз сексен үш миллион тоқсан алты мың) теңге;
      2) Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласындағы шахта суларын сорып тастау және су деңгейін төмен түсіру жөніндегі күрделі ахуалды жою үшін 31400000 (отыз бір миллион төрт жүз мың) теңге бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады