Алматы қаласын және Алматы облысын энергиямен жабдықтаудың жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 660 Қаулысы

      Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1652 Қаулысымен.

      Алматы қаласының және Алматы облысының электр және жылу желілерін басқару жүйесін ретке келтіру, сондай-ақ оны энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1652 Қаулысымен.

       1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі - "Самұрық-Қазына" АҚ) және "Алатау Жарық компаниясы" (бұдан әрі - Қоғам) акционерлік қоғамдарының:
      Алматы қаласының және Алматы облысының коммуналдық меншігіндегі электр желілерін заңнамада белгіленген тәртіппен бұдан әрі ретімен Қоғамға беру үшін кейіннен "Самұрық-Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталына беріп, республикалық меншікке беру туралы;
      Қоғамның "Алматы жылу желілері" акционерлік қоғамы акцияларының 100 % пакетін кейіннен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беріп, республикалық меншікке өтеусіз беруі туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
      1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1652 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Алматы қаласының және Алматы облысының әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағынан туындайтын іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.23 N 1652 Қаулысымен.

      3. Алматы қаласының әкімі "Алматы жылу желілері" акционерлік қоғамымен бірлесіп, "Алматы жылу желілері" акционерлік қоғамының құрылыстарын қалпына келтіру және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) әзірлеп әрі бекітсін және мүдделі мемлекеттік органдарға оны іске асыру үшін инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар берсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Алматы қаласының әкімімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарын орындауға байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттерін бөлу жөніндегі ұсыныстарды жыл сайын беруді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады