Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 мамырдағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 669 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасында Өнеркәсіптің қорғаныс салалары кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 мамырдағы N 486  қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы»"келісім жасасу" деген сөздер»"келісімге қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Болат Советұлы Смағұловқа" деген сөздер»"Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы Оразбақовқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "келісім жасасуға" деген сөздер»"келісімге қол қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады