Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 994 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 ақпандағы N 207 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салыққа қосарланған салық салуды болдырмау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімге және оған Хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы N 994  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақта "Наталья Артемовна Коржоваға" деген сөздер "Болат Бидахметұлы Жәмішевке" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады