Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 мамырдағы N 507 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы " Астық туралы " Заңына, "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.   Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты реттеу мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан 2008 жылғы 1 қыркүйекке дейін 195000 (бір жүз тоқсан бес мың) тонна азық-түліктік астықты сатуды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады