Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N 598 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 800 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 800 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1025  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 40, 440-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына:

Мыңбай                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы            және ақпарат вице-министрі
      енгізілсін;
      мына:

"Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы               және ақпарат министрі"
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Құл-Мұхаммед               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы               және ақпарат министрі, төрағаның
                              орынбасары";
      көрсетілген құрамнан Шаханов Мұхтар Шаханұлы, Есім Ғарифолла, Сабилянов Нұртай Салихұлы, Жәмішев Болат Бидахметұлы, Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы, Школьник Владимир Сергеевич, Сапарбаев Бердібек Машбекұлы, Мамашев Талғат Асылұлы, Ермекбаев Қуаныш Ермекбайұлы, Әбжанов Хангелді, Қамзабекұлы Дихан шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады