2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 877 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

                                Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                            2008 жылғы 22 қыркүйектегі  
N 877 Қаулысымен       
мақұлданған         
      Жоба

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 4-бабының 2-тармағына сәйкес
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"1-бап

      1. Тараптар қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізуге арналған автомобиль өткізу пункттерін (бұдан әрі - автомобиль өткізу пункттері) салу жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. Автомобиль өткізу пункттері орналасатын жерлер жергілікті жер рельефінің физикалық-географиялық жағдайын, инфрақұрылым мен жол желісінің дамуын негізге ала отырып, Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының консультациялары жолымен айқындалады.
      2. Тараптар мемлекеттерінің Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында автомобиль өткізу пункттерін абаттандыруды    жүзеге асыратын атқарушы билік органдары Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті органдары болып табылады.
      3. Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының
арасында техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы тәртібін
айқындайды.
      Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары техникалық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері бойынша қосымша келісімдер жасай алады.
      4. Қазақстан Тарабы Қазақстан Республикасының аумағында
1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша автомобиль өткізу пункттерін салуды
жүзеге асырады.
      Ресей Тарабы Ресей Федерациясының аумағында 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша автомобиль өткізу пункттерін салуды жүзеге асырады.
      5. Көрсетілген қосымшалар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып
табылады.";
      2) Келісімге 1, 2-қосымшалар осы Хаттамаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
      3) 3-баптың 2-4-тармақтары алынып тасталсын.

2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Хаттаманың әрекеті Келісімнің әрекет ету мерзіміне қолданылады.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
      200__ жылғы "___" _______ ________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.

      Қ аза қ стан Республикасыны ң       Ресей Федерациясыны ң
      Ү кіметі ү шін                   Ү кіметі ү шін

2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының  
Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен 
бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу
туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
      туралы хаттамаға                   
1-қосымша                       

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей   
Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей
мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау жүргізілетін
      автомобильдік өткізу пункттерін салу туралы келісімге
1-қосымша                      

    Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау
     өткізуге арналған автомобиль өткізу пункттерінің тізбесі  

Р/с
N
Өткізу
пункті-
нің
атауы
Абаттан-
дыруды
аяқтау
мерзімі
Шекаралас
өткізу
пункті
Болжамды жобалық өткізу
мүмкіндігі, авт./тәулік
жалпы жүк жолау-
шылар
жеңіл
1 2 3 4 5 6 7 8

1.

Шарбақты

2004 ж.

Құлынды

485

80

25

380

2.

Ауыл

2004 ж.

Веселоярск

255

25

20

200

3.

Қарақоға

2004 ж.

Исилькуль

395

30

15

350

4.

Обаған

2004 ж.

Звериноголовское

395

80

15

300

5.

Жайсан

2005 ж.

Сагарчин

740

110

30

600

6.

Өрлітөбе

2005 ж.

Ольховка

750

120

30

600

7.

Үбе

2005 ж.

Михайловка

400

70

10

320

8.

Құрманғазы

2007 ж.

Қараөзек

340

80

10

250

9.

Бидайық

2008 ж.

Одесское

300

70

200

30

10.

Жаңа жол


Петухово





11.

Қайрақ


Бугристое





12.

Тасқала


Озинки





13.

Сырым


Маштаково





14.

Ақсай


Елек





15.

Қосақ


Павловка





16.

Әлімбет


Орск





17.

Қоянбай


Малиновое озеро





18.

Жезкент


Горняк





       2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
      Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен
бақылау өткізілетін автомобиль өткізу пункттерін салу
      туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу
      туралы хаттамаға                 
      2-қосымша                     

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей  
Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-ресей
мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау жүргізілетін
      автомобильдік өткізу пункттерін салу туралы келісімге
2-қосымша                           

Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бірлескен бақылау өткізуге арналған автомобиль өткізу пункттерінің тізбесі

Р/с
N
Өткізу
пунктінің
атауы
Абаттан-
дыруды
аяқтау
мерзімі
Шекаралас
өткізу
пункті
Болжамды жобалық өткізу
мүмкіндігі, авт./тәулік
жалпы жүк жолау-
шылар
жеңіл
1 2 3 4 5 6 7 8

1.

Петухово

2004 ж.

Жаңа жол

1500

650

50

800

2.

Бугристое

2004 ж.

Қайрақ

2000

300

100

1600

3.

Озинки

2005 ж.

Тасқала

250

90

6

154

4.

Маштаково

2008 ж.

Сырым

1000

150

30

820

5.

Елек

2008 ж.

Ақсай

500

100

20

380

6.

Павловка

2008 ж.

Қосақ

500

100

20

380

7.

Орск

2009 ж.

Әлімбет

1000

150

50

800

8.

Малиновое озеро

2010 ж.

Қоянбай

500

100

70

330

9.

Горняк

2010 ж.

Жезкент

1000

150

50

800

10.

Құлынды


Шарбақты





11.

Веселоярск


Ауыл





12.

Исилькуль


Қарақоға





13.

Звериноголовское


Обаған





14.

Сагарчин


Жайсан





15.

Ольховка


Өрлітөбе





16.

Михайловка


Үбе





17.

Қараөзек


Құрманғазы





18.

Одесское


Бидайық






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады