"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу және агроөнеркәсіптік кешеннің жекелеген бағыттарын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 қазандағы N 909 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентiнің  Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2009.05.12 N 685 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу және агроөнеркәсіптік кешеннің жекелеген бағыттарын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу және агроөнеркәсіптік кешеннің жекелеген бағыттарын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N Ю, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-кұжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; 2008 жылғы 7 шілдеде "Егемен Қазақстан", 2008 жылғы 6 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 27 маусымдағы Заңы ; 2008 жылғы 12 шілдеде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияяланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке және заңды тұлғалардың нысанды және арнаулы киімді киіп жүруі (пайдалануы) мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы ; 2008 жылғы 22 шілдеде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңы ; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы ; 2008 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы ):
      1) 309-1-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы бөліктермен толықтырылсын:
      "9. Ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент сатқан мемлекеттік астық ресурстарын астықты қайта өңдеу ұйымдарының мақсатсыз пайдалануы -
      жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Отандық астық өндірушінің астық туралы заңнамалық актіде көзделген мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттемелерін орындамауы -
      жеке кәсіпкерлерге, шағын және орта кәсіпкерлік субъетілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
      2) 576-4-баптың бірінші бөлігі "309-1 (бесінші, алтыншы" деген сөздерден кейін ", тоғызыншы, оныншы" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж., N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23,142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 жылғы 26 шілдеде "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы):
      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) агент - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын акцияларының (үлестерінің) бір жүз пайызы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдингке немесе оның еншілес кәсіпорнына тиесілі занды тұлға;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 12-1), 23-1), 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) ақша резерві — мемлекеттік астық ресурстарын сатудан түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің сатып алу бағасынан төмен бағамен ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану кезінде туындаған шығынын өтеу үшін пайдаланылатын (сату шығыстарын ескере отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві;";
      "12-1) отандық астық өндіруші - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және астық өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға;";
      "23-1) астықты нысаналы пайдалану - ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент сатқан мемлекеттік астық ресурстары астықты қайта өңдеу ұйымдарының тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында сатылатын нан өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін пайдалануы;";
      "27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті орган тиісті жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ішкі нарықта қалыптасқан бағаны ескере отырып белгілейтін баға;";
      2) бүкіл мәтін бойынша "отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер", "ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер" деген сеөздер тиісті септеуде "отандық астық өндірушілер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентті айқындайды;";
      3) тармақша "сақталу" деген сөзден кейін ", жаңарту, орнын ауыстыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "9-1) астықты экспорттаушылардың мемлекеттік ресурстарға экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаста есептелетін астық жеткізуі көлемін айқындайды;
      9-2) астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алынатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін бекітеді.";
      4) 6-бапта:
      2-2) тармақшада "және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дұрыстығы" деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) уәкілетті органның аймақаралық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық қабылдау кәсіпорындарының астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу ережелерін сақтауын бақылау;";
      мынадай мазмұндағы 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27) тармақшалармен толықтырылсын:
      "21) уәкілетті органның аймақаралық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми қолданымдары негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуын және сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеру;
      22) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квоталарын бекіту;
      23) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдау;
      24) агент пен отандық астық өндіруші (экспорттаушы) арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту;
      25) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығынан астық жеткізу туралы агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы шарттың үлгі нысанын бекіту;
      26) астықты қайта өңдеу мен нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік ресурстары астығынан өндірілген ұнды сату, астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдарының рентабелділігі деңгейі бар, шартының үлгі нысанын бекіту;
      27) осы Заңның 12-3-бабының 1-тармағында көзделген астық экспорттаушылардың міндеттемелерін сақтауы туралы нысанды бекіту және растауларды беру.";
      5) 6-1-бапта:
      тақырыбы "Облыстың" деген сөзден кейін ", республикалық маңызы бар қаланың, астананың" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) мемлекеттік астық ресурстарына тиісті облыстың отандық астық өндірушілерінің астық жеткізуі көлемін бекіту;
      14) отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттерін орындауын бақылау.";
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін бәсекелі сектор қамтамасыз өтпейтін астық қажеттілігі өтінімдерін уәкілетті органға тапсыру;
      2) астықтың ішкі нарығын реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан астық сату үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын, мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығынан өндірілген ұнды сату үшін нан пісіру ұйымдарын тендер негізінде айқындау;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарынан сатып алынатын астықтың құнын ішінара өтеу;
      4) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау жатады.";
      6) 6-2-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану;";
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) ақша резервін қалыптастыру;
      1-2) жергілікті атқарушы органның сұрауы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін беру.";
      4) тармақша алып тасталсын;
      7) 7-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкілетті органның аймақаралық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың ресми жолданымдары негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.";
      8) мынадай мазмұндағы 7-1, 7-2-баптармен толықтырылсын:
      "7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық
      ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттерін орындауын
      бақылауды жүзеге асыру тәртібі
      Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттерін орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында облыстың жергілікті атқарушы органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) агенттен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін сұрайды;
      2) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындамаған отандық астық өндірушілерге осы міндетті орындағанын растау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді;
      3) отандық астық өндіруші мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағанын растамаған жағдайда оған бір ай ішінде астық туралы заңнаманы бұзушылықты жою туралы ұйғарым береді;
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.
      7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын
      және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын нысаналы
      пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
      1. Ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына агент сатқан мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығы нысаналы пайдалануға жатады.
      2. Ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын сату үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты астықты қайта өңдеу ұйымдарының сатылатын астықты нысаналы пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы болып табылуы тиіс.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын астықты қайта өңдеу ұйымдарының нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) растайтын құжаттармен қоса астықты қайта өңдеу ұйымдарынан ішкі нарықты реттеу мақсатында агент сатқан мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын пайдаланғаны туралы
мәліметтер сұрайды;
      2) астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын нысаналы пайдаланғаны туралы мәліметтер бермеген жағдайда астықты қайта өңдеу ұйымына бір ай ішінде астық туралы заңнаманы бұзушылықты жою туралы ұйғарым береді;
      3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.";
      9) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік астық ресурстарын азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланған кезде астықты тиеп жөнелту, тасымалдау және сертификаттау жөніндегі қызметтер агенттің астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауын қамтамасыз ететін басым (бірінші кезектегі) тәртіппен беріледі.";
      10) 10-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстарының астығын астықты қайта өңдеу ұйымдарына сату;
      4-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын сатып алу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарына кредит беру;
      4-3) ақша резерві қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарының астығын сату кезіндегі агенттің шығыстарын өтеу;";
      11) 11-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Мемлекеттік астық ресурстары";
      1-тармақ 4) тармақшадағы "ресурстарынан" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту, гуманитарлық көмек көрсету, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта, оның ішінде оны реттеу үшін де сату үшін құрылған және арналған астықтары.
      Мемлекеттік сатылатын ресурстар мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастырғанға дейін және (немесе) олар жетіспеген жағдайда ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесімен белгіленген тәртіпте пайдаланыла алады.";
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қажеттілігін бәсекелі сектормен қамтамасыз етілмеген бөлігінде қамтамасыз ету арқылы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және астықтың ішкі нарығын реттеу үшін құрылған және арналған астық қорлары.";
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін — бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін — Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9-тармақтармен толықтырылсын:
      "7. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланған кезде астықтың құны мен гуманитарлық жүкті жеткізу жөніндегі шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      8. Мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен (сату шығыстарын ескере отырып) ішкі нарықты реттеу үшін пайдалану кезінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттары талаптарына сай бағаланған шығын ақша резервінің қаражаты есебінен өтеледі.
      Ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда агенттің залалы бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      9. Мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланған кезде туындаған агенттің залалын өтеу үшін агент уәкілетті органға ақша қаражатын бөлу негізділігін растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актілері, темір жол жүк құжаттары және басқалары) ұсынады.";
      12) мынадай мазмұндағы 11-1,11-2-баптармен толықтырылсын:
      "11-1-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру
      1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
      1) агенттің астық өндірісіне өнімді бөлу туралы келісімдер негізінде отандық астық өндірушілерге қаржы ресурстарын беру жолымен қатысуы;
      2) отандық астық өндірушінің офертасы негізінде астық сатып алу;
      3) осы Заңның 11-2-бабына сәйкес отандық астық өндірушілерден астық сатып алу;
      4) осы Заңның 12-3-бабына сәйкес астық экспорттаушылардан астық сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астықты төлеу сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      3. Астық мемлекеттік астық ресурстарына астық қол хаттарына индоссамент жасау арқылы жеткізіледі.
      4. Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру агентке басқаруға берілетін мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырылады.
      5. Агент күнтізбелік жылдың соңына дейін мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуды қамтамасыз етеді.
      11-2-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық
      ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті
      1. Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында отандық астық өндірушілер осы баптың талаптарына сәйкес тиісті жылғы 15 қазаннан кешіктірмейтін мерзімде бірінші кезектегі тәртіппен агентпен мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартын жасауға міндетті.
      2. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу мөлшері астықтың жалпы түсіміне пайыздық арақатынаспен жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі және отандық астық өндірушілерге хабарланады.
      Астық жеткізу мөлшері тиісті облыстың барлық отандық астық өндірушілері үшін тең болуы тиіс.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары отандық астық өндірушілердің агентке астықты бекітілген жеткізу мөлшері шегінде сатуын қамтамасыз етеді.
      4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындау отандық астық өндіруші мен үшінші тұлға арасындағы астық сату шартының міндетті шарты болып табылады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақтамаған жағдайда астық сату шарты уәкілетті органның, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының немесе агенттің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген отандық астық өндірушілердің міндеті:
      1) отандық астық өндірушінің астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке тиісті жылғы 15 қазанға дейін жіберілген кезде агент мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру белгіленген көлемде аяқталуы себебімен астық жеткізу шартын жасаудан бас тартқан жағдайда;
      2) отандық астық өндіруші агентпен өнімді бөлу туралы келісім жасаған жағдайда орындалған болып есептеледі. Бұл ретте келісімдерде көзделген ағымдағы жылы мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс.
      6. Мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу жөніндегі міндеттерін орындаған отандық астық өндірушілер туралы ақпарат тиісті жылдың төртінші тоқсанында уәкілетті органның, агенттің сайтына орналастырылады.";
      13) 12-бапта:
      1-тармағы алып тасталсын;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Агент Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын тиісінше басқармағаны үшін жауапкершілік жүктейді.";
      14) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Астық экспорттаушылар мемлекеттік статистика органдарына Қазақстан Республикасының статистикалық қызмет туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін тізбе, нысандар бойынша және мерзімдерде мемлекеттік статистикалық есептілік беруге міндетті.";
      15) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
      "12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық
      ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті
      1. Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген экспортталатын көлемге пайыздық арақатынаспен астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
      2. Мемлекеттік астық ресурстары осы Заңның 11-1-бабының
1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемде қалыптастырыла алмайтын жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
      3. Астық экспорттаушылар күнтізбелік жылдың соңына дейін мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізуге міндетті.
      4. Астық экспорттаушы астықты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кедендік органдарына уәкілетті органның мемлекеттік ресурстарға астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы растауын беруге міндетті.
      5. Егер агент астық экспорттаушының астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке тиісті жылғы 30 желтоқсанға дейін жіберілген кезде мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру белгіленген көлемде аяқталуы себебімен астық жеткізу шартын жасаудан бас тартса, астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті орындалған болып есептеледі.";
      16) 14-бап 3) тармақшадағы "босатуға" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) мемлекеттік ресурстар астығын басым (бірінші кезекте) тәртіппен қабылдауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтамасыз етуге";
      17) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Астық қабылдау кәсіпорындары мен басқа да астық нарығына қатысушылардың мемлекеттік статистика органдарына беретін мемлекеттік статистикалық есептілігінің тізбесі, нысандары және мерзімдері Қазақстан Республикасының статистикалық қызмет туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес белгіленеді.";
      18) 33-2-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшаның бесінші абзацында "және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дұрыстығы" деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы "енгізуді" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) уәкілетті органның аймақаралық аумақтық органдарының бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың және мемлекеттік органдардың ресми үндеулері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушылардағы астықтың іс жүзіндегі болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеруді";
      3-тармақта "мен астық нарығы мониторингін" деген сөздер алып тасталсын, "бақылау" деген сөз "бақылауды" деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6,42-құжат; N 18, 145-құжат):
      1) 1-бапта:
      13) тармақшада "мемлекеттік ресурстардан" деген сөздер "астықтан басқа, ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақшада:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг құратын" деген сездер "құрылған, акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық холдинг болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ", сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
      16) тармақша "ауыл шаруашылығы өнімін" деген сөздердің алдынан "астықтан басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Атаулы субсидиялау:
      1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы шынайы мемлекеттік статистикалық есептілік беру туралы агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған;
      2) субсидия алушы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүзеге асырылады.".
       2-бап. Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады