Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 1266 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне білім беру объектілерін салуды аяқтауға Астана қаласының бюджетін дамытуға арналған нысаналы трансферттерді аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1300000000 (бір миллиард үш жүз миллион) теңге, оның ішінде мынадай инвестициялық жобаларға: "Астана қаласында Қарталы көшесінде 1200 орындық мектеп салу" - 100000000 (бір жүз миллион) теңге, "Астана қаласында Жангелдин көшесінде 1200 орындық мектеп салу" - 600000000 (алты жүз миллион) теңге, "Астана қаласында сол жақ жағалауда 3-шағын аудан бірінші тұрғын ауданында 1200 орынға арналған мектеп салу" - 536555900 (бес жүз отыз алты миллион бес жүз елу бес мың тоғыз жүз) теңге, "Астана қаласында Московская көшесінің бойынан 1200 орындық мектеп салу" - 63444100 (алпыс үш миллион төрт жүз қырық төрт мың бір жүз) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады