Байланыс формасы

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 451 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.05.2017 № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;

      2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.

      2.Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 630-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 31, 329-құжат);

      3) "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 492-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 451 қаулысымен
бекітілген

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 № 969 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Р/с №

Әмбебап қызметтердің атауы

Қолжетімділік деңгейі

1

2

3

1.

Жергілікті телефон байланысы қызметтері

Елді мекендерде* жеке** және/немесе ұжымдық*** қолжетімділік ұйымы

2.

Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке** сымсыз қолжетімділік қызметтері (01.01.2015 жылдан бастап кемінде 1536 Кбит/с)

Елді мекендерде*:

2013 жылы аудан орталығы мәртебесі бар және одан жоғары;

2014 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп;

2015 жылға қарай барлық елді мекендерде*

3.

Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық*** қолжетімділік қызметтері

Елді мекендерде*:

2013 жылы тұрғындар саны 3000 және одан да көп;

2014 жылы тұрғындар саны 1000 және одан да көп;

2015 жылға қарай барлық елді мекендерде*

      

      Ескертпе:

      * Елді мекен "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес айқындалады.

      ** Жеке қолжетімділік:

      1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады;

      2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнайы ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

      *** Ұжымдық қолжетімділік:

      1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тәсілдердің бірімен іске асырылады:

      таксофондарды орнату;

      осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады);

      2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес айқындалады) іске асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 451 қаулысымен
бекітілген

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету кезінде әмбебап қызмет көрсету операторы (бұдан әрі - Оператор) шеккен шығындарды өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау тәртібін (бұдан әрі - Субсидиялар) анықтайды.

      2. Селолық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар, егер бұл конкурс нәтижелерімен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді осы аумақта ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілерінің үстем байланыс операторына шарт негізінде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиіс.

      3. Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар субсидияланбайды.

      4. Субсидиялар мөлшерін айқындау кезінде Оператор қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін (бұдан әрі - бөлек есеп) жүзеге асыруға міндетті.

      5. Қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, субсидиялар мөлшері конкурстың нәтижелері бойынша немесе үстем байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу талаптарымен анықталады.

      6. Субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Оператордың бөлек есебінің деректерін ескере отырып айқындайды.

      Бөлек есептің деректерін нақтылау үшін уәкілетті орган Оператордан ол тиісті сұрауды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынатын ақпаратты сұрайды.

2. Субсидиялар төлеу тәртібі

      7. Операторға төленетін субсидиялар мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауы қажет және телекоммуникацияның залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығыстар мен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Нақты кірістер шығыстардан асып түсетін телекоммуникацияның әмбебап қызмет түрлерінің кірісі субсидияланбайды.

      8. Операторларға субсидиялар уәкілетті орган мен Оператор арасында ағымдағы жылға арналған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуге жасалған шарттың (бұдан әрі - Шарт) негізінде тоқсан сайын нақты көрсетілген телекоммуникацияның әмбебап қызметтері көлеміне төленеді.

      9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері, көлемі және сапасы туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.25 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін Операторға залалдарды өтеу үшін Уәкілетті орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар мөлшері туралы ведомость жасайды.

      11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 22-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.11.25 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Телекоммуникацияның
әмбебап қызметтерінің
құнын субсидиялау ережесіне
1-қосымша

Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20__жылғы____тоқсандағы деректер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 № 969 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2014.11.25 № 1231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Оператор жұмысының өңірі

Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде

Нақты кірістер, мың теңге

1

2

3

4


Жергілікті телефон байланысы қызметтері



Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері



Барлығы:

      

      Оператор _____________

      Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ___________________

Телекоммуникацияның ұжымдық қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы
20___жылғы_______тоқсандағы деректер

Оператор жұмысының өңірі

Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде

Нақты кірістер, мың теңге

1

2

3

4


Жергілікті телефон байланысы қызметтері



Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығымен ұжымдық қолжетімділік қызметтері



Барлығы:


      Оператор _____________

      Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ______________________

20__ жылғы ____ тоқсандағы телекоммуникацияның көрсетілген
әмбебап қызметтерінің сапасы туралы деректер

Р/с

Көрсеткіштің атауы / норматив

Өлшем бірлігі

Нақты мәні

1

2

3

4

1

Нормативтік мерзімдері бұзылып қаралған өтініштер саны – 15 күн

бірлік


2

Нормативті асатын мерзімдере жүргізілген қосылыстардың саны (дауысты телефония) – 30 күннен асырмай

бірлік


3

Есепті кезеңде жойылған зақымданулардың саны (дауысты телефония), оның ішінде:

бірлік


1

кәбілдік – 120 сағат

бірлік


2)

желілік-абоненттік – 24 сағат

бірлік


3)

станциялық – 60 минут

бірлік


4

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың саны (дауысты телефония), оның ішінде:

бірлік


1)

кәбілдік – 120 сағат

бірлік


2)

желілік-абоненттік – 24 сағат

бірлік


3)

станциялық – 60 минут

бірлік


5

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың пайызы (дауысты телефония) – есепті кезеңдегі барлық зақымданулардың 2 %-ынан көп емес

%


6

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жүргізілген қосылыстардың саны (Интернет) – 30 күннен көп емес

бірлік


7

Есепті кезеңде жойылған зақымданулардың саны (Интернет), оның ішінде:

бірлік


1)

станциялық – 24 сағат

бірлік


2)

терминалдық – 24 сағат

бірлік


8

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімдерде жойылған зақымданулардың саны (Интернет), оның ішінде:

бірлік


1)

станциялық – 24 сағат

бірлік


2)

терминалдық – 24 сағат

бірлік


9

Нормативтік мерзімнен асатын мерзімде жойылған зақымданулардың пайызы (Интернет) – есепті кезеңдегі барлық зақымданулардың 2 %-ынан көп емес

%


  Телекоммуникацияның
әмбебап қызметтерінің
құнын субсидиялау ережесіне
2-қосымша

Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы_____тоқсанға арналған ведомость

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.09.2013 № 969 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Оператор жұмысының өңірі

Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы

Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде

Шығыстар, мың теңге (3*4)

Нақты кірістер, мың теңге

Субсидиялар мөлшері, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7


Жергілікті телефон байланысы қызметтері






Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері






Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге

      

      Уәкілетті орган _____________

      Уәкілетті адамның Т.А.Ә.______________

Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы
20__жылғы____тоқсанға арналған ведомость

Оператор жұмысының өңірі

Телекоммуникацияның әмбебап қызметінің атауы

Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны, теңге

Көрсетілген қызметтер көлемі, тарифтеу бірліктерінде

Шығыстар, мың теңге (3*4)

Нақты кірістер, мың теңге

Субсидиялар мөлшері, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7


Жергілікті телефон байланысы қызметтері






Интернет желісіне кемінде 1024 Кбит/с қосылу жылдамдығы мен жеке сымсыз қолжетімділік қызметтері






Субсидиялар мөлшерінің жиыны, мың теңге


      Уәкілетті орган _______

      Уәкілетті адамның Т.А.Ә.__________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады