"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 сәуірдегі N 521 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж.,  N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат; 2008 ж., N 1, 1-құжат; N 28, 263-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта "55" деген цифрлар "57" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы               Министрінің орынбасары, төрағаның
                              орынбасары

      Комиссия мүшелері:

Ищанов                      - Қазақстан Республикасы Парламенті
Қайрат Қыдырбайұлы            Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің
                              төрағасы (келісім бойынша)

Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғабидолла Рахматоллаұлы       Министрі Кеңсесінің Басшысы

Марченко                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович        Төрағасы

Әбдіқалықова                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы             халықты әлеуметтік қорғау министрі

Түсіпбеков                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы             министрі

Сүлейменов                  - Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мұратұлы                және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

      мына:

"Шөкеев                     - Премьер-Министрінің орынбасары,
Өмірзақ Естайұлы              төрағаның орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Шөкеев                     - Қазақстан Республикасы
Өмірзақ Естайулы              Премьер-Министрінің бірінші орынбасары,
                              төрағаның орынбасары";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан М.С. Өтебаев, Б.Ә. Сағынтаев, Ә.Ғ. Сәйденов, Б.М. Сапарбаев, Ғ.О. Пірматов, З.Я. Балиева шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады