Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 913 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 913 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитетінің өңіраралық көліктік бақылау
инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта
ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары —
мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Ақтөбе қаласындағы "Батыс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы "Ертіс" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      3. Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Талдықорған қаласындағы "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      4. Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы "Каспий" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      5. Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      6. Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша Қарағанды қаласындағы "Сарыарқа" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

      7. Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірігу жолымен Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Көкшетау қаласындағы "Солтүстік" өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы болып.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 913 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 622 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады