Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) ХХХ Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 1059 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына сапалы даярлануын және табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) құрамы;
      2) Ванкувердегі (Канада) және Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдердің мөлшері бекітілсін.
      2. Ұйымдастыру комитеті жылына кемінде екі рет отырыстарында облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің спортшыларды Азия және Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жоспарларының орындалуы туралы есептерін тыңдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетімен, спорт түрлері бойынша республикалық федерациялармен (қоғамдық бірлестіктермен)(келісім бойынша) бірлесіп:
      спортшыларды кезекті 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы, 2010 жылғы Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына, 2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
      1) Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы), Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) Азия ойындарына, 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада), 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және (Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарына даярлану бойынша үміткер спортшыларға қаржылық қолдау көрсету және 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) қысқы XXI Олимпиада ойындарына, 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар алу үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
      2) оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу процесі тереңдетілген  спорт түрлері бойынша мамандандырылған сыныптар, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектептерін ашу жөнінде шаралар қабылдау;
      3) жылына кемінде екі рет әкімдіктің отырыстарында спортшылардың Гуанчжоудағы (Қытай Халық Республикасы), Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан Республикасы) Азия ойындарына, 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада), 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарына қатысуға даярлануы және 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) қысқы XXI Олимпиада ойындарына және 2012 жылғы Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға лицензиялар алу мәселелерін қарау ұсынылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрі Т.М. Досмұхамбетовке жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 13 шілдедегі
N 1059 қаулысына   
1-қосымша      

Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті
2010 жылғы Ванкувердегі (Канада) XXI қысқы
Олимпиада ойындарына, 2010 жылғы Гуанчжоудағы
(Қытай Халық Республикасы) 16-шы Азия ойындарына,
2011 жылғы Астана және Алматы қалаларындағы (Қазақстан
Республикасы) 7-ші қысқы Азия ойындарына және 2012 жылғы
Лондондағы (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама
Корольдігі) XXX Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау
жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.10.07 № 1149 Қаулысымен.

Мәсімов                       - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы               Министрі, төраға

Ермегияев                     - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы             және спорт министрі, төрағаның
                                орынбасары

Жақсыбеков                    - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы             министрі

Жәмішев                       - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы               министрі

Жұмағалиев                    - Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы                 және ақпарат министрі

Жұмағұлов                     - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы              ғылым министрі

Қайырбекова                   - Қазақстан Республикасының
Салидат Зекенқызы               Денсаулық сақтау министрі

Камалиев                      - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы                 коммуникация министрі

Қасымов                       - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы      министрі

Келімбетов                    - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы                 Экономикалық даму және сауда министрі

Құл-Мұхаммед                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Мұхтар Абрарұлы                 министрі

Омаров                        - Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы                спорт вице-министрі

Досмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Темірхан Мыңайдарұлы            Олимпиада комитетінің президенті
                                (келісім бойынша)

Досымбетов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Тимур Камалұлы                  Олимпиада комитетінің бас хатшысы
                                (келісім бойынша)

Жампейісов                    - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қайыргелді Масығұтұлы           спорт министрлігі Спорт комитетінің
                                «Ұлттық штаттық командалар және
                                спорт резерві дирекциясы»
                                республикалық мемлекеттік қазыналық
                                кәсіпорнының директоры

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 13 шілдедегі
N 1059 қаулысымен   
бекітілген    

Ванкувердегі (Канада) және Лондондағы (Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Олимпиада ойындарының
жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына
арналған біржолғы төлемдердің мөлшері

      1-орын - 250 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде
      2-орын - 150 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде
      3-орын - 75 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде
      4-орын - 30 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде
      5-орын - 10 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде
      6-орын - 5 000 АҚШ долларына баламалы мөлшерде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады