"Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1247 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 18, 156-құжат; 2000 ж., N 17, 168-құжат; 2003 ж.,  N 45, 486-құжат; 2007 ж., N 14, 160-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ережеде:
      13-тармақтың бірінші абзацындағы "100" және "25" деген цифрлар тиісінше "500" және "125" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      18-тармақта:
      бірінші абзацтағы "бес" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (Комиссия төрағасы)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады