Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1414 Қаулысы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ханзада Ахмед Бен Абдель Азиз аль Саудқа (Сауд Арабиясы) 2009 жылғы 1 қазан - 15 қараша кезеңінде Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде 15 (он бес) дарақ жек дуадақты өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін.
      3. Жек дуадақты аулағаны үшін ақы ставкасы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Маңғыстау облысының әкімі көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады