"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 1673 Қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Заңның жобасын ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 603 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы
Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын
салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және
салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны
ратификациялау туралы

      Астанада 2008 жылғы 26 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі,
      Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы  конвенция жасасуға ниет білдіре отырып,
      мыналар туралы уағдаласты:

1-бап
Конвенция қолданылатын тұлғалар

      Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе  екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар

      1. Осы Конвенция оларды алу әдісіне қарамастан, Уағдаласушы  мемлекеттің немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін қызметақының немесе жалақының жалпы сомасына салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан немесе табыстың немесе капиталдың жеке элементтерінен алынатын барлық салық түрлері, сондай-ақ капитал құнының өсіміне салынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледі.
      3. Осы Конвенция қолданылатын қазіргі салықтар атап айтқанда мыналар болып табылады:
      а) Люксембург Ұлы Герцогтігінде:
      (і) жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы;
      (іі) корпорациялық салық;
      (ііі) капиталға салынатын салық; және
      (iv) коммуналдық сауда салығы (бұдан әрі - "Люксембург салығы" деп аталатын);
      b) Қазақстан Республикасында:
      (і) корпорациялық табыс салығы;
      (іі) жеке табыс салығы;
      (ііі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (бұдан әрі - "Қазақстан салығы" деп аталатын).
      4. Конвенция күшіне енген күннен кейін қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына салынатын кез келген бірдей немесе табысқа және капиталға салынатын мәні бойынша ұқсас салықтарға да осы Конвенция қолданылады. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің тиісті салық заңнамаларындағы кез келген елеулі өзгерістер туралы бірін-бірі хабардар етеді.

3-бап
Жалпы ережелер

      1. Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін термин:
      а) "Люксембург" Люксембург Ұлы Герцогтігін білдіреді және географиялық мағынада қолданғанда Люксембург Ұлы Герцогтігінің аумағын білдіреді;
      b) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын білдіреді және географиялық мағынасында қолданғанда "Қазақстан" термині оның заңнамасына және ол қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аумағын және Қазақстан өзінің егемендік құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймақтарды қамтиды;
      с) "тұлға" жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бірлестігін қамтиды;
      d) "компания" салық салу мақсаттары үшін корпорациялық құрылым ретінде қарастырылатын кез келген корпорациялық құрылымды немесе кез келген экономикалық бірлікті білдіреді;
      е) "кәсіпорын" кез келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылады;
      f) "Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" және "екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны" тиісінше Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
      g) "халықаралық тасымал" теңіз немесе әуе кемесі екінші Уағдаласушы пункттері арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен кез келген тасымалды білдіреді;
      h) "құзыретті орган" мыналарды білдіреді:
      (і) Люксембургте: Қаржы министрін немесе оның уәкілетті өкілін;
      (іі) Қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның уәкілетті өкілін;
      і) "Ұлттық тұлға" мыналарды білдіреді:
      (і) Уағдаласушы мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (іі) осы Уағдаласушы мемлекеттің қолданыстағы заңнамасының негізінде осындай мәртебе алған кез келген заңды тұлғаны, серіктестікті немесе қауымдастықты;
      j) "кәсіпкерлік қызмет" кәсіби қызметтерді және тәуелсіз сипаттағы басқа да қызметті орындауды қамтиды;
      k) "Уағдаласушы мемлекет" және "екінші Уағдаласушы мемлекет" түпмәтінге байланысты Қазақстанды немесе Люксембург Ұлы Герцогтігін  білдіреді;
      l) "капитал" осы Конвенцияның 21-бабының мақсаттары үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді және қолма-қол ақша қаражатын, акцияларды немесе мүліктік құқықтарды растайтын басқа да құжаттарды, вексельдерді, облигацияларды немесе басқа да борыштық міндіттемелерді, сондай-ақ патенттерді, сауда белгілерін, авторлық құқықтарды немесе басқа да осыған ұқсас құқықты немесе мүлікті қамтиды (бірақ олармен шектелмейді);
      m) "пул" осы Конвенцияның мақсаттары үшін халықаралық тасымалдауда жүктерді тасымалдау бойынша контейнерлерді бірлесіп пайдалануды жүзеге асыратын, оларды пайдаланудан түсетін пайда жалпы қорға жиналатын және пулды құру туралы келісімге сәйкес бөлінетін тұлғалардың бірлестігін де білдіреді.
      2. Уағдаласушы мемлекет осы Келісімді кез келген уақытта қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы мемлекеттің заңнамасы бойынша осы кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаны иеленеді, осы мемлекеттің қолданылатын салық заңнамасы бойынша терминнің кез келген мағынасы осы мемлекеттің басқа заңдары бойынша терминге берілетін мәннен гөрі басымдыққа ие болады.

4-бап
Резидент

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы мемлекеттің резиденті" термині осы мемлекеттің заңнамасы бойынша оның тұратын жері, резиденттігі, азаматтығы, басқару орны немесе осындай сипаттағы кез келген басқа өлшем негізінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны білдіреді, сондай-ақ мемлекеттің өзін, оның кез келген орталық және жергілікті билік органдарын қамтиды. Алайда бұл термин осы мемлекетте осы мемлекеттегі көздерден алынатын табысқа қатысты ғана немесе онда орналасқан капиталға қатысты салық салынуға жататын кез келген тұлғаны қамтымайды.
      2. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, онда оның мәртебесі мынадай түрде айқындалады:
      а) ол өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы бар мемлекеттің ғана резиденті болып саналады; егер оның иелігінде мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмірлік мүдделер орталығы) бар мемлекеттің резиденті болып саналады;
      b) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе егер оның мемлекеттердің ешқайсысында өзінің иелігіндегі тұрақты баспанасы болмаса, онда ол өзі әдетте тұрып жатқан мемлекеттің резиденті болып саналады;
      с) егер ол әдетте мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың біреуінде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын мемлекеттің резиденті болып саналады;
      d) егер резиденттің мәртебесі а) - с) тармақшаларына сәйкес айқындалмаған болса, Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы мәселені өзара келісім бойынша шешеді.
      3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға  Уағдаласушы мемлекеттердің екеуінің де резиденті болып табылса, ол тиімді басқару орны орналасқан мемлекеттің ғана резиденті болып саналады.

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині   кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын білдіреді.
      2. "Тұрақты мекеме" термині атап айтқанда мыналарды қамтиды:
      а) басқару орны;
      b) бөлімше;
      с) кеңсе;
      d) фабрика;
      е) шеберхана; және
      f) шахта, мұнай немесе газ ұңғымасы, кеніш, қондырғы, құрылыс немесе табиғи ресурстарды барлайтын немесе өндіретін басқа да кез келген кен орны.
      3. Егер құрылыс алаңы немесе құрылыс немесе монтаждау жобасы 12  айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған болса ғана, олар тұрақты мекемені құрайды.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан, "тұрақты мекеме" термині мыналарды қамтитын ретінде қарастырылмайды:
      а) құрылыстарды тек кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін пайдалану;
      b) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткізіп тұру мақсаттары үшін ұстау;
      с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсіпорынның өңдеу мақсаттары үшін ұстау;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін немесе кәсіпорынға ақпарат жинау үшін ұстау;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсіпорын үшін дайындық немесе көмекші сипаттағы кез келген басқа қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін ұстау;
      f) осындай амал нәтижесінде туындайтын тұрақты қызмет орнының жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а) тармақшасынан бастап е) тармақшасына дейін санамаланған қызмет түрлерінің кез келген амалын жүзеге асыру үшін ғана ұстау.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер оған 6-тармақ қолданылатын тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы мемлекетте басқа Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының атынан әрекет етсе, онда бұл кәсіпорын осы тұлғаның кәсіпорын үшін қолға алатын кез келген қызметіне қатысты бірінші аталған Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылады, егер мұндай тұлғаның:
      а) осы мемлекетте кәсіпорын атынан келісім-шарттар жасауға өкілеттіктері болса және оны әдеттегідей пайдаланып жүрсе, егер мұндай кәсіпорынның қызметі 4-тармақта айтылған қызмет түрлерімен ғана шектелмесе, егер оларды кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орны арқылы жүзеге асырса да бұл кәсіпкерлік қызметтің тұрақты орнын осы тармақтың ережелеріне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса; немесе
      б) мұндай өкілеттіктері болмаса, бірақ кәсіпорын атынан тұрақты негізде тауарларды немесе бұйымдарды жеткізіп тұратын бірінші аталған мемлекетте тауарлар немесе бұйымдар қорын әдеттегідей ұстап тұрса. Егер салық салуды болдырмау мақсатында бірінші аталған мемлекетте мұндай тұлға тұрақты негізде тауарларды немесе бұйымдарды жеткізуді жүзеге асырып қана қоймай, сату бойынша келісім-шарттың өзін іс жүзінде жасаспай тауарларды немесе бұйымдарды сатуға байланысты барлық қызмет түрін іс жүзінде жүзеге асыратын болса, жоғарыдағы сөйлемнің ережелері қолданылмайды.
      6. Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін осы Уағдаласушы мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшін ғана, осындай тұлғалар өздерінің әдеттегі  қызметі шеңберінде әрекет жасаған жағдайда Уағдаласушы мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы екінші мемлекетте (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы фактісі өзінен өзі осы компаниялардың бірін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдырмайды.

6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы мемлекет резидентінің екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алған табысына (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табысты қоса алғанда) осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. "Жылжымайтын мүлік" термині қаралып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша қандай мағынасы болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншігіне қатысты жалпы құқық ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктін және минералды ресурстарды, қорларды және басқа да табиғи ресурстарды игергені үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе тіркелген төлемдерге құқықтарды немесе игеруге арналған құқықты қамтиды; теңіз, өзен және әуе кемелері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
      3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. 1 және 3-тармақтардың ережелері кәсіпорынның жылжымайтын мүлкінен алынатын табысқа қолданылады.

7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда

      1. Егер тек кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмаса, Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының пайдасына тек осы мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда айтылғандай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда кәсіпорынның пайдасына екінші мемлекетте, бірақ осындай тұрақты мекемеге қатысты бөлігіне ғана салық салынуы мүмкін.
      2. Осы баптың 1-тармағына қатысты, тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға ұқсас немесе бірдей тауарларды немесе бұйымдарды сатудан алынған пайда, сондай-ақ өзінің сипаты бойынша тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке ұқсас немесе бірдей басқа кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан алынған пайда тұрақты мекеме орналасқан мемлекетте, бірақ осы тұрақты мекемеге қатысты бөлігінде ғана салық салынуы мүмкін.
      3. 4-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса, онда әрбір Уағдаласушы мемлекетте осы тұрақты мекемеге егер ол оқшау және дербес кәсіпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан толық тәуелсіз әрекет жасағанда алуы мүмкін пайда жатқызылады.
      4. Тұрақты мекеменің пайдасын анықтау кезінде шығыстар тұрақты мекеме орналасқан мемлекетте немесе одан тысқары жерде жұмсалғанына қарамастан, негізді бөлінген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын қоса алғанда, тиісті түрде құжатпен расталған, тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жұмсалған шығыстарды шегеруге жол беріледі.
      5. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарлар немесе бұйымдар сатып алуының негізінде ғана осы тұрақты мекемеге қандай да болмасын пайда есептелмейді.
      6. Алдыңғы тармақтардың мақсаттары үшін тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртіпті өзгерту үшін жеткілікті және дәлелді себептері болмаса, жылма-жыл біркелкі тәсілмен анықталады.
      7. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жеке айтылатын кірістердің түрлерін қамтыса, онда бұл баптардың ережелері осы баптың ережелерін қозғамайды.
      8. Осы бап әріптестікке қатысудан түскен табысқа да қолданылады. Ол әріптестің әріптестік қызметте атқарған әріптестікте қатысқан және несиелер бергені үшін немесе мүліктік құндылықтарды  бергені үшін, егер мұндай сыйақылар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес, әріптестің осы тұрақты мекемеден алған табыстарына жатса әріптестің алған сыйақыларына да қолданылады.

8-бап
Теңіз және әуе көлігі

      1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті теңіз немесе әуе кемелерін  халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 1-тармақтың ережелері пулға, көлік құралдарын пайдалану жөніндегі бірлескен кәсіпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады.

9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер
      а) Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса немесе сол бір тұлғалар  Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе капиталына тікелей  немесе жанама түрде қатысса,
      және а) мен b) тармақшаларында айтылған жағдайларда екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда олардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсіпорынның пайдасына қосылуы және оған тиісінше салық салынуы мүмкін.
      2. Егер Уағдаласушы мемлекет екінші Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының осы екінші мемлекетте салық салынған пайдасын осы мемлекет кәсіпорнының пайдасына қосса әрі тиісінше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған мемлекеттің кәсіпорнына есептелетіндей болса, егер екі кәсіпорынның арасындағы өзара қатынас тәуелсіз кәсіпорындардың арасында жасалатын жағдайлардай болса, онда осы екінші мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзету жасайды. Осындай түзетуді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа да ережелері ескерілуі тиіс және Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары қажет болған кезде бір-бірімен консультация жүргізіп отыруға тиіс.

10-бап
Дивидендтер

      1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендтеріне осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда резиденті дивидендтер төлейтін компания болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкін, бірақ егер дивидендтердің іс жүзіндегі иесі екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болса, онда осындай жолмен алынатын салық:
      а) егер іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания капиталының ең болмағанда 15 процентіне тікелей иелік ететін компания (серіктестіктен өзге) болса, дивидендтердің жалпы сомасының 5 процентінен;
      b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен аспауға тиіс.
      Осы тармақ дивидендтер төленетін пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" термині осы бапта пайдаланылған кезде ол акциялардан, "joissance" акцияларынан немесе "joissance" құқықтарынан, тау-кен өнеркәсібі компанияларының акцияларынан, құрылтайшылардың акцияларынан немесе борыштық талаптар болып табылмайтын, пайдаға қатысуға құқық беретін басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлуші компания резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтік құқықтардан алынатын табысты және пайдаға бара-бар және инвестордың күрделі шығындарының негізінде төленетін коммерциялық, өнеркәсіптік, тау-кен өндірісі немесе кәсіпшілік кәсіпорнының пайдасындағы оның үлесін, сондай-ақ, егер оның үстіне, проценттің тіркелген ставкасы, басқаға беру құқығы (қаржыландыру) бөлінбеген пайдаға сәйкес өзгеретін үстеме проценттерге берілетін болса, проценттерді және борыштық міндеттемелерді білдіреді.
      4. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын дивиденттердің іс жүзіндегі иесі дивидендтерді төлейтін компания резиденті болып отырған екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және төленіп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компания екінші Уағдаласушы мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы екінші мемлекет мұндай дивидендтер осы екінші мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг осы екінші мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге шын мәнінде қатысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтін дивидендтерден қандай да болсын салық ала алмайды, егер тіпті төленетін дивидендтер немесе бөлінбеген пайда осы екінші мемлекетте пайда болған табыстан толығымен немесе ішінара құралса да, бөлінбеген пайдаға салық салынбайды.
      6. Осы Конвенцияда еш нәрсе Уағдаласушы мемлекетке осы мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның табыстарына есептелетін салыққа қосымша, осылайша кез келген қосымша алынатын салық мұның алдындағы салық салынатын жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған осындай табыс сомасының 10 процентінен аспауы тиіс жағдайда, осы мемлекеттегі тұрақты мекемеге қатысты компанияның табысынан салық алуға тосқауыл бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда осы тармақта аталған қосымша салыққа қарағанда өзге де, одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте өндіріп алынатын барлық салықты шегеріп тастағаннан кейін анықталады.

11-бап
Проценттер

      1. Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда мұндай проценттерге олар пайда болатын Уағдаласушы мемлекетте және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы проценттердің нақты иесі бола тұрып, екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, онда алынатын салық проценттерінің жалпы сомасының 10 процентінен аспауы тиіс.
      3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан:
      а) Қазақстан Республикасында пайда болатын проценттер, егер олар:
      і) Люксембургтің Үкіметіне;
      іі) Люксембургтің жергілікті билік органына;
      ііі) Люксембургтің Орталық Банкіне;
      іv) "Societe Nationale de Credit et d Investissement" компаниясына;
      v) Люксембург Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісілуі мүмкін кез келген басқа ұйымға төленсе, Қазақстан Республикасында салықтан босатылады.
      b) Люксембургте пайда болатын проценттер, егер олар:
      і) Қазақстан Республикасының Үкіметіне;
      іі) Қазақстан Республикасының кез келген орталық немесе жергілікті билік органына;
      ііі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;
      іv) "Қазына" орнықты даму қорына;
      Қазақстан Республикасының Үкіметіне толығымен тиесілі, Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары арасында келісілуі мүмкін кез келген басқа ұйымға төленсе, Люксембургте салықтан босатылады.
      4. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан:
      а) егер берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырылған қарызға немесе кез келген басқа борыштық талапқа немесе "L Office du Ducroire" кепілдік берген немесе сақтандырған кредитке қатысты проценттер төленсе, Қазақстанда пайда болатын және Люксембургтің резидентіне төленетін проценттер Қазақстанда салықтан босатылады;
      b) егер берілген, кепілдік берілген немесе сақтандырылған қарызға немесе кез келген басқа борыштық талапқа немесе "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы кепілдік берген немесе сақтандырған кредитке қатысты проценттер төленсе, Люксембургте пайда болатын және Қазақстанның резидентіне төленетін проценттер Люксембургте салықтан босатылады.
      5. "Проценттер" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген және борышкерлердің пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін кез келген түрдегі борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкіметтік/мемлекеттік бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар және міндеттемелер бойынша төленетін сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Алайда "проценттер" термині 10-бапта аталған табысты қоспайды. Осы баптың мақсаттары үшін төленбеген төлемдер үшін айыппұлдар проценттер ретінде қарастырылмайды.
      6. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын проценттердің іс жүзіндегі иесі проценттер пайда болатын екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және өзіне қатысты проценттер төленетін борыштық талабы шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
      7. Егер төлеуші осы мемлекеттің резиденті болып табылса, проценттер Уағдаласушы мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер проценттерді төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па осыған қарамастан Уағдаласушы мемлекетте проценттер төленетін қарыз пайда болған тұрақты мекемесі болса және мұндай проценттерді осындай тұрақты мекеме төлейтін болса, онда мұндай проценттер тұрақты мекеме орналасқан мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
      8. Егер проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасындағы айрықша қатынастардың себебінен оның негізінде төленетін борыштық талапқа қатысты проценттердің сомасы проценттер төлеуші мен олардың нақты иесі арасында осындай қатынастар болмаған кезде келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес бұрынғысынша салық салынуға жатады.
      9. Егер өзіне қатысты проценттер төленетін борыштық талаптардың жасалуына немесе берілуіне байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осы борыштық талаптарды жасау немесе беру жолымен осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.

12-бап
Роялти

      1. Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы екінші Уағдаласушы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы мемлекетте және осы Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ, егер алушы роялтидің нақты иесі бола тұра екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылса, онда осындай тәсілмен алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауға тиіс.
      3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық қамтымды, кинематографиялық фильмдерді қоса алғанда, әдебиет, өнер немесе ғылым туындыларына, кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе осындай құқықты пайдалануға бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми тәжірибеге қатысты ақпарат үшін сыйақы ретінде алынатын төлемдердің кез келген түрін және өнеркәсіптік, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергені үшін төленетін төлемдерді білдіреді.
      4. Егер Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын роялтидің нақты иесі роялти пайда болатын екінші Уағдаласушы мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және роялти өздеріне қатысты төленетін құқық немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
      5. Егер төлеуші осы мемлекеттің резиденті болып табылса, роялти  Уағдаласушы мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер роялти төлеуші тұлға Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табыла ма немесе жоқ па, оған қарамастан Уағдаласушы мемлекетте роялти міндеттемесі пайда болған тұрақты мекемесі болса және мұндай роялтиді осы тұрақты мекеме төлесе, онда мұндай роялти тұрақты мекеме орналасқан мемлекетте пайда болды деп есептеледі.
      6. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында немесе сол екеуі мен қандай да болсын басқа бір тұлғаның арасында айрықша қатынастар болу салдарынан оның негізінде төленетін пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа жататын роялтидің сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес салық салынуы тиіс.
      7. Егер өзіне қатысты роялти төленетін құқықты жасауға немесе беруге байланысты кез келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда табу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.

13-бап
Мүлік құнының өсімінен алынатын табыстар

      1. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті 6-бапта анықталған және екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айырудан алған табыстарға осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте мұндай тұрақты мекемені (жеке немесе бүкіл кәсіпорынмен қоса) иеліктен айырудан алынған табыстарды қоса алғанда, иеленіп отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікке осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін немесе мұндай теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануға қатысты жылжымалы мүлікті иеліктен айырудан алған табыстарға тек осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Мыналарды:
      а) ресми танылған Қор биржасында елеулі және тұрақты негізде сатылатын акцияларды, қатысу құқықтарын немесе компанияның немесе басқа заңды тұлғаның (Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табыла ма, оған қарамастан) капиталындағы басқа құқықтарды, негізінен Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен тұратын мүлікті қоспағанда, акцияларды;
      b) Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікпен қаншалықты байланысты екендігін ескере отырып, серіктестіктегі қатысу үлесін (Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табыла ма, оған қарамастан) иеліктен айыру нәтижесінде алынған табыстарға,
      осы мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      Осы тармақтың мақсаттары үшін "жылжымайтын мүлік" термині (а) тармақшасында ескерілген компаниялардың акцияларын немесе серіктестікте қатысу үлесін қамтиды.
      5. Алдыңғы тармақтарда айтылғаннан өзге кез келген мүлікті иеліктен айырудан алынатын табыстарға мүлікті иеліктен айыратын тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.

14-бап
Жалданып істейтін жұмыстан алынатын табыстар

      1. 15, 17 және 18-баптардың ережелерін ескере отырып, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті жалданып істеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осындай сыйақыға егер жалданып жұмыс істеу екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалмаса, тек осы мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып істейтін жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған сыйақыға осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, екінші Уағдаласушы мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс істеуіне байланысты Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған сыйақыға тек бірінші айтылған мемлекетте салық салынады, егер:
      а) алушы тиісті күнтізбелік жыл басталатын немесе аяқталатын кез келген он екі айлық кезеңде жалпы алғанда 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екінші мемлекетте болса; және
      b) сыйақыны екінші мемлекеттің резиденті болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақы төлеу жөніндегі шығыстарды жалға алушының екінші мемлекетте бар тұрақты мекемесі көтермесе.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан Уағдаласушы мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесінің бортында орындалатын жалданып істейтін жұмысқа қатысты алынған сыйақыға осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынуы мүмкін.

15-бап
Директорлардың қаламақылары

      Екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Уағдаласушы мемлекеттің резиденті алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.

16-бап
Артистер мен спортшылар

      1. 7 мен 14-баптың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің резиденті театр, кино, радио немесе телевидение артисі немесе музыкант ретінде немесе спортшы ретінде екінші Уағдаласушы мемлекетте жүзеге асыратын өзінің жеке қызметінен алған табысына осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер өнер қызметкері немесе спортшы өзінің осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметінен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7 және 14-баптардың ережелеріне қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы мемлекетте салық салынады.

17-бап
Зейнетақылар

      1. 18-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес бұрын жүзеге асырған жұмысы үшін Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін зейнетақылар мен басқа төлемдерге осы мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төленетін зейнетақыларға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға (бір жолғы төлемдерді қоса алғанда), мұндай төлемдер ақысы төленген салымдардан немесе алушының немесе оның атынан зейнетақы схемасына сәйкес құрылған резервтерден төленсе және осындай салымдар, резервтер немесе зейнетақылар немесе басқа осыған ұқсас сыйақы оның салық заңнамасының қарапайым нормаларына сәйкес бірінші айтылған мемлекетте  салық салынуға тартылғанда, бірінші айтылған мемлекетте ғана салық салынады.

18-бап
Мемлекеттік қызмет

      1. а) Жеке тұлғаға осы мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдары үшін жүзеге асырған қызметіне Уағдаласушы мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдары төлейтін зейнетақыға қарағанда қызметақыға, жалақыға және басқа осыған ұқсас сыйақыға осы мемлекетте ғана салық салынады:
      b) Алайда, мұндай қызметақыға, жалақыға және басқа да ұқсас  сыйақыға егер қызмет осы мемлекетте жүзеге асырылса және осы мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлға:
      і) осы мемлекеттің азаматы болып табылса; немесе
      іі) қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осы мемлекеттің резиденті болмаса, тек екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) Жеке тұлғаға осы мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органдары үшін жүзеге асырған қызметіне Уағдаласушы мемлекет немесе оның орталық немесе жергілікті билік органы төлейтін  кез келген зейнетақыға осы мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда мұндай зейнетақыға егер жеке тұлға осы екінші мемлекеттің резиденті және азаматы болып табылса, тек екінші Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      3. 14, 15, 16 және 17-баптардың ережелері Уағдаласушы мемлекет немесе оның орталық және жергілікті билік органдары жүзеге асыратын  кәсіпкерлік қызметке байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

19-бап
Оқытушылар, мұғалімдер мен студенттер

      1. Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында тікелей екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын және тек білім алу немесе практикадан өту мақсатында бірінші айтылған мемлекетте болған студент немесе практикант өзін ұстау, білім алу немесе практикадан өту мақсаты үшін алатын төлемдерге осы сома көздері осы мемлекеттен тысқары жерде болған жағдайда, осы мемлекетте салық салынбайды.
      2. Осы мемлекеттің немесе университеттің, колледждің, мектептің, мұражайдың немесе осы мемлекеттің басқа мәдениет мекемесінің шақыруы бойынша немесе осындай мекемелерде тек оқыту, дәріс оқу немесе зерттеулерді жүзеге асыру мақсатында екі жылдан аспайтын кезеңге ресми мәдени алмасу бағдарламасы бойынша келген немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе осы сапарға дейін тікелей резиденті болып табылған жеке тұлға сондай төлемдерді ол осы мемлекеттен тысқары жерден алса, осындай қызмет үшін оның сыйақысына бірінші айтылған мемлекетте салықтан босатылады.

20-бап
Басқа да табыстар

      1. Осы Конвенцияның алдыңғы баптарында айтылмаған Уағдаласушы мемлекет резидентінің табыс түрлеріне оның пайда болу көзіне қарамастан, тек осы мемлекетте ғана салық салынады.
      2. 6-баптың 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүліктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табыстарды алушы Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола тұра, екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырса және табыс төлеу жүргізілуіне байланысты құқық немесе мүлік іс жүзінде осындай тұрақты мекемеге байланысты болса, 1-тармақтың ережесі қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.

21-бап
Капитал

      1. Уағдаласушы мемлекет резидентіне тиесілі және екінші Уағдаласушы мемлекетте орналасқан, 6-бапта айтылған жылжымайтын мүлік ретінде ұсынылған капиталға осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорны екінші Уағдаласушы мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлік ретінде ұсынылған капиталға осы екінші мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалда пайдаланатын теңіз және әуе кемелерімен және осындай теңіз немесе әуе кемелерін пайдалануға байланысты жылжымалы мүліктен ұсынылған капиталға осы Уағдаласушы мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Уағдаласушы мемлекеттің резиденті капиталының барлық басқа элементтеріне тек осы мемлекетте ғана салық салынады.

22-бап
Қосарланған салық салуды болдырмау

      1. Қосарланған салық салуды болдырмауға қатысты оның негізгі қағидаттарын қозғамайтын Люксембург заңының ережелерін ескере отырып, қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргізіледі:
      а) Егер Люксембург резиденті осы Конвенцияның ережелеріне Сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталды иеленсе, Люксембург b) және с) тармақшаларының ережелерін ескере отырып, табысты немесе капиталды салық салудан босатады, бірақ резиденттің қалған табысына немесе капиталына салық сомасын есептеу үшін, табыс салықтан босатылмағандағы салық ставкаларын қолдануы мүмкін.
      b) Егер Люксембург резиденті 10, 11, 12 және 16-баптардың ережелеріне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкін табыс алса, Люксембург салықтан жеке тұлғалардың табысын немесе осы резиденттің корпоративтік салығынан Қазақстанда төленген салыққа тең соманы шегеріп тастайды. Алайда мұндай шегерім Қазақстанда алынған осындай табыс түрлеріне жатқызылған шегерімді тапсырғанға дейін есептелген салықтың бір бөлігінен аспауы тиіс.
      с) а) тармақшасының ережелері, егер Қазақстан осы Конвенцияның ережелерін табысты немесе капиталды салықтан босату үшін осы Конвенцияның ережелері қолданса немесе 10, 11, немесе 12-баптардың 2-тармағының ережелерін осындай табысқа қолданса, Люксембург резиденті алған табысқа немесе оған тиесілі капиталға қолданылмайды.
      2. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргізіледі:
      а) Егер Қазақстанның резиденті осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес Люксембургте салық салынуы мүмкін табыс алса немесе капиталға ие болса, Қазақстан:
      і) осы резиденттің табысына салынатын салықтан Люксембургте төленетін табыс салығына тең соманы шегеріп тастауға;
      іі) осы резиденттің капиталына салынатын салықтан Люксембургте төленген капиталға салынған салыққа тең соманы шегеріп тастауға мүмкіндік береді.
      Осындай шегерімдер кез келген жағдайда ахуалға қарай Люксембургте салық салынуы мүмкін табысқа немесе капиталға жатқызылған шегерім жасалғанға дейін есептелген табысқа немесе капиталға салынатын салықтың бір бөлігінен аспауы тиіс.
      b) Егер Конвенцияның қандай да бір ережесіне сәйкес Қазақстан резидентінің алатын табысы және капиталы Қазақстанда салықтан босатылған болса, онда Қазақстан осы резиденттің табысының немесе капиталының қалған бөлігіне соманы есептеген кезде салықтан босатылған табысты немесе капиталды назарға алуы мүмкін.

23-бап
Кемсітпеу

      1. Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық тұлғалары екінші Уағдаласушы мемлекетте нақ осындай жағдайларда, атап айтқанда резиденттікке қатысты осы екінші мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және оған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға ұшырамайды.
      2. Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы мемлекеттегі тұрақты мекемесіне салық салу ұқсас қызметті жүзеге асыратын осы екінші мемлекеттің кәсіпорнына салық салуға қарағанда осы екінші мемлекетте неғұрлым қолайлы болуы тиіс. Осы ереже Уағдаласушы мемлекетті екінші Уағдаласушы мемлекеттің резиденттеріне оларды азаматтық мәртебе немесе өзінің резиденттеріне беретін отбасы жағдайлары негізінде салық салу мақсаттары үшін кез келген жеке салық жеңілдіктері мен шегерімдер беруге міндеттейтін болып түсіндірілмеуі тиіс.
      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 8-тармағының немесе 12-баптың 6-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы мемлекеттің екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсаты үшін олар бірінші айтылған Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезінде шегеріліп тастауға жатады. Уағдаласушы мемлекет кәсіпорнының екінші Уағдаласушы мемлекеттің резидентіне осыған ұқсас кез келген берешегі осындай кәсіпорынның салық салынатын капиталын айқындау мақсаты үшін бірінші аталған мемлекет резидентінің берешегі жағдайларындағыдай шегеруге жатады.
      4. Капитал екінші Уағдаласушы мемлекеттің бір немесе бірнеше резидентіне толық немесе ішінара тиесілі немесе олардың тікелей немесе жанама түрде бақылауында болатын Уағдаласушы мемлекеттің кәсіпорындары бірінші айтылған мемлекетте салық салуға немесе бірінші  айтылған мемлекеттің басқа ұқсас кәсіпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салу мен оған байланысты міндеттемелерге қарағанда онымен өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салу немесе оған байланысты кез келген міндеттемелерге бірінші айтылған мемлекетте ұшырамауы тиіс.
      5. Осы баптың ережелері, осы Конвенцияда көрсетілген салықтарға қолданылады.

24-бап
Өзара келісіп алу рәсімі

      1. Егер тұлға Уағдаласушы мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар етіп отыр деп есептесе, ол осы мемлекеттердің ішкі заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзінің ісін өзі резидент болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының қарауына немесе егер оның ісі 23-баптың 1-тармағының қолданысына түссе, өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының қарауына бере алады. Өтініш осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар еткен іс-әрекеттер туралы бірінші хабарлама берілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.
      2. Құзыретті орган, егер ол өтінішті негізді деп есептесе және егер өзі қанағаттандырарлық шешімге келе алмаса, Конвенцияға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында істі басқа Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Кез келген қол жеткізілген келісім Уағдаласушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында көзделген уақыттағы кез келген шектеуге байланыссыз орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары Конвенцияны түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәнді өзара келісім бойынша шешуге ұмтылады. Олар сол сияқты Конвенцияда көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бір-бірімен консультация өткізе алады.
      4. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары өткен тармақтарды түсінуде келісімге қол жеткізу мақсатында бір-бірімен, оның ішінде Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдарының өкілдерінен тұратын бірлескен комиссия арқылы тікелей байланысқа түсе алады.

25-бап
Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның ережелерін немесе Конвенция осы заңнама бойынша салық салу осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей дәрежеде қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы мемлекеттердің ішкі заңнамаларын орындау үшін қажет ақпаратпен алмасады. Уағдаласушы мемлекет алған кез келген ақпарат осы мемлекеттің ішкі заңнамасы шеңберінде алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндіріп алумен немесе сотпен қудалаумен немесе аппеляцияларды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкімшілік органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар осы ақпаратты ашық сот отырысы барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде ашуы мүмкін.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелері Уағдаласушы мемлекеттерге:
      а) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы мен әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
      b) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасы бойынша немесе әдеттегі әкімшілік практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беру;
      с) қандай да болмасын бір сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіптік құпияны немесе сауда процесін ашуы мүмкін ақпарат немесе ашылуы мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келуі мүмкін ақпарат беру міндеттемесін жүктейтіндей мағынада түсіндірілмейді.
      3. Егер ақпаратты Уағдаласушы мемлекет осы бапқа сәйкес талап ететін болса, екінші мемлекет оның ақпаратын тіпті, егер осы екінші мемлекет өзінің жеке салық мақсаттары үшін осындай ақпаратқа мұқтаж болмаса да, талап етілетін ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдаланады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған міндеттеме 2-тармақтың шектеулеріне бағынады, бірақ ешқандай жағдайда осындай шектеу мемлекетке осындай ақпаратқа ешқандай ішкі мүдделігінің болмағандығынан ғана, ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайтын болады.

26-бап
Салықтарды жинауға көмектесу

      1. Уағдаласушы мемлекеттер табыс талаптарын жинауға бір-біріне көмек көрсетеді. Мұндай көмек 1 және 2-баптардың қолданылуымен шектеледі. Уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдары өзара келісім бойынша осы баптың қолданылу рәсімдерін белгілей алады.
      2. Осы бапта қолданылатын "табыс талабы" термині салық салу осы  Конвенцияға немесе қатысушылары Уағдаласушы мемлекеттер болып табылатын кез келген басқа халықаралық шартқа қайшы келмейтіндей шамада 2-бапта көрсетілген салықтарға қатысты тиесілі соманы, сондай-ақ осы сомаға қатысты проценттерді, әкімшілік айыппұлдарды және оларды жинау мен сақтауға арналған шығындарды білдіреді.
      3. Егер Уағдаласушы мемлекеттің табыс талабы осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындалуы тиіс болатын және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергі келтіре алмайтын тұлға іске асыратын жағдайда, мұндай табыс талабын осы мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органы алым мақсатында таниды. Мұндай табыс талабын осы екінші мемлекеттің табыс талабы болып табылатындай табыс талабы сияқты өзінің салықтарын жинауға қатысты қолданылатын оның заңнамасының ережелеріне сәйкес екінші мемлекет жинауға тиіс.
      4. Егер Уағдаласушы мемлекеттің табыс талабы жинауды қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес сақтау жөніндегі шараларды қолданатын табыс талабы болып табылатын жағдайда, мұндай табыс талабы осы мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша екінші Уағдаласушы мемлекеттің құзыретті органының сақтауы жөніндегі шараларды қолдану мақсатында танылады. Бұл екінші мемлекет өз заңнамасының ережелеріне сәйкес осы табыс талабына қатысты сақтау жөніндегі шараларды, егер де осындай шараларды қолдану сәтінде табыс талабы алғашқы аталған мемлекетте жүзеге асырылмаса да немесе оны жинауға кедергі келтіре алатын тұлғаға тиесілі болса да осы табыс талабы осы екінші мемлекеттің табыс талабы болатыны сияқты қолданады.
      5. 3 және 4-тармақтардың ережелеріне қарамастан, 3 және 4-тармақтардың мақсаттары үшін Уағдаласушы мемлекет таныған табыс талабына осы мемлекетте уақытша шектеулер қойылуға немесе талаптың сипатына қатысты осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес табыс талаптарына қолданылатын оның басымдылығын айқындауға жатпайды. Осыған қосымша ретінде, 3 немесе 4-тармақтардың мақсаттары үшін Уағдаласушы мемлекет қабылдаған табыс талабының осы мемлекетте екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы табыс талабына қолданылатын басымдылығы болмайды.
      6. Уағдаласушы мемлекеттің табыс талабының болуына, заңдылығына немесе сомасына қатысты сот істері екінші Уағдаласушы мемлекеттің соттарына немесе әкімшілік органдарына берілмейді.
      7. Егер Уағдаласушы мемлекет 3 немесе 4-тармақтарға сәйкес сұрау салу жібергеннен кейін және екінші Уағдаласушы мемлекет тиісті табыс талабын өндіріп алып, алғашқы аталған мемлекетке бергенге дейінгі жағдайда, тиісті табыс талабы:
      а) алғашқы аталған мемлекеттің табыс талабы осы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес орындала алатын және осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны жинауға сол сәтте кедергі келтіре алмайтын тұлғаға тиесілі болатын кезде 3-тармаққа сәйкес келетін сұрау салынатын жағдайда; немесе
      b) табыс талабы, жинауды қамтамасыз ету мақсатында оған қатысты осы мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес табыс талабы сомасының сақталуы жөніндегі шараларды қолдана алатын кезде 4-тармаққа сәйкес келетін сұрау салынатын жағдайда қолданылуы тоқтатылады, алғашқы аталған мемлекеттің құзыретті органдары екінші мемлекеттің құзыретті органдарына осы факті туралы дереу хабарлайды және екінші мемлекеттің таңдауы бойынша алғашқы аталған мемлекет өзінің сұрау салуын тоқтата немесе кері қайтарып алады.
      8. Осы баптың ережелеріндегі ешқандай жағдайда да Уағдаласушы мемлекеттерге мынадай міндеттемелерді жүктеу:
      а) осы немесе екінші Уағдаласушы мемлекеттің заңнамасына және әкімшілік практикасына қайшы келетін әкімшілік шараларды қолдану;
      b) мемлекеттік саясатқа (қоғамдық тәртіпке) қайшы келетін шараларды қолдану;
      с) егер екінші Уағдаласушы мемлекет нақты жағдайға байланысты оның заңнамаларына немесе әкімшілік практикасына сәйкес табыс талабын жинау мен сақтау жөніндегі барлық тиісті шараларды қолданбаса, көмек көрсету;
      d) осы мемлекетке жүктелетін әкімшілік жүктеме екінші  Уағдаласушы мемлекет алатын пайдаға мөлшері жағынан сәйкес келмеген жағдайларда көмек көрсету ретінде түсіндірілмейді.

27-бап
Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің қызметкерлері

      Осы Конвенциядағы ештеңе де дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерінің халықаралық құқықтың жалпы нормалары беретін немесе арнайы келісімдердің ережелеріне сәйкес берілетін артықшылықтар сияқты салық артықшылықтарын қозғамайды.

28-бап
Белгілі бір компанияларды шығарып тастау

      Осы Конвенция арнайы Люксембург заңнамасына, атап айтқанда 1929 жылғы 31 шілдедегі Заңға және 1938 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлыққа сәйкес құрылған холдингтік компанияларға қолданылмайды, сондай-ақ Қазақстанның резиденті осындай компаниялардан алып отырған табыстарға және көрсетілген тұлға ие болып отырған осындай компаниялардың акциялары мен басқа да бағалы қағаздарына қолданылмайды.

29-бап
Күшіне енуі

      1. Осы Конвенция ратификациялануы тиіс және Уағдаласушы мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындағандығы туралы соңғы хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Конвенция:
      а) осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін көзден, алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;
      b) осы Конвенция күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылында салық салуға жататын табыс пен капиталға салынатын басқа да салықтарға қатысты қолданылады.

30-бап
Түзетулер

      Уағдаласушы мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар осы Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайтын хаттамалармен енгізіле алады.

31-бап
Қолданылуын тоқтату

      1. Осы Конвенция Уағдаласушы мемлекеттердің бірі оның қолданылуын тоқтатпайынша күшінде кала береді. Кез келген Уағдаласушы мемлекет Конвенция күшіне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейінгі кез келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін кемінде  алты ай қалғанда қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, Конвенцияның қолданылуын тоқтата алады.
      2. Конвенция:
      а) хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін көзден, алынған табыстан ұсталатын салықтарға қатысты;
      b) хабарлама алынған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе 1 қаңтарынан кейін басталатын кез келген салық жылында салық салуға жататын табыс пен капиталға салынатын басқа да салықтарға қатысты қолданылады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті дәрежеде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға кол қойды.

      Астана қаласында 2008 жылғы маусым айының 26 күні қазақ, француз, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

         Қазақстан                          Люксембург Ұлы
      Республикасының                       Герцогтігінің
       Үкіметі үшін                         Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады