"Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы" жобасын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қарашадағы N 1965 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес 053 "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің инфрақұрылымы объектілерінің құрылысына кредиттік ресурстар беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамына берілген бюджеттік кредит мынадай:
      1) бюджеттік кредитті игеру кезеңін 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту;
      2) есептелген сыйақыны капиталдандыра отырып, сыйақы төлеу мерзімін 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін кейінге қалдыру;
      3) бюджеттік кредиттің мерзімін 20 жылдан 21 жылға дейін ұлғайту;
      4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңін 6 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту;
      5) "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Түпкілікті қарыз алушы) үшін "Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы" жобасын (бұдан әрі - Жоба) іске асыру мақсатында мынадай:
      Жобаны қаржыландыру үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлу туралы оң шешім болған;
      Түпкілікті қарыз алушы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қытайдың Экспорт-Импорт Банкі мен "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы арасындағы бас келісім шеңберінде "Атырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химиялық кешенінің инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы" жобасын қаржыландыру жөніндегі Қытайдың Экспорт-Импорт Банкінің ниетін растайтын құжаттарды тапсырған жағдайда бюджеттік кредит қаражатын игеруге қол жетімділік шарттарымен қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті қосымша келісім жасалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады