Керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1139 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.24 № 180, 2011.03.31 N 331 Қаулыларымен.

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, мұнай өнімдерінің ішкі нарығында күрделі тапшылықты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН 2710 11 210 0 - 2710 11 250 0) басқа, керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 21 0 0 - 2710 19 250 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.24 № 180, 2011.03.31 N 331 Қаулыларымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
      2) Кеден одағы комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің қабылдауы туралы ұсыныс енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы күнтізбелік он төрт күн ішінде хабарласын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік үш күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады