Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 қарашадағы № 1177 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 9 қарашадағы
№ 1177 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Сауда-саттыққа (аукциондарға) қатысуға байланысты шығыстардың және мемлекеттік сатып алу нысаны болып табылмайтын сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын, сатып алынатын мүліктің (активтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 наурыздағы № 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 148-құжат).
      2. «Мемлекеттік монополия субъектілерінің және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 164-құжат).
      3. «Акцияларының (үлестерінің) елу және одан көп пайызы немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың (табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда) тауарларды кейіннен көтерме-бөлшек саудада сату мақсатында сатып алуы мемлекеттік сатып алу мәні болып табылмайтын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 179-құжат).
      4. «Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 257-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 мамырдағы № 481 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 519 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 22, 273-құжат).
      6. «Активтерді басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу, жекешелендіру объектілерінің құнын және олардың қаржылық жай-күйін бағалау жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, инвестициялық міндеттемелерді орындау ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 306-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдеде,№ 726 қаулысының 7-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 29, 372-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 304 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 991 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 513-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 593  қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қазандағы № 1022 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 526-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы № 205 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 11, 114-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 365 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 21, 196-құжат).
      12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 349-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады