Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1284 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы І Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткені үшін қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеуге 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 8265600 (сегіз миллион екі жүз алпыс бес мың алты жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың, пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1284 қаулысына
қосымша      

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының
мүшелерін Сингапурдағы (Сингапур) 2010 жылғы I
Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы жоғары
нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерлері

Р/с

Орын

Спорт түрі

Жарыс бағдарламасы

Спортшының Т.А.Ә.

Сингапурдағы (Сингапур) I Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Республикасының жүлдегерлеріне арналған біржолғы төлемдер

Жаттықтырушының Т.А.Ә.

Сингапурдағы (Сингапур) I Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарындағы Қазақстан Республикасы жүлдегерлерінің жаттықтырушыларына арналған біржолғы төлемдер

Барлығы, доллармен *

Барлығы, теңгемен *

доллар

теңге

доллар

теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

1

Грек-рим күресі

69 кг

Қандыбаев Жәнібек Жұмасейітұлы

10000

1476 000

Науатов Кенже Қазыкейұлы

5000

738000

15000

2214000

2

1

Ауыр атлетика

63 кг

Жаппарқұл Жазира Әбдірахманқызы

10000

1476 000

Төлегенов Рашид Рахманұлы

5000

738000

15000

2214000

3

2

Ауыр атлетика

58 кг

Чиншанло Зульфия Салахарқызы

5000

738000

Ни Виктор Геннадьевич

3000

442800

8000

1180800

4

2

Таеквондо

55 кг

Мамаев Нұрсұлтан Қамбарұлы

5000

738000

Аманқұлов Бауыржан Икрамханұлы

3000

442800

8000

1180800

5

3

Грек-рим күресі

42 кг

Баймағанбетов Ақан Бекболатұлы

3000

442800

Төкенов Қонысбек Кәрімұлы

2000

295200

5000

738000

6

3

Ауыр атлетика

77 кг

Сыбай Рүстем Серікұлы

3000

442800

Пя Евгений Леонидович

2000

295200

5000

738000

Жиыны

56000

8265600

      *2010 ж. 29.10. жағдай бойынша доллар бағамы 147,6 теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады