Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 360 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-IV Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Павлодар облысы Ақсу қаласының бірінші көтергіш арынды кәріз коллекторына, су тоғанына және сорғы станциясына қайта жаңғырту жүргізу үшін дамудың нысаналы трансферттер түрінде Павлодар облысының әкімдігіне аудару үшін 374510442 (үш жүз жетпіс төрт миллион бес жүз он мың төрт жүз қырық екі) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын заңнамада белгіленген тәртіппен бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Павлодар облысының әкімі 2010 жылғы 15 қарашадағы мерзімге дейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады