Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 328 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 365 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 328 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысындағы 2010 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2010 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 50000000 (елу миллион) теңгеден Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады