Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 328 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім, Ұлан, Тарбағатай аудандарындағы су тасқынының нәтижесінде қираған үйлердің орнына тұрғын үйлер салу және Зырян қаласында пәтерлер сатып алу үшін нысаналы даму трансферттері түрінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 2863900000 (екі миллиард сегіз жүз алпыс үш миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасындағы қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.04 № 1151 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      2-1. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысындағы 2010 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2010 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 50000000 (елу миллион) теңгеден Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару ұсынылсын.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.29 № 365 Қаулысымен.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 2010 жылғы 15 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады