Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 380 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында, Зеленов, Теректі және Тасқала аудандарында тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің электр-энергетикалық жүйелеріндегі авариялардың нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 33 565 502,8 (бір жүз отыз үш миллион бес жүз алпыс бес мың бес жүз екі теңге сексен тиын) теңге бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.21 № 1392 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімі 2010 жылға 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөніндегі есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады