"Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 506 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі №
648 және 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына
өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат; 2003 ж., № 39, 397-құжат; 2006 ж., № 26, 265-құжат):
      1-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) Қазақ ұлттық өнер университетіне;";
      2) "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Қазақ ұлттық өнер университеті".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады