Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 маусымдағы № 658 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындары тиісінше жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық ғылыми медициналық орталық», «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты», «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы», «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі - қоғамдар) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғамдар қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
      2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беруді;
      4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 28 маусымдағы
№ 658 қаулысымен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-118-жолмен толықтырылсын:
      «21-118. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ»;
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 123-126, 123-127, 123-128-жолдармен толықтырылсын:
      «123-126. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
      123-127. «Академик Б.О.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ
      123-128. «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 227-3, 227-4, 227-5, 227-6-жолдармен толықтырылсын:
      «227-3. «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ
      227-4. «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ
      227-5. «Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ
      227-6. «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады