Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 864 Қаулысы

      «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету мақсатында броньнан шығарылған дизель отынының (жазғы) құнын өтеу үшін 284516158 (екі жүз сексен төрт миллион бес жүз он алты мың бір жүз елу сегіз) теңге сомасында қаражат;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне көлік шығыстарының құнын өтеу үшін 18543344,76 теңге (он сегіз миллион бес жүз қырық үш мың үш жүз қырық терт теңге жетпіс алты тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1382 Қаулысымен.
      2. «Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «3700 (үш мың жеті жүз)» деген сөздер «3699,818 (үш мың алты жүз тоқсан тоғыз тонна сегіз жүз он сегіз килограмм)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады