Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1050 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 938 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік материалдық резерв мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860 қаулысымен;
      2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы елу жетінші, елу сегізінші және елу тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;
      шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін материалдық құндылықтарды шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;
      нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін сауда қызметінің субъектілерімен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтен шығару;»;
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 865 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860; 31.07.2014 № 865 қаулыларымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады