Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк материалдық резерв мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 248-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. «Мемлекеттiк құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi одан әрі күшейту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне қылмыстық жазалауды орындау жүйесiн және қылмыстық-атқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      12-баптың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «29) мемлекеттiк материалдық резервтiң нақты запастарын ашатын мәліметтер;».

      2. «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат):
      1) кiрiспеде:
      «мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы» деген сөздер алып тасталсын;
      «құқықтық және экономикалық» деген сөздер «қоғамдық» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) азайтылмайтын запас – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары запасының тұрақты сақталатын көлемi;
      2) броньнан шығару – материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмай не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында, сондай-ақ iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн материалдық құндылықтарды кейiннен сала отырып, мемлекеттiк материалдық резервтен шығару;
      3) жұмылдыру резервi – мемлекеттiк материалдық резервтiң  құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, бейбiт уақытта iзгiлiк көмек көрсету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
      4) материалдық құндылықтар – уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн қажет, номенклатурасын (тiзбесiн және көлемiн) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тауарлар;
      5) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке беру – материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк  материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне тиеп жөнелту (жеткiзу);
      6) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу – материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшін қабылдап алу;
      7) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервтен шығару – материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртiбiмен мемлекеттiк материалдық резервтен алып қою;
      8) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру – материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен басқа пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;
      9) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрі – мемлекеттiк резерв) – жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы;
      10) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру – мөлшерi мен сапасы бiрдей, ұқсас материалдық құндылықтарды белгiлi бiр шарттармен мемлекеттiк резервке кейiннен қайтара отырып, материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығару;
      11) мемлекеттiк резервтi жаңарту – мөлшерi бiрдей және сапасы ұқсас материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi аяқталғанға дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
      12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      13) операция жасау – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару;
      14) сақтау нормативтерi – мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөнiндегi техникалық нормативтер мен талаптар;
      15) тапсырысты орналастыру – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшін өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау;
      16) уәкiлеттi орган – атқару және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттiк резерв жүйесiне басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;

      3) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін мемлекеттiк резервтi пайдаланған жағдайда материалдық құндылықтарды алушылардың – сауда қызметi субъектiлерiнiң тiзбесiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн, сондай-ақ осы тiзбеге енгiзiлетiн сауда қызметiнiң субъектiлерiн iрiктеу критерийлерiн айқындайды;»;
      11) тармақша «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13) мемлекеттiк резервтiң жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттiк органдардың балансына беру туралы шешiм қабылдайды;
      14) мемлекеттiк резервтiң дебиторлық берешегiн есептен шығару тәртiбiн айқындайды;
      15) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;

      4) 6-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;

      5) 7-бапта:
      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) мемлекеттiк резервтiң номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервiнiң броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;»;
      8) тармақшадағы «резервтiң» деген сөз «резерв жүйесiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 11-баптың 3-тармағындағы «сертификаттау және стандарттау туралы заңдардың» деген сөздер «техникалық реттеу туралы заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 13-бапта:
      5-тармақтағы «осылай шығарудың мiндеттi шарты» деген сөздер «мiндеттi шарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттiк резервтiң тауарларын сатып алуы уәкiлеттi органда немесе оның ведомстволық бағынысындағы ұйымдарда жүргiзiледi.
      8-2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшін мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын шығару броньнан шығару тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарды қамтамасыз ету, iзгiлiк көмек көрсету үшін шығарылған материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервке кейiннен салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.»;
      11-тармақта:
      «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      «тоқсан күн iшiнде» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен белгiленген мерзiмде» деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
      «14-1-бап. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін мемлекеттiк
                 резервтен  материалдық құндылықтарды шығару тәртiбi

      1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган және агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкілетті орган тауарларға баға мониторингiн жүргiзедi және баға деңгейi нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау қажет болған жағдайға жеткен кезде уәкілетті органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды - сауда қызметiнiң субъектiлерiн, сауда үстемесiнiң көлемiн, бағасын және мөлшерiн көрсете отырып, нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін материалдық құндылықтарды шығару қажеттiгi туралы ұсыныс енгiзедi.
      2. Уәкiлеттi орган материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығаруды сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
      Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін мемлекеттiк резервтен шығарылған  материалдық құндылықтарды өткiзудi сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.»;

      9) 15-баптың 2-тармағындағы «онысы» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын, «жағдайлардың» деген сөзден кейiн «алдын алу және олардың» деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                         Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады