Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 80 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасында:
      «Жобаның атауы» деген бағанда:
      реттік нөмірі 4-жолдағы «жылына 270 мың тонна» деген сөздер алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 5-жолдағы «Ауыл шаруашылығы, жол құрылысы техникасы мен автобустар жасау» деген сөздер «Өздігінен жүретін ESSIL KЗC-740 астық жинау комбайндарын және басқа ауыл шаруашылығы техникасын шығару» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 30-жолдағы «КБФ және күкірт қышқылы цехын салу» деген сөздер «Фосфоритті концентрат шығару үшін суспензиялық-флотациялық фабрика салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 50-жол «оқшауландыру» деген сөзден кейін «. 16 кесіндіге арналған компьютерлік томографтар» деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 56-жолдағы «Шилісай фосфоритті кен орнының базасында фосфоритті тыңайтқыштар шығару өндірісін ұйымдастыру» деген сөздер «Шилісай кен орнының базасында фосфоритті ұн өндірісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 69-жолдағы «(№ 1 турбоблогы)» деген сөздер алынып тасталсын;
      «Жауапты мемлекеттік орган немесе ұлттық холдинг» деген бағанда:
      реттік нөмірі 31-жолдағы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ» деген сөздер «ОҚО әкімдігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 101-жолдағы «Алматы» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 101-жолдың «Өңір» деген бағанындағы «Алматы қаласы» деген сөздер «Астана қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Жобаға өтініш беруші» деген бағанда:
      реттік нөмірі 4-жолдағы «ұлттық көлік» деген сөздер «трансұлттық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-жолдағы «Жетісу» ӘКК» деген сөздер «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 29-жолдағы «Бәйтерек-А» АҚ» деген сөздер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 56-жолдағы «ЛТД» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      «Іске асыру мерзімі*» деген бағанда:
      реттік нөмірлері 4, 79-жолдардағы «2012 жылдар» деген сөздер «2013 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 7-жолдағы «2014 жылдар» деген сөздер «2015 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 14-жолдағы «2013 жылдар» деген сөздер «2015 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 29-жолдағы «2008 - 2011 жылдар» деген сөздер «2011 - 2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 36, 47, 61, 65, 72, 95, 100-жолдардағы «2010 жылдар» деген сөздер «2011 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 60-жолдағы «2011 жылдар» деген сөздер «2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 66-жолдағы «2010 жылдар» деген сөздер «2012 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 46-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 6-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5-жолдармен толықтырылсын:

«

6-1.

Ақбақай алтын шығару фабрикасын қайта жаңарту және жаңғырту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«АК Алтыналмас» АҚ

2010 - 2011 жылдар

6-2.

Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға жеткізе отырып, әртараптандыру және кеңейту

ИЖТМ

Жамбыл облысы

«Тараз металлургия зауыты» АҚ

2011 - 2012 жылдар

6-3.

Алтын өндіру қуатын 1 тоннаға дейін ұлғайту

ИЖТМ

Павлодар облысы

«Төрт Құдық» КБК» АҚ

2007 - 2010 жылдар

6-4.

Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін өсіре отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту

ИЖТМ

Қарағанды облысы

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ

2010 - 2015 жылдар

6-5.

Электрмен болат балқытатын кешен салу

ИЖТМ

Маңғыстау облысы

«Ақтау құйма зауыты» ЖШС

2011 - 2013 жылдар

»;

      реттік нөмірі 11-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-1-жолмен толықтырылсын:

«

11-1.

«Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту

ТСМ

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының әкімдігі

2010 - 2015 жылдар

»;

      реттік нөмірі 43-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:

«

43-1.

Әрқайсысында 1010 басқа дейін ірі қара мал репродукторлары болатын екі асыл тұқымды шаруашылығы бар 5000 басқа дейін ірі қара малды бордақылау алаңын салу

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

Ақмола облысы

«KazBeef Ltd» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

                                                            »;

      реттік нөмірі 49-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 49-1, 49-2, 49-3-жолдармен толықтырылсын:

«

49-1.

Бордақылау алаңы және ет комбинаты

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«SC Food» ЖШС

2009 - 2011 жылдар

49-2.

Бордақылау алаңы

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Щучинский қалалық сүт зауыты» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

49-3.

Сүт зауытын салу

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы

«Родина» агрофирмасы ЖШС

2010 - 2011 жылдар

»;

      реттік нөмірі 56-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 56-1, 56-2, 56-3, 56-4-жолдармен толықтырылсын:

«

56-1.

Фосфорит кенінен күрделі минералдық тыңайтқыштар шығаратын химия комбинатын салу

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Chilisai Chemicals» ЖШС

2011 - 2014 жылдар

56-2.

Катодты мыс шағаратын және кен өңдеу кешенін салу

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«KazCopper» ЖШС

2010 - 2014 жылдар

56-3.

Инфузиялық системалар шығару зауыты

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Велес Ақтөбе» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

56-4.

Жылыжай кешені

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы

«Izet Greenhouse» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

»;

      реттік нөмірі 58-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 58-1, 58-2, 58-3-жолдармен толықтырылсын:

«

58-1.

Инфузиялық ерітінділер үшін бір реттік системаларды өндіру зауытын салу, Енбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Алтомед» ЖШС

2008 - 2010 жылдар

58-2.

Инфузиялық ерітінділер және басқа дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Парентерал Драгз Қазақстан»

2010 - 2011 жылдар

58-3.

Қапшағай қаласының «Арна» өндірістік аймағында жылыжай салу

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы

«Green Land Alatau» ЖШС

2009 - 2011 жылдар

»;

      реттік нөмірі 59-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-1-жолмен толықтырылсын:

«

59-1

Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауыты

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы

«Брандо» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

»;

      реттік нөмірі 68-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-1-жолмен толықтырылсын:

«

68-1.

Бір рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысы

«Super Pharm» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

»;

      реттік нөмірі 74-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 74-1, 74-2, 74-3, 74-4, 74-5-жолдармен толықтырылсын:

«

74-1.

Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

74-2.

«Көктасжал» кен орны базасындағы тау-кен кешенін кеңейту

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Алтай полиметалдар» ЖШС

2011 - 2014 жылдар

74-3.

Тазартылған мыс өндіретін зауыт салу

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Сары Қазына» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

74-4.

Репродуктор және бордақылау алаңын құру

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Астро-АГРО» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

74-5.

Астықты терең қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы

«Номад» ЖШС

2010 - 2011 жылдар

»;.

      реттік нөмірі 86-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 86-1-жолмен толықтырылсын:

«

86-1.

Сұйық дәрілік нысандарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын фармацевтикалық кешен

Маңғыстау облысының әкімдігі

Маңғыстау облысы

«Медикал фарм Ча-Кур» ЖШС

2008 - 2011 жылдар

»;

      реттік нөмірі 93-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 93-1-жолмен толықтырылсын:

«

93-1.

Күйдірілген анод өндірісі

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ

2008 - 2012 жылдар

»;

      реттік нөмірі 100-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 100-1, 100-2, 100-3, 100-4-жолдармен толықтырылсын:

«

100-1.

Гемодиализ үшін қоюлатылған ерітінді шығару

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«BIRUNIFARM» ЖШС

2009 - 2010 жылдар

100-2.

«DOSFARM» ЖШС-нің жұмыс істеп тұрған дәрілік заттар өндірісін жаңғырту

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«DOSFARM» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

100-3.

Тактикалық буынның (УҚТ және ҚТ белдеулерінің) радиобайланыс құралдарының өндірісін құру

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Талес Қазақстан Инжиниринг» БК» ЖШС

2010 жыл

100-4.

Полимерлерден бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын медициналық зауыт салу

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы

«Жұлдыз Кенан» ЖШС

2010 - 2012 жылдар

»;

      реттік нөмірі 101-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 102-жолмен толықтырылсын:

«

102.

Бетон, темір-бетон бұйымдары мен құрастырмаларын шығаратын зауыт

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы

«АБК Мақсат» ЖШС

2005 - 2010 жылдар

»;

      Ескертпеде: аббревиатураларды толық ашуда:
      «КБФ - кен байыту фабрикасы» деген жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      бір апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарына енгізілетін жаңа жобалар тізбесін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен келіссін;
      екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           K. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады