Қорғаныс мұқтажы үшін жер учаскелерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 548 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13, 120-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының жерінен жалпы алаңы 1,0431 гектар жер учаскелері қорғаныс мұқтажы үшін тұрақты жер пайдалану құқығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріне берілсін.
      2. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер - Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 20 мамырдағы
№ 548 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелеріне тұрақты жер пайдалану құқығында берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

р/с

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуы

Жер учаскесінің орналасқан жері

1.

«Ақмола облысы Степногорск каласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,0855

әкімшілік ғимаратқа қызмет көрсету үшін

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 1-шағын ауданы, № 22 ғимарат

2.

«Ақмола облысы Зеренді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,266

әкімшілік ғимаратқа қызмет көрсету үшін

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі № 6

3

«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

0,22

әкімшілік ғимаратқа қызмет көрсету үшін

Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Кенесары көшесі № 26

4.

«Лениогор қалалық әскери комиссариаты» мемлекеттік мекемесі

0,4716

әкімшілік ғимаратты орналастыру үшін

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі № 3


Жиыны:

1,0431


 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады