Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жөніндегі үлгілік ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 862 қаулысымен

«Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысына
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 377-IV Заңына сәйкес, тиісті салалық қызметтерде ҚР заңнамасын сақталуын мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі өзгеріске ұшырады.
      Атап айтқанда жеке кәсіптік субъектілердің Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделмеген талаптар тексеру парақтарына енгізілуге жатпайды және бұл талаптар тексеру барысында жеке кәсіптік субъектілерге қойылмайды.
      Осыған орай, 2011 жылғы 5 шілдеде № 452-IV «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін объектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды (бұдан әрі - Заң), онда Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ереженi бекiту құзыреті ЕЖХӘҚМ алынып тасталып ҚР Үкіметі құзыретіне орнықты.
      Осы Заңды жүзеге асыру мақсатында «Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi жөнiндегi үлгiлiк ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1219 қаулысы қабылданды.

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз