Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкiметiнің арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қазандағы № 1230 Қаулысы

      Мемлекеттер арасындағы екіжақты байланысты тереңдету және Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін құқықтық негіз жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкiметiнің арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрi Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкiметiнің арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 29 қазандағы
№ 1230 қаулысымен
мақұлданған   

      жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік
Республикасы Үкiметiнің арасындағы Табысқа салынатын салықтарға
қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан
жалтаруға жол бермеу туралы
келісім

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкiметi екі Уағдаласушы Мемлекет арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды нығайтуға және дамытуға ұмтылысты басшылыққа ала отырып, Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісім жасасуға ниет бiлдiре отырып,
      төмендегілер туралы келiстi:

1-бап
Келісім қолданылатын тұлғалар

      Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылатын тұлғаларға қолданылады. 

2-бап
Келісім қолданылатын салықтар

      1. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның жергiлiктi билiк органдарының атынан алынатын табысқа салынатын салықтарға оларды алу әдiсiне қарамастан қолданылады.
      2. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi иелiктен айырудан алынған табыстарға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн қызметақының немесе жалақының жалпы сомасынан алынатын салықтарды, сондай-ақ капитал құнының өсiмiне салынатын салықтарды қоса алғанда, табыстың жалпы сомасынан немесе табыстың жекелеген элементтерiнен алынатын салықтардың барлық түрлерi табысқа салынатын салықтар болып есептеледi.
      3. Осы Келісім қолданылатын қазіргі салықтар, атап айтқанда мыналар болып табылады:
      а) Қазақстанда:
      (i) корпоративтік табыс салығы;
      (ii) жеке табыс салығы;
      (бұдан әрi «Қазақстан салығы» деп аталатындар)
      b) Вьетнамда:
      (i) жеке тұлғалардан табыс салығы;
      (ii) кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысқа салынатын салық.
      (бұдан әрi «Вьетнам салығы» деп аталатындар)
      4. Осы Келісімге қол қойылған күннен кейiн қолданыстағы салықтарға қосымша немесе олардың орнына алынатын бiрдей немесе мәнi бойынша ұқсас кез келген салықтарға да осы Келісім қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өз Мемлекеттерінің тиісті ұлттық салық заңнамаларында болатын кез келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етеді. 

3-бап
Жалпы анықтамалар

      1. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келісімнің мақсаттары үшiн:
      а) «Қазақстан» терминi Қазақстан Республикасын бiлдiредi. Географиялық мағынада қолданған кезде «Қазақстан» терминi оның заңнамасына және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзiнiң егемендiк құқықтары мен заңды құзырын жүзеге асыра алатын аймағын қамтиды;
      b) «Вьетнам» терминi Вьетнам Социалистік Республикасын бiлдiредi. Географиялық мағынада қолданған кезде ол оның бүкіл мемлекеттік аумағын, аралдарын, халықаралық суларын, аумақтық теңізі мен оның үстіндегі әуе кеңістігін, ұлттық заңнама мен халықаралық құқыққа сәйкес оларға қатысты Вьетнам Социалистік Республикасы егемендiгін, егемендiк құқықтарын және заңды құзырын жүзеге асыратын теңіз түбі мен олардың қойнауын қоса алғанда, аумақтық теңіз шегінен тыс жатқан теңіз жағалауын бiлдiредi;
      с) «тұлға» терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн қамтиды;
      d) «компания» терминi кез келген корпоративтік құрылымды немесе салық салу мақсаттары үшiн корпоративтік құрылым ретiнде қаралатын кез келген экономикалық бірлікті бiлдiредi;
      е) «Уағдаласушы Мемлекет» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекет» терминдерi түпмәтiнге байланысты Қазақстанды немесе Вьетнамды бiлдiредi;
      f) «Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» және «екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны» терминдерi тиiсiнше Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
      g) «халықаралық тасымал» терминi теңiз немесе әуе кемесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi пункттер арасында ғана пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуе кемесiмен кез келген тасымалды бiлдiредi;
      h) «құзыреттi орган» терминi:
      (i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн;
      (ii) Вьетнамда: Қаржы министрiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
      i) «ұлттық тұлға» терминi:
      (i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (ii) өз мәртебесiн Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданыстағы ұлттық заңнамасының негiзiнде алған кез келген заңды тұлғаны және серіктестікті немесе қауымдастықты бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келісімнің ережелерін қолданған кезде онда айқындалмаған кез келген термин, егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, Келісім қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы бойынша сол кезде қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. 

4-бап
Резидент

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн «Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi» терминi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы бойынша оның тұрғылықты жерi, резиденттiгi, басқару орны, құрылу орны, тіркелген жері немесе осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа өлшемдер негiзiнде онда салық салынуға тиiс кез келген тұлғаны бiлдiредi.
      Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттi немесе жергiлiктi билiк органдарын қамтиды.
      2. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, онда оның мәртебесi мынадай түрде айқындалады:
      а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның иелiгiнде Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол неғұрлым тығыз жеке және экономикалық қатынастары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып саналады;
      с) егер ол әдетте Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың ешқайсысында да тұрмаса, өзі азаматы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң ғана резидентi болып есептеледi;
      d) егер резиденттiң мәртебесiн осы тармақтың а) - с) тармақшаларына сәйкес айқындау мүмкiн болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы мәселені өзара келiсiммен шешеді.
      3. Егер осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, ол өзiнiң тиiмдi басқару орны орналасқан Тарап мемлекетінiң резидентi болып есептеледi. 

5-бап
Тұрақты мекеме

      1. Осы Келісімнің мақсаттары үшiн «тұрақты мекеме» терминi кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
      2. «Тұрақты мекеме» терминi, атап айтқанда:
      а) басқару орнын;
      b) бөлiмшенi;
      с) кеңсенi;
      d) фабриканы;
      е) шеберхананы;
      f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымасын, карьердi немесе табиғи ресурстарды өндiретiн басқа да кез келген жердi;
      g) тауар қоймасын немесе сату орны ретінде пайдаланылатын үй-жайды;
      h) табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылғыны немесе соларға байланысты қадағалау қызметтерін немесе бұрғылық қондырғыны немесе табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын кемені қамтиды.
      3. «Тұрақты мекеме» терминi сонымен қатар мыналарды да:
      а) құрылыс алаңын немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру жобасын немесе тек егер мұндай жоба немесе қызметтер 6 айдан астам жалғасып келсе, сондай жағдайда ғана оларға байланысты қадағалау қызметтерін;
      b) кәсіпорын, қызметшілері немесе кәсіпорынның осындай мақсаттар үшін жалдаған басқа персоналы арқылы консультациялық қызмет көрсетулерді қоса алғанда, бірақ, тек қана мұндай сипаттағы қызмет (осындай немесе онымен байланысты жоба үшін) Уағдаласушы Мемлекет шегінде жалпы алғанда кез келген 12 айлық кезеңдегі 6 айдан астам уақытты құрайтын кезеңге немесе кезеңдерге жалғасатын болса ғана қызмет көрсетуді қамтиды.
      4. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, «тұрақты мекеме» терминi мыналарды:
      а) құрылыстарды тек кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жеткiзiп тұру мақсаттары үшiн пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жеткiзiп тұру мақсаттары үшiн ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсiпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ұстауды қамтиды деп қаралмайды.
      5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер өзіне осы баптың 7-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекетте екінші Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорнының атынан әрекет етсе, онда бұл кәсiпорын бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте, егер мұндай тұлға:
      а) кәсiпорнының атынан әрекет етсе және кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiктерi болса және оны әдетте осы Уағдаласушы Мемлекетте пайдаланса, егер оның қызметi осы баптың 4-тармағында айтылған қызмет түрлерiмен ғана шектелмесе, егер оларды қызметтiң тұрақты орны арқылы жүзеге асырса да, бұл қызметтiң тұрақты орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмаса; немесе
      b) мұндай өкілеттіктері жоқ, бірақ бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекетте ішінен кәсіпорынның атынан ол тұрақты түрде тауарлар мен бұйымдар жеткізіп отыратын тауарлардың немесе бұйымдардың қорын ұстайтын болса, осы тұлға кәсіпорын үшін жасайтын кез келген қызметке қатысты тұрақты мекемесі бар деп қарастырылады.
      6. Осы баптың алдыңғы ережелеріне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттің сақтандыру ұйымы, қайта сақтандыру бойынша ұйымды болдырмастан, екінші Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар болса, егер ол екінші Уағдаласушы Мемлекеттің аумағында, сонда отырып, оған осы баптың 7-тармағы қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға арқылы жарна жинаумен шұғылданса немесе тәуекелдерді сақтандырса, тұрақты мекемесі бар деп есептеледі.
      7. Кәсiпорын осы Уағдаласушы Мемлекеттегi кәсiпкерлiк қызметiн делдал, комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшiн ғана, егер осындай тұлғалар өздерiнiң әдеттегi қызметi шеңберiнде әрекет жасаған жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды. Алайда егер мұндай агенттің қызметі толығымен немесе ішінара осы кәсіпорынға арналса, онда ол осы тармақтың мақсаты үшін тәуелсіз мәртебелі агент болып есептелмейді.
      8. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны бақылауы немесе оның бақылауында болуы немесе осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы (не тұрақты мекеме арқылы не басқадай жолмен) фактiсi осы компаниялардың бiреуін өзінен өзі екіншісінің тұрақты мекемесiне айналдырмайды. 

6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алатын табысына (ауыл немесе орман шаруашылығынан алған табысты қоса алғанда) осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. «Жылжымайтын мүлiк» терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы бойынша айқындалады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықты, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктың және минералдық шикiзат кен орындарын, көздердi және басқа да табиғи ресурстарды игеру немесе игеру құқығы үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе тiркелген төлемдерге құқықтарды қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан жалға беруден немесе кез келген басқа нысанда пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi де кәсіпорынның жылжымайтын мүлігінен түскен табысқа және тәуелсіз жеке қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен түскен табысқа да қолданылады. 

7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса, кәсiпорынның пайдасына тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда айтылғандай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның пайдасына екiншi мемлекетте, бiрақ мыналарға:
      а) осындай тұрақты мекемеге;
      b) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекеме арқылы сатылатын тауарлар мен бұйымдарға сәйкес немесе ұқсас тауарлар мен бұйымдардың сатылымына; немесе
      c) осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын, өзінің сипаты бойынша осындай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметке сәйкес немесе ұқсас басқа кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлiгiне ғана салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 3-тармағының ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте, егер ол оқшау және дербес кәсiпорын болып, осындай немесе ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе ұқсас қызметпен айналысып, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан толық тәуелсiз әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кезiнде әкiмшiлiк шығыстар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын қоса алғанда, тұрақты мекеменiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды шегеруге жол берiледi. Алайда, егер оны тұрақты мекеме кәсіпорынның бас кеңсесіне немесе оның басқа кеңселерінің кез келген біреуіне (шығыстардың орнын толтырудан өзгеше) роялти, қаламақы төлемдері немесе патенттер немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшін орнын толтыру ретінде басқа ұқсас төлемдер төлеу жолымен немесе арнайы көрсетілген қызметтер үшін немесе менеджмент үшін комиссиялық төлем жолымен немесе (банк мекемелерін қоспағанда) тұрақты мекемеге берілген сомаға пайыздар төлеу жолымен төленсе, ондай сомаға қатысты мұндай шегерімге жол берілмейді. Сондай-ақ тұрақты мекеменің пайдасын анықтау кезінде тұрақты мекеме кәсіпорынның бас кеңсесіне немесе оның басқа кеңселерінің кез келген біреуіне (шығыстардың орнын толтырудан өзгеше) роялти, қаламақы төлемдері немесе патенттер немесе басқа құқықтарды пайдаланғаны үшін орнын толтыру ретінде басқа ұқсас төлемдер төлеу жолымен немесе арнайы көрсетілген қызметтер үшін немесе менеджмент үшін комиссиялық төлем жолымен немесе (банк мекемелерін қоспағанда) кәсіпорынның бас кеңсесіне немесе оның басқа кеңселерінің кез келген біреуіне берілген сомаға пайыздар төлеу жолымен есептелген сомалар есепке алынбайды.
      4. Осы бапта ештеңе де осы Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдарының қолындағы бар ақпарат тұрақты мекемеге жатқызылатын пайданы анықтау үшін жеткіліксіз болған жағдайларда, осы баптың қағидаттарына сәйкес заңның құзыретті органдардың қолындағы бар ақпарат мүмкіндік бергендей қолданылу шартымен, тұлғаның салықтық төлемдері бойынша берешегін анықтауға жататын Уағдаласушы Мемлекеттiң кез келген ұлттық заңнамасының қолданылуына әсер етпейді.
      5. Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемеге жатқызылатын пайданы кәсіпорын пайдасының жалпы сомасын оның әртүрлі бөлімшелері арасында тепе-тең бөлу негізінде қалай анықталуына қарай, осындай Уағдаласушы Мемлекетке осылай етіп бөлу арқылы салық салынатын пайданы анықтауға осы баптың 2-тармағында ештеңе де кедергі болмайды; әдетте тепе-тең бөлудің таңдалған әдісі осы бапта қамтылған тиісті қағидаттарға сәйкес нәтижелерді беруі тиіс.
      6. Егер пайда осы Келісімнің басқа баптарында жеке айтылатын табыстардың түрлерiн қамтыса, онда бұл баптардың ережелерi осы баптың ережелерiн қозғамайды.
      7. Осы баптың 1-6-тармақтарының мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге жататын пайда, егер мұндай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және дәлелдi себептерi болмаса, жылдан жылға бiркелкi тәсiлмен анықталады. 

8-бап
Халықаралық тасымалдардан түсетін кіріс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорны теңiз немесе әуе кемелерiн халықаралық тасымалдауда пайдаланудан алған пайдаға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi пулға, көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi бiрлескен кәсiпорынға немесе халықаралық ұйымға қатысудан алынатын пайдаға да қолданылады. 

9-бап
Қауымдасқан кәсіпорындар

      1. Егер:
      а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
      b) бiрдей тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе олардың капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса,
      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылуы және оған тиiсiнше, салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынған пайдасын осы Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосса әрi тиiсiнше, салық салса және осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет осылай қосылған пайда алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелетiн пайда болатындығына келiссе, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасында болатын қатынастардай болса, онда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзету жасайды. Мұндай түзетудi айқындау кезiнде осы Келісімнің басқа да ережелерi ескерiлуi тиiс және Тараптардың құзыреттi органдары қажет болған кезде бiр-бiрiмен консультация жүргiзiп отыруға тиiс.

10-бап
Дивиденттер

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай дивиденд төлейтiн компания резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте мұндай дивидендтерге салық салынуы мүмкiн және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес, бiрақ егер дивидендтердiң iс жүзiндегi иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осындай жолмен алынатын салық:
      (а) егер iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компанияның дауыс беретін акцияларының кемiнде 70 пайызына тiкелей иелiк ететiн компания болып табылса, дивидендтердiң жалпы сомасының 5 пайызынан;
      (b) қалған барлық жағдайларда дивидендтердiң жалпы сомасының
15 пайызынан аспауы тиiс.
      Осы тармақ дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. «Дивидендтер» терминi осы бапта пайдаланған кезде акциялардан, борыштық талаптар болып табылмайтын акциялардан немесе құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысудан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлушi компания резидентi болып табылатын Мемлекеттiң ұлттық заңнамасына сәйкес акциялардан алынатын табыс сияқты дәл сондай салықтық реттеуге жататын басқа да корпоративтiк құқықтардан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер дивидендтердiң Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын iс жүзiндегi иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса және төленiп жүрген дивидендтерге қатысты холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда 7 немесе 15-баптардың ережелерi қолданылады.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алатын болса, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекет мұндай дивидендтер осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемемен шын мәнiнде байланысты болатын жағдайды қоспағанда, компания төлейтiн дивидендтердi салықтан босата алады, егер тiптi төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда толығымен немесе iшiнара осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған табыстан құралса да, компанияның бөлiнбеген пайдасына бөлiнбеген пайда салығы салынбайды.
      6. Осы Келісімде Уағдаласушы Мемлекетке осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның таза пайдасына есептелетiн салыққа қосымша, осылайша есептелген кез келген қосымша салық мұның алдындағы салық жылдары осындай қосымша салық салуға ұшырамаған таза табыс сомасының 5 пайызынан аспайтын жағдайда, осы Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына арнайы салық салуға еш нәрсе тосқауыл бола алмайды деп пайымдалмайды. Осы ереженің мақсаттары үшiн пайда одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын, осы тармақта аталған қосымша салықтан өзге барлық салықты шегерiп тастағаннан кейiн анықталады. 

11-бап
Пайыздар

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн пайыздарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда мұндай пайыздарға олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер пайыздардың нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осылайша алынатын салық пайыздардың жалпы сомасының 10 пайызынан аспауы тиiс.
      3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне қарамастан:
      а) Қазақстанда пайда болатын пайызға, егер пайыздар:
      (і) Вьетнам Үкіметіне немесе оның жергілікті билік органдарына; немесе
      (іі) Вьетнамның мемлекеттік Банкіне немесе кез келген басқа мемлекеттік банкке; немесе
      (ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарының арасындағы келісім бойынша Вьетнам Үкіметіне толық тиесілі кез келген басқа институттарға төленсе, тек Вьетнамда ғана салық салынады.
      b) Вьетнамда пайда болатын пайызға, егер пайыздар:
      (і) Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе оның жергілікті билік органдарына; немесе
      (іі) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне немесе кез келген басқа мемлекеттік банкке; немесе
      (ііі) Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыретті органдарының арасындағы келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне толық тиесілі кез келген басқа институттарға төленсе, тек Қазақстанда ғана салық салынады.
      4. «Пайыздар» терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлмен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыштық талаптардан алынатын табысты және атап айтқанда, үкiметтiк немесе Мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын табысты және осы бағалы қағаздар, облигациялар және мiндеттемелер бойынша төленетiн сыйлықтар мен ұтыстарды қоса алғанда, облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты бiлдiредi. Уақтылы төленбегені үшін айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін пайыздар ретінде қаралмайды.
      5. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын пайыздардың iс жүзiндегi иесi пайыздар пайда болатын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екінші Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базасынан өзінің тәуелсіз жеке қызметтерін көрсетсе және өзiне қатысты пайыздар төленетiн борыштық талабы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базасына немесе тауарлар немесе бұйымдарды сатуға, немесе алдында 7-баптың а)-дан с)-ға дейінгі тармақшаларында аталған кәсіпкерлік қызметке қатысты болса, осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы 7 немесе 15-баптардың ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, пайыздар Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер пайыздарды төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатынына-табылмайтынына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте пайыздар төленетiн берешек пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және пайыздарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлесе, онда мұндай пайыздар тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер пайыздар төлеушi мен оның нақты иесi арасындағы немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасындағы арнайы қатынастардың себебiнен оның негiзiнде төленетiн борыштық талапқа қатысты пайыздардың сомасы пайыздар төлеушi мен олардың нақты иесi арасында осындай қатынастар болмаған кезде келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келісімнің басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы тиiс. 

12-бап
Роялти

      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ, егер роялтидiң нақты иесi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, онда осындай тәсiлмен алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 пайызынан аспауға тиiс.
      3. «Роялти» терминi осы бапта пайдаланылған кезде бағдарламалық қамтамасыз етудi, кинематографиялық фильмдердi қоса алғанда, әдебиет өнер немесе ғылым шығармаларына, кез келген патентке, сауда таңбасына дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе процеске, кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшiн немесе осындай құқықты пайдалануға бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпараттар үшiн сыйақы ретiнде алынатын төлемдердiң кез келген түрiн бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидiң iс жүзiндегi иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе сонда тұрған тұрақты базасынан тәуелсіз жеке қызметін көрсетсе, және оларға қатысты роялти төленетiн құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен немесе тауарлар немесе бұйымдарды сатуға, немесе алдында 7-баптың 1-тармағының а)-дан с)-ға дейінгі тармақшаларында аталған кәсіпкерлік қызметке қатысты болса, байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда жағдайға қарай, 7 немесе 15-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын-табылмайтындығына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте оған байланысты роялти төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай роялтиді осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базасы төлесе, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары негiзiнде төленетiн пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидiң сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде роялти төлеушi мен оның нақты иесi арасында келiсуге болатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы айтылған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келісімнің басқа ережелерiн тиiстi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес салық салынады. 

13-бап
Техникалық қызметтерге сыйақы

      1. Бір Уағдаласушы Мемлекеттің көздерінен оның іс жүзіндегі иесі болып табылатын екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті алған және осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуға жататын резидентiне техникалық қызметтерге сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте техникалық қызметтерге сыйақының жалпы сомасының 15 пайызынан аспайтын мөлшерлеме бойынша салық салынуы тиіс.
      2. «Техникалық қызметтерге сыйақы» терминi осы бапта пайдаланылған кезде техникалық, басқару немесе консультациялық сипаттағы кез келген қызметтерге төленетiн сыйақы ретiнде төлем жүргiзетiн жалдаушыға (қызметшi тұлғаға) қарағанда өзге кез келген тұлғаға төлемнiң кез келген түрiн бiлдiредi.
      3. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, техникалық қызметтерге сыйақының нақты иесi техникалық қызметтерге сыйақы пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме немесе тұрақты база арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте тәуелсiз жеке қызметтердi көрсетсе және техникалық қызметтерге сыйақы шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға байланысты болса, осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, осы Келісімнің 7 немесе 15-баптарының ережелерi қолданылады.
      4. Егер төлеушi осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, техникалық қызметтерге сыйақы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады. Алайда, егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табыла ма, жоқ па - оған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте техникалық қызметтерге сыйақы төлеу мiндеттемесi пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және мұндай техникалық қызметтерге сыйақы бойынша шығыстарды осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база көтерсе, онда мұндай жағдайда, техникалық қызметтерге сыйақы тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте пайда болды деп саналады.
      5. Егер техникалық қызметтерге сыйақы төлеушi мен оның iс жүзiндегi иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болсын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болу салдары төленген техникалық қызметтерге сыйақының сомасы мұндай қатынастар болмаған кезде төлеушi мен оның нақты иесi келiсуге болатындай сомадан қандай да бiр себептер бойынша асып кетсе, онда осы баптың ережелерi соңғы айтылған сомаға қолданылады. Мұндай жағдайда, төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн мiндеттi түрде ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамаларына сәйкес салық салынуға тиiс. 

14-бап
Мүлікті иеліктен шығарудан алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi осы Келісімнің 6-бабының 2-тармағында анықталған және екiншi Уағдаласушы мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарудан алатын табыстарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан, активтері тікелей немесе жанама толық немесе негізінен жылжымайтын мүлiктен тұратын компанияның акцияларын немесе салыстырмалы пайыздарын иелiктен шығарудан алған табыстарға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Осы тармақтың мақсаттары үшін жылжымайтын мүлікке қатысты «негізінен» мұндай жылжымайтын мүліктің құны иеленуші компанияның барлық активтерінің жиынтық құнының 30 %- нан асатынын білдіреді.
      3. Осы баптың 2-тармағында аталған, қатысуды білдіретін, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның капиталында кемінде 25 пайызды құрайтын өзге акцияларды иеліктен шығарудан алған табысқа осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын немесе тәуелсіз жеке қызмет көрсету мақсаттары үшін екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі Уағдаласушы Мемлекет резидентінің иелігінде тұрған жылжымалы мүліктен алынатын табыстарға, мұндай тұрақты мекеменi (жеке немесе бүкiл кәсiпорынмен қоса) немесе мұндай тұрақты базаны иеліктен шығарудан алынатын мұндай табыстарды қоса алғанда, осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      5. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе мұндай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға байланысты жылжымалы мүлiктi иелiктен шығарудан алған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      6. Алдыңғы тармақтарда айтылғаннан өзге кез келген мүлiктi иелiктен шығарудан алынатын табыстарға мүлiктi иелiктен шығарушы тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. 

15-бап
Мүлікті иеліктен айырудан алынатын табыс

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсіптік қызметтерден немесе тәуелсіз сипаттағы басқа қызметтерден алған табыстарға екінші Уағдаласушы Мемлекетте де салық салынуы мүмкін мына жағдайларды қоспағанда, мұндай табысқа осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады:
      а) егер оның осы қызметті жүзеге асыру мақсаттары үшін екінші Уағдаласушы Мемлекетте өз иелігінде тұрған тұрақты базасы болса; мұндай жағдайда табыстың тек осы тұрақты базаға жататын бөлігіне ғана екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін;
      b) егер ол тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса; мұндай жағдайда екiншi Мемлекеттегi оның қызметінің нәтижесінде алған табысының бөлігіне ғана осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      Мұндай жағдайда қызметтер көрсету байланысты табысқа кәсіпкерлік пайданы айқындау және кәсіпкерлік пайданы оның тұрақты мекемесіне жатқызу үшін осы Келісімнің 7-бабында қамтылған принциптерге ұқсас принциптерге сәйкес осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. «Кәсіптік қызметтер» термині, атап айтқанда, тәуелсіз ғылыми, әдеби, артистік, білім беру немесе оқытушылық қызметті, сондай-ақ дәрігерлердің, тіс дәрігерлерінің, заңгерлердің, инженерлердің, сәулетшілердің және бухгалтерлердің тәуелсіз қызметтерін қамтиды.

16-бап
Тәуелді жеке қызметтер

      1. Осы Келісімнің 17, 19 және 20-баптарының ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған қызметақыға, жалақыға және басқа да осыған ұқсас сыйақыға, егер тек жалданып жұмыс iстеу екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған сыйақыға осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалданып жұмыс iстеуiне байланысты алған сыйақыға салық, егер:
      а) алушы тиiстi салық жылы басталатын немесе аяқталатын кез келген он екi айлық кезеңде жалпы жиынтығы 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте болса;
      b) сыйақыны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жалдаушының екiншi Уағдаласушы Мемлекеттегi тұрақты мекемесi төлемесе, тек аталған Уағдаласушы Мемлекетте ғана салынады.
      3. Осы баптың алдыңғы ережелерiне қарамастан, халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз немесе әуе кемесiнiң бортында орындалатын жалданып iстейтiн жұмысқа қатысты алынған сыйақыға теңiз немесе әуе кемесiн пайдаланушы кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. 

17-бап
Директорлардың қаламақылары

      Екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң немесе соған ұқсас органының мүшесi ретiнде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осыған ұқсас төлемдерге осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. 

18-бап
Артистер мен спортшылар

      1. Осы Келісімнің 15 және 16-баптарының ережелеріне қарамастан Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті театр, кино, радио немесе телевидение артисі немесе музыкант сияқты өнер қызметкері ретінде немесе спортшы ретінде өзінің екінші Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын қызметінен алатын табысқа осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. Егер өнер қызметкері немесе спортшы өзінің осы сапасында жүзеге асыратын жеке қызметінен алатын табыс өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес, басқа адамға есептелмесе, мұндай табысқа осы Келісімнің 7, 15 және 16-баптарына қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін. 

19-бап
Зейнетақылар мен аннуитеттер

      1. 20-баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрын жүзеге асырылған жұмысы үшiн төленетiн зейнетақылар мен басқа да осыған ұқсас төлемдерге және кез келген аннуитеттерге осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. «Аннуитеттер» деген термин кезеңдік, белгілеген мерзімде, өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңінде төлемдер жүргізу міндеттемесіне сәйкес бара бар және толық ақшалай немесе құндық мәнінде орнын толтыруға төленетін белгіленген сома дегенді білдіреді.

20-бап
Мемлекеттік қызмет

      1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi билiк органдары осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi билiк органдары үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн төлейтiн қызметақыға, жалақыға және зейнетақыдан өзге осыған ұқсас сыйақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда мұндай қызметақыға, жалақыға және өзге осыған ұқсас сыйақыға, егер қызмет осы Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылса және осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса; немесе
      ii) қызметтi жүзеге асыру мақсатында ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. а) Жеке тұлғаға осы Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi билiк органдары үшiн жүзеге асырған қызметi үшiн Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi билiк органдары төлейтiн немесе олар құрған қорлардан төленетiн кез келген зейнетақыға осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      b) Алайда мұндай зейнетақыға, егер жеке тұлға осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi және азаматы болып табылса, тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      3. Осы Келісімнің 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның жергiлiктi билiк органдары жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметке байланысты қызметке қатысты қызметақыға, жалақыға және өзге осыған ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.

21-бап
Студенттер мен практиканттар

      1. Уағдаласушы Мемлекетке тiкелей келер алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болып табылған және алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетке тек бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатында келген студент немесе практикант өзiн ұстау, бiлiм алу немесе практикадан өту мақсатында алатын сомаларға осы сома көздерi осы Мемлекеттен тысқары жерде болғандықтан, осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынбайды.
      2. Осы Келісімнің 15 және 16-баптарының ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте студенттер мен практиканттар көрсеткен қызметтерге сыйақы бұл қызметтер оның оқуымен және практикасымен байланысты болған жағдайда осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады. 

22-бап
Оқытушылар, профессорлар мен зерттеушілер

      Бір Уағдаласушы Мемлекетке тікелей келер алдында екінші Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын немесе болып табылған және алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте негізінен оқыту, дәріс оқу немесе алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекеттің Үкіметі аккредиттеген осы Уағдаласушы Мемлекеттің білім ұйымдарында немесе ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында тұрып жатқан жеке тұлға алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетке бірінші келген күннен бастап екі жыл бойы алғашқы аталған Уағдаласушы Мемлекетте оқытқаны, дәріс оқығаны немесе ғылыми зерттеу жүргізгені үшін сыйақыға қатысты салық салудан босатылады. 

23-бап
Басқа да табыстар

      1. Осы Келісімнің алдыңғы баптарында айтылмаған Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiнiң пайда болу көзiне қарамастан, оларға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      2. Осы Келісімнің 6-бабының 2-тармағында айқындалған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табыстарға, егер мұндай табыстарды алушы бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола тұра, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте онда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте сонда тұрған тұрақты база арқылы тәуелсіз жеке қызметтерін көрсетсе және табыс төлемі жүргізілген құқығы немесе мүлкі iс жүзiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы Келісімнің 7 немесе 15-баптарының ережелерi жай-жапсарға қарай қолданылады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, осы Келісімнің алдыңғы баптарында айтылмаған екінші Уағдаласушы Мемлекеттегі көздерден шыққан және екінші Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған табыс түрлеріне де сол сияқты осы екінші Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады. 

24-бап
Қосарланған салық салуды жою

      1. Қазақстанның жағдайында қосарланған салық салу былайша жойылады:
      Егер Қазақстанның резидентi осы Келісімнің ережелерiне сәйкес Вьетнамда салық салынуы мүмкiн табыс алса, Қазақстан осы резиденттiң табысына салынатын салықтан Вьетнамда төленген табыс салығына баламалы соманы шегерiп тастауға мүмкiндiк бередi.
      Жоғарыда келтiрiлген ережеге сәйкес шегерiлетiн салықтар мөлшерi Қазақстанда қолданыстағы ставкалар бойынша осындай табысқа есептелуi мүмкiн салықтан аспауға тиiс.
      Егер Қазақстан резидентi осы Келісімнің ережелерiне сәйкес Вьетнамда ғана салық салынуы мүмкiн табыс алса, Қазақстан осы табысты Қазақстанда салық салынатын осындай басқа салыққа салынатын салық ставкасын белгiлеу мақсаты үшiн ғана салық салу базасына қоса алады.
      2. Вьетнамның жағдайында қосарланған салық салу былайша жойылады:
      Егер Вьетнам резидентi Қазақстанның Ұлттық заңнамасына сәйкес және осы Келісімнің ережелерiне сәйкес Қазақстанда салық салынуы мүмкiн табыс, пайда немесе капиталдың құнына өсім алса, Вьетнам табысқа, пайдаға немесе капиталдың құнына өсімге салынатын салықтан шегеру ретінде осы резидент табысына салынатын салықтан Қазақстанда төленген табыс салығына тең соманы шегеру ретінде мүмкіндік береді. Алайда шегерім сомасы Вьетнамның ұлттық салық заңнамасы мен қағидаларына сәйкес есептелетін болған болса, осындай табысқа, пайдаға немесе капиталдың құнына өсімге салынатын вьетнамдық салықтың сомасынан артық болмауға тиіс.
      Егер Вьетнам резиденті осы Келісімнің ережелерiне сәйкес Қазақстанда ғана салық салынатын табыс алса, Вьетнам бұл табысты салық салу базасына, бірақ Вьетнамда салық салынатын осындай басқа табысқа салынатын салықты белгілеу мақсаттарында ғана енгізе алады. 

25-бап
Кемсітпеу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары екiншi Уағдаласушы Мемлекетте кез келген салық салуға немесе онымен байланысты кез келген міндеттемелерге, дәл сондай жағдайларда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан және оған байланысты мiндеттемелерден өзгеше немесе неғұрлым ауыртпалықты салық салу болып табылатын кез келген мiндеттемеге ұшырамайды.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленетiн тұрақты мекемеге салық салу осы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң осыған ұқсас қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте қолайсыз болмауға тиiс. Осы ереже Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерiне салық салу мақсаттары үшiн азаматтық мәртебе немесе отбасылық мiндеттерi негiзiнде ол өзiнiң резиденттерiне беретiн кез келген жеке салықтық жеңiлдiктер, босатулар мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiндей болып талқыланбауға тиiс.
      3. Осы баптың ережелерi осы Келісімнің мәні болып табылатын салықтарға ғана қолданылады.
      4. Осы баптың ережелерiне қарамастан, Вьетнамдағы шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық заңнамаға сәйкес Вьетнам инвесторларға лицензия беруді жалғастырып жатқанда инвестор ұшырайтын салық салуды айқындайтын мұндай салық салуды белгілеу осы баптың 2 және
3-тармақтарының шарттарын бұзу ретінде қарастырылмайды. 

26-бап
Өзара келісу рәсімі

      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келісімнің ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соғып отыр немесе әкеп соғады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамасында көзделген қорғау құралдарына қарамастан, өзiнiң iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтiнiш осы Келісімнің ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға әкеп соқтыратын iс-әрекеттер туралы алғашқы хабарлама берiлген сәттен бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
      2. Тараптың құзыреттi органы, егер ол өтiнiштi негiздi деп есептесе және егер өзi қанағаттанарлық шешiмге келе алмаса, осы Келісімге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында iстi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсiм бойынша шешу үшін барлық мүмкіндікті қолданады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларында көзделген кез келген уақыттың шектелуіне қарамастан орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Келісімді түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмәндi өзара келiсiм бойынша шешу үшін барлық мүмкіндіктерді қолданады. Олар сол сияқты Келісімде көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою мақсатында бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары алдыңғы тармақтарды түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланысқа түсе алады.
      Құзыретті органдар консультациялар арқылы осы бапта көзделген өзара келісу рәсімін жүзеге асыру үшін тиісті екіжақты рәсімдерді, шарттарды, әдістер мен тәсілдерді дамытады. Оған қоса, құзыретті орган жоғарыда көрсетілген екіжақты іс-қимылдарды және өзара келісу рәсімін жеңілдету үшін тиісті біржақты рәсімдерді, шарттарды, әдістер мен тәсілдерді әзірлей алады. Егер келiсiмге қол жеткiзу үшiн ауызша пiкiр алмасуды ұйымдастыру орынды болса, мұндай пiкiр алмасуды құзыретті органдардың өзара келісімі бойынша Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерiнен тұратын арнайы Комиссия отырысы шеңберiнде жүргiзуге болады. 

27-бап
Ақпарат алмасу

      1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы осы Келісімнің ережелерiн немесе осы ұлттық заңнама бойынша салық салу осы Келісімге қайшы келмейтiндей дәрежеде осы Келісімге қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңнамаларын орындауға қажетті, атап айтқанда, алдаушылық пен осындай салықтардан жалтаруды болдырмау үшін ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу осы Келісімнің 1-бабымен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алған кез келген ақпарат осы Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы шеңберiнде алынған ақпарат сияқты құпия болып саналады және бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлеп өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе салықтарға қатысты аппеляцияларды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға (соттарды және әкiмшiлiк органдарды қоса алғанда) ғана хабарланады. Осындай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар осы ақпаратты ашық сот отырысы барысында не сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады. Құзыретті органдар консультациялар арқылы салық салудан жалтаруға қатысты ақпарат алмасу жүргізілетін мәселелерге қатысты тиісті шарттарды, әдістер мен тәсілдерді дамытады.
      2. Қандай жағдайда болмасын осы баптың 1-тармағының ережелерi Уағдаласушы Мемлекетке:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңнамасы мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдануды;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық заңнамасы бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпарат беруді;
      с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптiк құпияны немесе сауда процесiн ашуы мүмкiн ақпарат немесе ашылуы мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық тәртiпке) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесiн жүктейтiндей мағынада түсiндiрiлуге жатпайды.
      3. Егер ақпаратқа Уағдаласушы Мемлекет осы бапқа сәйкес сұрау салса, екiншi Уағдаласушы Мемлекет оның жинақталған ақпаратын тiптi екiншi Уағдаласушы Мемлекет өзiнiң жеке салық мақсаттары үшiн осындай ақпаратқа мұқтаж болмаса да пайдаланады. Алдыңғы сөйлемде қамтылған мiндеттемеге осы баптың 2-тармағымен шектеу салынады, бiрақ ешқашан осындай шектеу Уағдаласушы Мемлекетке осындай ақпаратқа ешқандай iшкi мүддесiнiң болмағандығынан ғана, ақпаратты беруден бас тартуға рұқсат беру ретiнде қарастырылмайды.
      4. Ешқандай жағдайда осы баптың 3-тармағының ережелерi ақпараттың иесі банк, басқа қаржы мекемесі, номиналдық ұстаушы немесе сенiмдi тұлға немесе агент ретінде әрекет ететін тұлға болып табылатын себептер бойынша немесе ақпарат тұлғаның меншік құқығына жату себебі бойынша Уағдаласушы Мемлекетке ақпарат беруден бас тартуға рұқсат беру ретінде қарастырылмайтын болады.

28-бап
Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық
мекемелердің қызметкерлері

      Осы Келісімдегі ештеңе де осындай артықшылықтар халықаралық құқықтың жалпы нормаларымен немесе Уағдаласушы мемлекеттер қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарының ережелеріне сәйкес берілген дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң салықтық артықшылықтарын қозғамайды. 

29-бап
Күшіне енуі

      Тараптар бір бірін дипломатиялық арналар бойынша Уағдаласушы мемлекеттердің ұлттық заңнамалары бойынша осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлайды. Осы Келісім Уағдаласушы Мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
      Осы Келісімнің ережелері:
      а) Қазақстанда:
      (i) осы Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылғы бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін сомаларға қатысты төлем көзінен ұсталатын салықтарға; және
      (ii) осы Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін басталатын салықтық кезеңдерге қатысты басқа салықтарға;
      б) Вьетнамда:
      (i) осы Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылғы бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін салық салынатын сомалар көздерінен ұсталатын салықтарға қатысты; және
      (ii) осы Келісім күшіне енген жылдан кейінгі күнтізбелік жылы туындаған табыстарға, пайдаға немесе құнға өсімге салынатын басқа салықтарға қатысты қолданылады. 

31-бап
Қолданылуын тоқтату

      Кез келген Уағдаласушы Мемлекет осы Келісім күшiне енген күннен бастап бес жылдық кезең өткеннен кейiнгi кез келген күнтiзбелiк жылдың аяқталуына кемiнде алты ай қалғанда осы Келісімнің қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жiбере отырып осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады. Мұндай жағдайда Келісім:
      а) Қазақстанда:
      (i) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін сомалар бойынша төлем көздерінен ұсталатын басқа салықтарға қатысты; және
      (ii) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін басталатын салық салынатын кезеңдегі басқа салықтарға қатысты;
      b) Вьетнамда:
      (i) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап немесе кейін төленетін немесе есептелетін салық салынатын сомалар бойынша төлем көздерінен ұсталатын басқа салықтарға қатысты; және
      (ii) қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жіберілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылы туындайтын табыстарға, пайдаға немесе құнға өсімге салынатын басқа салықтарға қатысты өзінің қолданылуын тоқтатады.

      Осыны куәландыру үшiн тиiстi дәрежеде өкiлеттiк берiлген төмендегi қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.

      _____ жылғы __ ________ ________ қаласында қазақ, орыс, вьетнам және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Талқылауда алшақтықтар туындаған кезде ағылшынша мәтін айқындаушы болып табылады.

      Қазақстан Республикасының                   Вьетнам Социалистік
            Үкіметі үшін                            Республикасының
                                                 Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады