"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1738 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 013 "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында, халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын.";
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1738 қаулысына    
қосымша         

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы

Р/с №

Шығыстардың атауы

Шығыстардың
сомасы
(АҚШ долларымен)

1.

Жалақы:
1) Атқарушы директордың орынбасары (2850 х 12 айға)
2) Кәсіби персоналдың мүшесі
(2700 х 12 айға)

66600

2.

Тұрғын үй-жайларды жалға алуға ақы төлеу:
1)(1500 х 12 айға)
2)(1000 х 12 айға)

30000


Барлығы

96600

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады