Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 99 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысымен

«Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 99 Қаулысына баспасөз-релизі

      «Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 99 Қаулысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16 бабының 48) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) мен заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрi - Өтiнiш берушi) арасында жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарт (шарт) (бұдан әрi - келiсiмшарт (шарт) жасасу тәртiбiн айқындайды.
      Ендеше, өтiнiш берушi Уәкiлеттi органға жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жүргiзуге келiсiмшарт (шарт) жасасу үшiн өтiнiм бередi, өтiнiм мыналарды қамтуы тиiс:
      1) келiсiмшарт (шарт) нысанасы және мақсаты;
      2) жұмыстарды өткiзу мерзiмi, сұралған аумақтың кеңiстiктiк шекарасы, оның ауданы;
      3) заңды тұлғалар үшiн:
      өтiнiш берушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, мемлекеттiк тиесiлiгi;
      өтiнiш берушi - заңды тұлғаның басшылары және қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер;
      заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi және салық органдарында тiркелуi туралы құжаттардың көшiрмесi;
      4) жеке тұлғалар үшiн;
      өтiнiш берушiнiң тегi мен аты, заңды мекенжайы, азаматтығы;
      өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын, өтiнiш берушiнiң салық органдарында тiркелуi туралы, өтiнiш берушiнiң кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi ретiнде тiркелуi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
      5) жер қойнауын геологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн мамандандырылған техника және (немесе) жабдықтардың болуын растайтын құжаттардың көшiрмесi;
      6) заңды тұлғалар үшiн - штатта геологиялық мамандықтар бойынша арнайы орта немесе жоғары бiлiмi бар маманның (мамандардың) болуы;
      7) жеке тұлғалар үшiн - геологиялық мамандық бойынша арнайы орта немесе жоғары оқу орынын бiтiргенi туралы дипломының (куәлiгiнiң) көшiрмесi;
      8) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласында тиiстi жұмыстар жүргiзу үшiн өтiнiш берушiнiң қаржылық мүмкiндiгiн растайтын екiншi деңгейдегi банктердiң анықтамасы.
      Сонымен қатар, Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарт (шарт) жасасу тәртiбi «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңының нормаларына және «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз