Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 411 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.03.2013 № 223 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің      
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 411 қаулысымен  
бекітілген    

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі
қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Осы біліктілік талаптарының әрекеті Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғауға байланысты қызметке қолданылмайды.
      2. Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі - АТҚ) анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жоғары не орта кәсіптік техникалық білімі бар маманның болуын;
      2) іздестіру техникалық құралдарын сақтау үшін жеке меншігінде немесе өзге заңды негізде арнайы бөлінген үй-жайдың болуын.
      Бұл ретте үй-жай:
      терезелері темір тормен;
      тәуліктік күзет пультіне қосылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
      құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
      іздестіру техникалық құралдарын, олардың құжаттамаларын сақтау үшін мөрленетін темір шкафтармен жабдықталуы тиіс;
      3) осы біліктілік талаптарының қосымшасына сәйкес ең аз іздестіру техникалық құралдарының болуын;
      4) біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалаудың болуын қамтиды. Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

Ақпарат таралып кететін техникалық 
арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы       
техникалық құралдарды анықтау   
бойынша қызмет көрсету жөніндегі 
қызмет түріне қойылатын біліктілік
талаптарына қосымша      

Қажетті ең аз іздестіру техникалық құралдарының ТІЗБЕСІ*

Р/с

Іздестіру техникалық құралдарының атауы

Іздестіру техникалық құралдарының мақсаты

1

Желілік емес локатор (Желілік емес ауысулардың детекторы)

Арнайы техникалық құралдарды қоршау конструкцияларынан және интерьердегі заттардан қиратпай бақылау әдісімен табу

2

Көп функционалдық іздестіру аспабы

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды анықтау

3

Ұтқыр/тұрақты радиомониторинг кешені, сканерлейтін радиоқабылдағыш құрылғы

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және арнайы техникалық құралдарды іздеу

4

Көтеріп жүруге лайыкталған радиопеленгатор

Арнайы техникалық құралдардың орнатылған жерлерін анықтау

5

Жасырын бейне камераларды тапқыш

Бейне бақылау арнайы техникалық құралдарын қоршау конструкцияларынан және интерьердегі заттардан табу

6

Стетоскоп

Ақпараттың таралып кететін діріл аккустикалық арналарды табу

7

Телевизиялық тексеріп қарау жүйесі, тексеріп қараудың айналар жиынтығы, эндоскоп

Арнайы техникалық құралдарды қол жеткізуге қолайсыз жерлерден табу

8

Сым-өткізгіш желілерге талдау жасайтын рефлектометр

Сым-өткізгіш коммуникациялардағы арнайы техникалық құралдарды табу

9

Тепловизор

Арнайы техникалық құралдарды қоршау конструкцияларынан және интерьердегі заттардан табу

      Ескертпе:
      * Іздестіру техникалық құралдары ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдардың санатына жатқызылмауға тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады