Дериваттар тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 633 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

«Дериваттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 633 қаулысына баспасөз релизі

      «Дериваттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 633 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-14) тармақшасының негізінде қабылданды.
      Қаулы Дериваттар тізбесін бекітеді.
      Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
      Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз