Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы « »    
№ қаулысымен    
бекітілген     

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар 1. Паспорты

Атауы             Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің
                  тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік
                  кешенді жоспар
Негіздеме         «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы
                  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан
                  дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына
                  Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
                  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30
                  қаңтардағы № 261 Жарлығы
Әзірлеуші         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                  министрлігі
Мақсаты           Тұлғаның Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде
                  рухани-адамгершілік қалыптасуына көңіл бөле отырып,
                  барлық оқу процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
Міндеттері        патриоттық сананы қалыптастыру;
                  отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау;
                  рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
                  құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту;
                  жалпы адамзаттық қасиеттердің негізінде
                  көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
                  салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын
                  қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты
                  жүйесін құру.
Іске асырылу      2013 - 2015 жылдар
мерзімі
Қаржыландыру      Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі
                  көздері мен көлемі 6 640 975 000 теңгені құрайды
                  (2013 жылы – 2 187 975,0, 2014 жылы – 2 239 474,0,
                  2015 жылы – 2 213 526,0). Жергілікті бюджеттен
                  қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттен
                  білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат
                  шегінде жүзеге асырылатын болады.
                  2015 жылға қарай:
Жоспарды          білім алушылардың жалпы санынан қоғамдық
іске асыру        бірлестіктердің қызметімен қамтылған мектеп
тиімділігінің     оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
индикаторы        студенттерінің үлесі – 70%;
                  білім алушылардың жалпы санынан өздерін патриотпыз
                  деп есептейтін мектеп оқушыларының, колледждер мен
                  жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 75 %;
                  тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын
                  ата-аналардың үлесі - 35%;
                  білім алушылардың жалпы санынан мектеп оқушыларының
                  балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерімен
                  қамтылуы - 25%;
                  білім алушылардың жалпы санынан тәрбиелік
                  іс-шараларға белсенді қатысатын мектеп
                  оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары
                  студенттерінің үлесі - 70%;
                  жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен
                  тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтер мен
                  психологтардың үлесі - 30%.

2. Кіріспе

      Бүгінгі күні елімізде қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы қажеттілігіне бағытталған тұтас тәрбие жүйесі қалыптасқан.
      Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қойылатын талаптар «Қазақстан – 2030: барлық Қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шiлдедегi «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңында көрсетілген.
      «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлiк теңдiк стратегиясын бекiту туралы» Жарлығы қабылданды.
      Үлкен білім және насихат ресурсы әзірленіп, ол арқылы тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Бұл ресурс білім беру және тәрбие бағдарламаларының жүйесінен, сондай-ақ оқудан тыс іс-шаралардан қалыптасады.
      Білім және ғылым жүйесінің ресурстары бұл жұмысқа мынадай түрде тартылған.
      Мектепке дейінгі білім
      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бала тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың саны 2011 жылы 8096-ны құрады, олардың 2748-і балабақша, 5348-і шағын орталық. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 65,4%-ды немесе 587 800 баланы құрайды.
      Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» республикалық бағдарламалары іске асырылады; 2009 жылы кіші жастағы балаларға арналған «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6 жас) тәрбие және оқыту бағдарламалары әзірленді және қабылданды, «Балапан», аталған бағдарламаларға оқу-әдістемелік кешен (жеке, отбасылық балабақшалар және ата-аналарға арналған консультациялық пунктер үшін әдістемелік ұсынымдамалар мен дидактикалық материалдар) әзірленді.
      Мектепке дейінгі деңгейдегі білім беру қызметтерін сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін ЮНЕСКО-мен бірлесіп жаңа ұрпақтың стандарты әзірленді. Ол 5 білім беру саласын қамтиды: коммуникация, тану, денсаулық, шығармашылық және социум.
      Жалпы мектепке дейінгі тәрбие жүйесі қойылған міндеттерді орындау үшін жеткілікті түрде тиімді құрылған.
      Орта білім
      Республикада жалпы контингенті 2 479 000 баланы құрайтын 7465 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Тәрбие процесін кадрлық қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, педагог-ұйымдастырушы, аға тәлімгер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогі, әдіскер штаттық бірліктері енгізілген.
      Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесінің міндеттерін іске асыру мақсатында қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың желісін дамыту жұмысы жүргізілуде.
      Қосымша білім берудің неғұрлым қол жетімді нысаны мектеп жанындағы 24 000 секцияның, 450-ден астам аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру болып табылады, сондай-ақ 276-сы мектеп базасында орналастырылады.
      1609 патриоттық клубқа 60 000-нан астам балалар мен жасөспірімдер қатысады. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің инфрақұрылымына 344 музыкалық және көркем өнер мектебі, 58 туристік, техникалық және натуралистік станциялары, 175 сарай мен шығармашылық орталықтары кіреді.
      Білім беру органдары жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру-спорттық қозғалыстарын нығайту және дамыту шараларын қабылдауда. Қазіргі уақытта 71%-ында спорт залдары бар, 56%-ы спорттық жабдықтармен және мүкаммалдармен қамтамасыз етілген. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмысы жалғасуда.
      Жалпы білім беретін мектептердің 84,3%-ына дене тәрбиесінің үшінші сағаты, ал 3534 мектепке немесе 45,8 %-ына ұлдар мен қыздарды бөліп оқыту енгізілген.
      Республикадағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың жалпы санынан 455 мыңнан астам мектеп оқушысы немесе 18 %-ы спортпен шұғылданатын 21 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді.
      Өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуде қызметінің негізгі мақсаты тұлғаның өзін-өзі анықтауына және қалыптасуына ықпал ету болып табылатын балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстары және ұйымдары, шығармашылық одақтар маңызды рөл атқарады. 800 000-нан астам мектеп оқушылары тартылған 1434 балалар ұйымдары мен бірлестіктері жұмыс істейді (мектеп оқушыларының 32,3%-ы қамтылған).
      Елбасының бастамасымен 2011 жылғы 6 шілдеде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Қазіргі уақытта оның қатарында 700 000-нан астам бала бар.
      Балаларға қамқор болу, олардың мүдделерін қорғау мемлекетіміздің маңызды принципі болып табылады.
      Сонымен қатар, балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдемелермен қамтамасыз ету мәселелері жаңа Қазақстан Республиксында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген.
      Дегенмен, орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талап ететін бірқатар мәселелер де бар. Бүгінгі күні орта білім беру жүйесінде тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасы жоқ. Оқудан тыс іс-шаралар оқу процесіне кіріктірілмеген және алған білімді бекітуге бағытталмаған.
      Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында делинквентті және аутодеструктивті мінез-құлық деңгейінің жоғары болуы алаңдатады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда өзіне-өзі қол жұмсаған жас адамдардың саны 29 жасқа дейінгі жас аралығында 2009 жылы 1424 адамды (100 мың тұрғынға 31 адам), 2010 жылы 3800 адамды (100 мың тұрғынға 113 адам ) құрады.
      Бүгінгі күнде нашақорлықтың таралуы нәтижесінде барлық халықтың денсаулығына кері әсерін тигізетін жас ұрпақтың өміріне қауіп төндіретіні белгілі.
      Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстылық деңгейінің артуына ықпал ететін факторлардың бірі ата-аналардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі және бос уақытты өткізудің барлық түрлерінің коммерциялануы болып табылады.
      Бүгінгі күнде мектеп оқушыларының жеке қауіпсіздігі проблемасы маңызды сипатқа ие болып отыр.
      Техникалық және кәсіптік білім
      Республикада 896 техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі - ТжКБ) оқу орны жұмыс істейді, онда 600,7 мың жас білім алады.
      Тренингтер, конкурстар, викториналар, олимпиадалар, конференциялар, шығармашылық кештер, спорттық жарыстар және т.б. сияқты тәрбие жұмысының нысандары қолданылады.
      ТжКБ оқу орындарында «тәуекел топтарының» балаларын анықтау жұмыстары жүргізіледі, білім алушыларға психологиялық көмек көрсетіледі, психологиялық қызмет жұмыс істейді.
      Жастар арасында өндіріс кәсіптерін танымал ету мақсатында жыл сайын «Үздік кәсіп иесі» кәсіби шеберлік, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсуі мен Қазақстанның музыка өнерін насихаттау, музыка бағытындағы ТжКБ білім алушыларының кәсіби даярлығын арттыру үшін музыкалық колледждерде білім алушы орындаушылардың республикалық конкурстары өткізіледі.
      Сондай-ақ тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі:
      1) жастарды жан-жақты тәрбиелеу, олардың азаматтық және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал ету;
      2) оқудан (негізгі жұмысынан) бос уақытта қосалқы жұмыспен қамтуды ұйымдастыру арқылы жас азаматтардың кәсіби бейімделуіне және жұмысқа орналасуына ықпал ету;
      3) кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету;
      4) жастар және балалар қоғамдық бірлестіктерінің қоғамдық маңызы бар жастар бастамаларын дамыту болып табылады.
      Тәрбие жұмысының мәселелері педагогикалық және қамқоршылық кеңестер отырыстарында қарастырылады. 550 оқушылық өзін-өзі басқару органы жұмыс істейді. «Кәсіп kz» республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жастар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.
      ТжКБ оқу орындарындағы тәрбие жұмысына жүргізілген талдау қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу проблемалары жедел шиеленіскенін көрсетеді. Бір жағынан студент жастарды дербестігі, іскерлігі мен икемділігі, өзінің тағдырына жауаптылығы, сапалы білім алуға және кәсіби даярлануға аса қызығушылық танытуы ерекшелендіреді. Екінші жағынан өтпелі жасқа, стрестік жағдайларға, толық емес отбасындағы тәрбиеге, ата-аналардың тәрбиеге уақытының жетіспеушілігіне, жастар арасындағы психологиялық жанжалдарға және тұрмысы нашар отбасыларға байланысты проблемалар бар. Білім алушылардың бір бөлігі девианттық мінез-құлықты адамдардың санатына қосылып кетеді. Сондай-ақ колледждер мен кәсіптік лицейлердегі тәрбие жұмысының проблемалары менталитетті, өмір сүру салтын, әлеуметтік-экономикалық факторларды өзгертудің күрделі процестеріне негізделеді.
      Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әлеуметтік педагогтердің, психологтардың жетіспеушілігі, спорттық секциялар, клубтар, үйірмелер, тренажерлық залдар, мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру іс-шаралары санының жеткіліксіздігі, жүйелі мониторингтің болмауы сияқты проблемалар бар. Сауалнама деректерінің талдауы бейімделу кезеңінде студент жастармен нақты жеке жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді.
      Жоғары білім
      Елдегі 146 жоғары оқу орнында 629 000-нан астам адам оқиды. 16-23 жас аралығындағы жастардың статистикалық үлес салмағы шамамен 2 127 289 адамды құрайды. Олардың 50%-ы ұлдар, 50%-ы қыздар. Бакалавриатта және магистратурада білім алушы қыздардың пайыздық арасалмағы ұлдарға қарағанда көп. Білім алушы студенттердің арасында 51%-ы ауылдық жерден келген жастар, магистратурада олардың үлесі 42%-ды және докторантурада 20%-ды құрайды. Білім алушылардың ішінде жетім студентттердің пайызы өте төмен (студенттердің 1%-ы).
      Жоғары оқу орындарында барлығы 533 спорттық секция жұмыс істейді. Оларда орташа қамту студенттердің 10%-ға жуығын құрайды. Студенттердің тұрмыс саласының инфрақұрылымы нығайтылған. Барлық жоғары оқу орындарында тұрмыс, кір жуу және жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар, асханалар, буфеттер, оқу залдары, спорт залдары және спорт кешендері. 7 жоғары оқу орнында бассейн бар.
      Жоғары оқу орындары кең ақпараттық жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ білім беру саласындағы, әсіресе интернет кеңістігіндегі жаңалықтарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды жариялау бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.
      Жоғары оқу орындарында тәрбиелеу және бос уақытын өткізу қызметінің орталықтары құрылуда, студенттің өзін-өзі басқару қызметі және студенттер арасындағы патриоттық жұмыс жандануда. Жоғары оқу орындарында тәрбие қызметін басқаруда тәрбиені ұйымдастыруды және оның мазмұнын қамтамасыз ететін жетекшілерді бекітетін Ғылым Кеңесі негізгі рөл атқарады. Тәрбие жұмысын басқаруды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор жүргізеді. Тәрбие жұмысын күнделікті жүзеге асыру академиялық топтардың кураторларына жүктелген. Жұмыс мазмұны мен тәрбие процесін басқарудың аталған барлық субъектілерінің функциялары жоғары оқу орындарының жалпы ережелерінде айқындалады.
      Эксперимент режимінде 4 ұлттық жоғары оқу орнында (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ) жоғары оқу орындарының Даму стратегиясы, сондай-ақ оларды іске асыру жоспарлары әзірленген. Аталған құжаттар шеңберінде тәрбие жұмысы жөніндегі іс-шаралар қарастырылған және іске асыру индикаторлары мен көрсеткіштері анықталған.
      Тәрбие жұмысы – үнемі жетілдіруді талап ететін процесс. Отбасының әлеуметтік институтының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі, салауатты өмір салты дағдыларының жеткіліксіз қалыптасуы, тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымсыз әсері, педагогтердің қазіргі заманғы тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі, қызығушылығы бойынша балалар мен жастар бірлестіктері желісінің (клубтар, үйірмелер, секциялар және т.б.) шектеулілігі және олардың қызметімен жеткіліксіз қамтылу нәтижесі құқықбұзушылық пен суицид санының азаймауы, темекі шегуге және алкоголизмге ерте араласу сияқты жағымсыз салдарға әкеледі. Одан басқа, әртүрлі деструктивті діни ағымдардың негізгі мақсатты аудиториясы жастар болып табылады.
      Көп жағдайда жас адам бір мекемеден басқа мекемеге ауысқан кезде балалық-ересектік-жас кезеңдегі тәрбие сәттерінің бірізділігі мен келісілгендігі байқала бермейді, өйткені әрбір білім беру мекемесі өз тәрбие жүйесін өз бейіні мен қызметінің бағытына сәйкес құрады.

3. Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспардың мақсаты
мен міндеттері

      Бүгінгі күні білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кездесетін жоғарыда аталған проблемалар жүйелі тәсілді қажет етеді.
      Барлық деңгейдегі ұйымдарда тәрбие жұмысын күшейту үшін тәрбиенің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қайта қарау қажет.
      Осыған байланысты, тәрбие жұмысын одан әрі жетілдірудің тұтас пайымын айқындайтын барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды әзірлеу маңызды болып табылады.
      Жоспар «Қазақстан-2030» Қазақстан дамуының стратегиясы мен Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасының құндылықтары мен идеологиялық ұстанымдарының кешенін, ең алдымен, жас ұрпақты өзара құрмет көрсету, патриоттық, дәстүрді, рухани және адамгершілік құндылықтары мен мемлекеттің, қоғам мен отбасының мызғымастығына бағытталған дүниетанымдық ұстанымдарды сақтау және нығайту рухында тәрбиелеу факторларын қамтиды.
      Жоспар жас ерекшеліктерін және тәрбие жұмысының қазіргі заманғы әдістері мен нысандарын ескере отырып әзірленген және мынадай бағыттардан тұрады:
      1) тәрбие процесін ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету;
      2) патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыру;
      3) тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру);
      4) ақпараттық насихаттау жұмысы.
      Жоспар шеңберінде барлық білім беру деңгейлері бойынша тәрбие бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне моноторинг жүргізу, тәрбие құрамдасын күшейту мақсатында оқу-тәрбие кешендері мен бағдарламаларына талдау жүргізу, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибелерді зерттеу және қорыту көзделген.
      Жалпы адамзаттық құндылықтарды, Қазақстанның тарихи тәжірибесін, педагогтердің жаңашыл тәсілдерін ескере отырып, тәрбие жүйесін жаңарту әдістемелерін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінген.
      Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету оқу және арнайы бағдарламалар кешенін, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелерді әзірлеуді, жас ерекшеліктерін ескере отырып педагогикалық нысандар мен құралдардың көптүрлілігін пайдалануды; тәрбиенің нысандары мен әдістерін дамытуды және жетілдіруді; оқу-әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін қорыту, білім беру жүйесінің өкілдеріне осы саладағы жаңалықтар туралы хабарлауды; отандық және шетелдік озық педагогикалық тәжірибені ескере отырып, осы сала қызметін жариялайтын тиісті әдебиеттерді тұрақты басып шығаруды, мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық сана-сезімдерін қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау мақсатында тәрбие бағдарламаларына сараптама жүргізуді қарастырады.
      Тәрбиенің инновациялық әдістерін әзірлеу барысында «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының және «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибелерін белсенді пайдалану жоспарланған.
      Сонымен қатар, патриоттық тәрбие саласында зерттеулер ұйымдастырылып, олардың нәтижесі практикалық қызметте пайдаланылады; азаматтың тұлғасын қалыптастыру және дамыту проблемалары бойынша әдістемелік ұсынымдамалар әзірленеді; патриоттық тәрбие мазмұнын әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы маңызды жетістіктер негізінде мәдени-тарихи рухани-адамгершілік, идеологиялық және басқа құрауыштарды қосу арқылы байыту көзделген.
      Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, этносаралық және қоғамдық келісімді, заңға мойынұсынушылықты, сондай-ақ өскелең ұрпақтың дене және рухани дамуын қалыптастыруды жас ұрпақтың санасында еліктеуге үлгі ретінде табысты қазақстандық адамның бейнесін жасау үшін танымал адамдарды тарту арқылы жүзеге асыру қарастырылған. Сондай-ақ, отбасын тәрбие процесіне белсенді тарту қамтамасыз етіледі.
      Жоспарды әзірлеуде барлық азаматтардың теңдігі мен елдің қоғамдық-саяси өмірінее қатысуына кепілдемені, жеке басының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ұлт бірлігінің факторы ретінде қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүріне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеуге басты назар назар аударылды.
      Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін дайындау және жетілдіру шеңберінде балалар мен жастарға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде бағдарламалар мен оқу жоспарлары әзірленеді. Тәрбие жұмысымен айналысатын тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мақсатында педагог кадрлардың ұтқырлығы мен кәсіби деңгейін арттыру жүйесін әзірлеу жоспарлануда.
      Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет арқылы насихат жұмысы күшейтілетін болады. Мысалы, отандық өндірістегі балалар басылымдарының (газеттер, кітаптар, журналдар), әртүрлі бағыттағы жастар мен балалар телебағдарламаларының санын көбейту қарастырылған.
      Үлгілік кешенді жоспардың іс-шаралары тәрбие жұмысы процесіне жастардың өздерін, олардың барлық жасерекшелік топтарын тартуға және қатыстыруға бағытталған.
      Үлгілік кешенді жоспардың іс-шараларын өткізу шеңберінде қоғамның, оның ішінде ата-аналар мен азаматтық қоғам институттарын тарту форматтары қарастырылған.

4. Күтілетін нәтижелер

      Үлгілік кешенді жоспарды іске асыру қорытындылары бойынша балалар мен оқушы жастардың бос уақытын өткізуді қамтамасыз ету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, қазақстандық патриотизмді, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын, өзін-өзі кәсіби анықтауды қалыптастыру үшін тиімді тәрбие жүйесін құру күтіледі.
      Білім және тәрбие процесін іске асыруда ата-аналарды педагогтермен және балалармен бірлескен шығармашылық, бірлескен авторлық процеске тарту үшін үштағанның өзара іс-қимылын қарастыратын тәрбие жұмысының жаңа нысандары мен технологиялары дамитын болады.
      Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық саны мейлінше төмендейді.
      Барлық жерге жетекші білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесінің инновациялық тәжірибесі таратылады.
      Тәрбие міндеттерін іске асыру үшін педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қамтамасыз етіледі.
      Жалпы білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігі мен бірізділігін қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбиелік
құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар

      Ескерту. Үлгілік кешенді жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 674 қаулысымен.

Іс-шаралар

Орындаушы

Мерзімі

Қаржыландыру

Аяқталу нысаны





Қаржыландыру көлемі млн.теңге

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру көлемі млн. теңге

Қаржыландыру көзі

Қаржыландыру көлемі млн теңге

Қаржыландыру көзі

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету

Мақсаты: педагогтердің жаңышыл тәсілдерін ескере отырып, әдістемелік әдебиеттерді жаңарту
Міндеттері:
тәрбие нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіру;
оқу-әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін қорыту;
озық отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибені ескере отырып, әдістемелік әдебиеттерді тұрақты басып шығару;
білім берудің барлық деңгейі бойынша тәрбие бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне моноторинг жүргізу.

1

Оқу-тәрбие процесіне тәрбиенің жаңа технологияларын енгізу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу және жалпылау

БҒМ «НЗМ» ДБҰ

2013 - жыл

Талап етілмейді

Әдістемелік құрал

2.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесін бағалау әдістемесі» әдістемелік құралын басып шығару

БҒМ

2013 - 2015 жылдар

12,322

РБ

13,151

РБ

14,038

РБ

Әдістемелік құрал

3.

Тәрбие жұмысын жетілдіру процесінде мектеп оқушыларымен, колледждердің және жоғары оқу орындарының студенттерімен жұмыстың интерактивті технологияларын әзірлеу

БҒМ

2013 жыл

0,995

РБ

-

-

-

-

Оқу - әдістемелік құрал

4.

Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды іске асыру бойынша өңірлік бағдарламалар мен жоспарлар әзірлеу және енгізу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ЖОО-лар

2013-2015 жылдар

Жергілікті бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде

БҒМ-ге ақпарат


Жылдар бойынша жиыны



13,317


13,151


14,038



2. Патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді, заңға мойынсынушылықты қалыптастыру, сондай-ақ дене және рухани дамыту
Индикаторлар: білім алушылардың жалпы санынан өздерін патриотпыз деп есептейтін мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 75%;
білім алушылардың жалпы санынан қоғамдық ұйымдардың қызметімен қамтылған мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 70%;
тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын ата-аналардың үлесі - 35%;
білім алушылардың жалпы санынан мектеп оқушыларының балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептерімен қамтылуы - 25%;
білім алушылардың жалпы санынан тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі – 70%.

2.1. Патриоттық сананы қалыптастыру

Мақсаты: Патриоттық сананы қалыптастыру
Міндеттері:
патриоттық құндылықтарға саналы оң қарым-қатынасты қалыптастыру;
белсенді азаматтық ұстанымды іске асыруға ұмтылуды қалыптастыру;
Отанды: Қазақстанның мәдениетін, тарихын, фольклорын, салт-дәстүрлерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу;
мемлекеттік рәміздерді білуді насихаттау;
елдің жетістіктері үшін жуапкершілік пен мақтаныш сезімін дамыту

5.

Балаларды патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік жинақтар әзірлеу

БҒМ

2014 жыл

-

-

5,483

РБ

-

-

Әдістемелік құрал

6.

«Қазақстан тарихы», әдебиет сабақтарында пайдалану үшін «Мерейтойлар мен атаулы күндер туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының шеңберінде еліміздің көрнекті тұлғалары туралы фильмдер шығару

МАМ, БҒМ

2013-2015 жылдар

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, республикалық бюджет

Фильмдер

7.

Қоғамтану, құқық негіздері бойынша сабақтарда мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің бойында патриоттық сезімді, белсенді азаматтық көзқарасты, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

БҒМ-ге ақпарат

2.2. Рухани-адамгершілік даму

Мақсаты: өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін тану.
Міндеттері:
дәстүрлі көзқарас пен дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған әлемнің көптүрлілігін. қарама-қайшылығы мен күрделілігін тану;
адам өмірінің құндылықтарын және әр адамның ерекшелігін түсіну, өз өміріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
қайсар мінезді, туындайтын кез келген қиыншылықтарды жеңіп шығуға, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге талпыну қабілеттерін қалыптастыру;
әлемге, басқа адамға және өзіне деген махаббатқа, жағымды сезімдер мен қарым-қатынасқа құрылған жоғары жүйені бекіту және дамыту.

8.

Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметі арқылы балалар бастамаларын дамыту және қолдау

БҒМ, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

180,0

РБ

180,

РБ

180,

РБ

ҚР Үкіметіне ақпарат

9.

Қазақ тіліндегі қазақ халық ертегілерінің жинағын басып шығару

МАМ

2013-2015 жылдар

2,297

-


РБ


РБ

Ертегілер жинағы

10.

Отбасы тәрбиесі бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу

БҒМ

2013-2015 жылдар

447,752

РБ

447,752

РБ

447,752

РБ

Құралдар

11.

Тұлғаны дамыту саласында инновациялық жобалар мен идеяларды әзірлеу және енгізу бойынша «Назарбаев Университеті» ДБҰ мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның тәжірибесін тарату

«Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ

2013-2015 жылдар

Білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен

БҒМ-ге ақпарат

12.

Жыл сайынғы жастар шығармашылық фестивальдерін өткізу («Студенттік көктем», «Армандастар»)

ЖОО-лар

2013-2015 жылдар

ЖОО қаражаттары есебінен

БҒМ-ге ақпарат

2.3. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу

Мақсаты: достыққа, төзімділік пен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, ғылыми және мәдени жетістіктерді тәрбиелеу мақсатында пайдалану
Міндеттері:
әртүрлі халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ететін мәдени ерекшеліктерге деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу;
әлем мәдениетінің негіздеріне бейімдеу және басқа халық өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
оқушылардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
тұлғаны бейбітшілік рухында, басқа халықтармен өзара түсінушілікке тәрбиелеу, әлем мәдениетін сақтауға қажеттілігін дәріптеу.

13.

Мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің арасында олардың толеранттылық және діндарлық деңгейін анықтау бойынша мониторинг және әлеуметтік сауалнама жүргізу

БҒМ, ДІА

2014 жыл

-

-

1,858

РБ

-

-

Талдамалық есеп

14.

Жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына «Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» элективті курсын енгізу

ЖОО-лар, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығы, ҚХА-ның ҒСК

2013-2015 жылдар

ЖОО-лар қаражаты есебінен

БҒМ-ге ақпарат

15.

Жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық пәндердің оқыту бағдарламаларына нәтижесін бейімдеу мақсатында этносаралық қарым-қатынас және жастар саясаты саласында жүйелі зерттеулер жүргізу

БҒМ, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығы, ҚХА-ның ҒСК

2013-2015 жылдар

055 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-қолданбалы қызмет» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» кіші бағдарламасы және 101 «Ғылыми зерттеулерді грантты қаржыландыру» кіші бағдарламасы шеңберінде

Ұсынымдамалар

2.4. Құқықтық тәрбие

Мақсаты: құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы жетілдіру, заңды іс-әрекетке саналы түрде ұмтылуға баулу
Мақсаттары:
Республика Конституциясын, еліміздегі заңнама негіздерін, Конституцияны қатаң сақтау қажеттілігін, мемлекеттің заңдары мен басқа да құқықтық актілерін білуді, жеке іс-әрекеттері үшін өзінің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру;
құқық нормаларын, қоғамның құқықтық жүйесінде орын алатын заң мен процестердің талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді, құқықтың әлеуметтік құндылықтарын, заңдылықты, соңғысын қамтамасыз етудегі жеке рөлін, заң бұзушылықпен күрестің тәсілдері мен құралдары туралы түсініктерін қалыптастыру;
құқыққа, басқа тұлғалардың құқықтары мен еркіндігіне, заң бұзушылық фактілеріне, мемлекеттің және елдегі құқықтық тәртіпті белгілеу органдарының қызметіне деген тиісті эмоционалды қарым-қатынасты қалыптастыру;
құқықтық нормалар және заңның талаптарына сәйкес өзінің құықтық білімін күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайдалана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру;
адамның өз бойындағы жағымды қасиеттерді жетілдіруге, жағымсыз әрекеттерге, заң бұзушылық болған жағдайда қарсы тұруға психологиялық дайын болуын қалыптастыру.

16.

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 674 қаулысымен.

17.

Құқық қорғау органдарының өкілдерін тарта отырып, «Құқық негіздері» сабақтарында мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің құқықтық сауаттылығын, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзімсіздігін қалыптастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім басқармалары, ЖОО-лар

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

БҒМ-ге ақпарат

18.

Жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасын оқыту

ЖОО-лар

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

БҒМ-ге ақпарат

19.

Білім беру ұйымдарының мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауы

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

БҒМ-ге ақпарат

20.

Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын түсіндіру үшін мультфильмдер жасау мүмкіндігін қарастыру

БҒМ, МАМ

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

ҚР Үкіметіне ұсыныстар енгізу

2.5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мақсаты: білім алушылардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу, денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну, дене тұрғысынан жетілу
Міндеттері:
салауатты өмір салты принциптерін іске асыру үшін жағдайлар жасау;
мектеп оқушылары мен студенттердің салауатты өмір сүру принциптері мен дағдыларын меңгеруі, дене тәрбиесімен және спортпен тұрақты шұғылдану қажеттілігіне тәрбиелеу;
мектеп оқушылары мен студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту, ағзаның дұрыс қалыптасуы мен жан-жақты дамуына ықпал ету;
спортты дәріптеу;
денсаулыққа құндылық ретінде жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша әлеуметтік тәжірибені белсендіру;
дене жаттығуларымен шұғылдануда саналы қажеттіліктерді қалыптастыру, дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдануға, спорт секцияларының жұмысына, жарыстарға және бұқаралық спорттық іс-шараларға практикалық қатысуға, сондай-ақ спорттық жарыстарды ұйымдастыруға тарту;
денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, белсенді демалысқа, дене тәрбиесімен, туризммен және спортпен шұғылдануға тарту

21.

Балалардың әлеуметтік-психологиялық дамуына және денсаулығына қазіргі заманғы демалыс және ойын-сауық нысандарының әсерін (компьютер клубтарының, ойын автоматтарының, интернет ресурстарының әсері) зерттеу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 -2015 жылдар

001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, жергілікті бюджет

БҒМ-ге ақпарат

22.

«Нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу» атты оқу-әдістемелік құрал әзірлеу

БҒМ

2013 -2015 жылдар

90,864

РБ

90,864

РБ

90,864

РБ

Құрал

23.

Мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерін бұқаралық спортқа тарту үшін мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне спорт объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013 -2015 жылдар

003 «Облыстық деңгейде спорттық іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, жергілікті бюджет

ҚР Үкіметіне ақпарат

24.

Әлеуметтік әріптестерді тарта отырып, мектеп оқушыларына, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

Демеушілердің қаражаты есебінен

БҒМ-ге ақпарат

25.

Аула спорт алаңдары мен секциялар желісін кеңейту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

003 «Облыстық деңгейде спорттық іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, жергілікті бюджет

БҒМ-ге ақпарат

26.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, жергілікті бюджет

БҒМ-ге ақпарат




2013-2015 жылдар




Жылдар бойынша жиыны



720,913


725,957


718,616



2.6 Жастар бастамаларын қолдау

Мақсаты: жастардың одан әрі тұлғалық және кәсіби дамуы үшін іскерліктер мен дағдыларды алуына, қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ өз өңіріндегі қоғамдық өмірге белсене қатысуына көмек көрсету
Міндеттері: жастардың бастамаларын дамыту және қолдау, өзін-өзі табысты дамытуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына; жастар жобаларының үздік практикалары мен технологияларын таратуға көмек көрсету

27.

Жастардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өзара іс-қимылының алгоритмін әзірлеу

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

ҚР Үкіметіне ақпарат

28.

Барлық деңгейдегі депутаттарды және жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерді тарта отырып, барлық деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын жақсарту

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

ҚР Үкіметіне ақпарат

29.

Жастардың еріктілер қозғалысын жастарға арналған әлеуметтік сатының бірі ретінде дамыту

БҒМ,
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

ҚР Үкіметіне ақпарат

3. Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру)
Индикатор: жалпы санынан біліктілігін арттырудан өткен тәлімгерлердің, әлеуметтік педагогтер мен психологтардың үлесі – 30%.

Мақсаты: білім берудің педагог қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау
Міндеттер:
кадрлар біліктілігін арттырудың және кәсіби қайта даярлаудың дәстүрлі оқыту процесіне оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары мен инновациялық әдістерін енгізу

30.

Тәрбие саласындағы үздік әзірлемелерді ұсыну үшін этнопедагогика оқытушыларының озық тәжірибесін жалпылау

БҒМ
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығы, ҚХА-ның ҒСК

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

БҒМ-ге ақпарат

4. Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Мақсаты: ақпараттық әсер етудің құралдары мен әдістерін мақсатты кешенді пайдалану
Міндеттер:
елдің жетістіктерін кең көлемде насихаттау;
БАҚ-ты түсіндіру мен насихаттау құралы ретінде пайдалану;
ақпараттық ортамен тиімді іс-қимыл жүргізу дағдыларын қалыптастыру

31.

Ғалымдарды, мәдениет пен өнер, спорт өкілдерін, педагогтерді, соғыс және еңбек ардагерлерін қатыстыра отырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мораль мен адамгершілік нормалары мәселелеріне арналған теле және радио бағдарламалар дайындау

МАМ

2014-2015 жылдар

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, республикалық бюджет

Теле және радио бағдарламалар

32.

2017 жылы Бүкіләлемдік универсиадаға дайындау және өткізу шеңберінде студент жастар арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу

БҒМ, СДШІА, МАМ

2013-2015 жылдар

Талап етілмейді

ҚР Үкіметіне ақпарат

33.

Электрондық және баспа ақпарат құралдарында білім және тәрбие саласындағы жетістіктерді үздік жариялауға арналған жыл сайынғы республикалық конкурс ұйымдастыру

БҒМ

2013-2015 жылдар

1,395

РБ

1,395

РБ

1,395

РБ

ҚР Үкіметіне ақпарат

34.

Қазақстанның жетістіктері туралы, Қазақстанның жаңа тарихы туралы деректі фильмдер түсіру

МАМ

2013-2015 жылдар

021 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде, республикалық бюджет

Фильмдер





Жылдар бойынша жиыны



1,395


1,395


1,395






Жылдар бойынша барлығы


735,625


740,503


734,049







Жиыны















2 210 177 000

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚРҮ                          – Қазақстан Республикасының Үкіметі
БҒМ                          – Қазақстан Республикасы Білім және
                               ғылым министрлігі
МАМ                          – Қазақстан Республикасы Мәдениет және
                               ақпарат министрлігі
ДІА                          – Қазақстан Республикасы Дін істері
                               агенттігі
СДШІА                        – Қазақстан Республикасы Спорт және дене
                               шынықтыру істері агенттігі
«Назарбаев Университеті» ДБҰ - «Назарбаев Университеті» дербес білім
                               беру ұйымы
«Назарбаев зияткерлік
мектептері» ДБҰ              – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ
                               дербес білім беру ұйымы
ҚХА-ның ҒСК                  – Қазақстан халқы Ассамблеясының
                               ғылыми-сарапшылық кеңесі
ЖОО                          – жоғары оқу орындары
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ     – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
                               университеті
ҚазҰАУ                       – Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Абай атындағы ҚазҰПУ         - Абай атындағы Қазақ ұлттық
                               педагогикалық университеті
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ       - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
                               университеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады