Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 831-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарында:
«Барлық білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар» деген кестеде:
мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілмейді;
«Ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз ету»;
«Білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесін бағалау әдістемесі» әдістемелік құралын басып шығару» деген реттік нөмірі 2-жолда:
5-бағандағы «16,75» деген сандар «12,322» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «19,172» деген сандар «13,151» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «20,503» деген сандар «14,038» деген сандармен ауыстырылсын;
«Тәрбие жұмысын жетілдіру процесінде мектеп оқушыларымен, колледждердің және жоғары оқу орындарының студенттерімен жұмыстың интерактивті технологияларын әзірлеу» деген реттік нөмірі 3-жолдың 5-бағанындағы «1,155» деген сандар «0,995» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жылдар бойынша жиыны» деген жолда:
5-бағандағы «17,905» деген сандар «13,317» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «40,520» деген сандар «13,151» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «20,530» деген сандар «14,038» деген сандармен ауыстырылсын;
«2. Патриотизмді, мораль мен адамгершілік нормаларын, этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді, заңға мойынсынушылықты қалыптастыру, сондай-ақ дене және рухани дамыту» деген бөлімде:
«2.1. Патриоттық сананы қалыптастыру» деген кіші бөлімде:
«Балаларды патриоттық тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік жинақтар әзірлеу» деген реттік нөмірі 5-жолдың 6-бағанындағы «10,0» деген сандар «5,483» деген сандармен ауыстырылсын;
«2.2. Рухани-адамгершілік даму» деген кіші бөлімде:
«Қазақ тіліндегі қазақ халық ертегілерінің жинағын басып шығару» деген 9-жолда:
5-баған «2,297» деген сандармен толықтырылсын;
6-бағандағы «15,0» деген сандар алынып тасталсын;
7-бағандағы «15,0» деген сандар алынып тасталсын;
«Отбасы тәрбиесі бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу» деген 10-жолда:
5-бағандағы «1 690,18» деген сандар «447,752» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «1 693,35» деген сандар «447,752» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «1 704,81» деген сандар «447,752» деген сандармен ауыстырылсын;
«2.3. Этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімге тәрбиелеу» деген кіші бөлімде:
«Мектеп оқушыларының, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің арасында олардың толеранттылық және діндарлық деңгейін анықтау бойынша мониторинг және әлеуметтік сауалнама жүргізу» деген реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағанындағы «10,858» деген сандар «1,858» деген сандармен ауыстырылсын;
«2.4. Құқықтық тәрбие» деген кіші бөлімде:
«Мектеп оқушыларының және колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің девианттық, деликвенттік, сондай-ақ аутодеструктивті әрекеттеріне мониторинг жүргізу» деген 16-жол алынып тасталсын;
«2.5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру» деген кіші бөлімде:
«Нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу» атты оқу-әдістемелік құрал әзірлеу деген реттік нөмірі 22-жолда:
5-бағандағы «283,950» деген сандар «90,864» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «283,950» деген сандар «90,864» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «283,950» деген сандар «90,864» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жылдар бойынша жиыны» деген жолда:
5-бағандағы «2 166 660,0» деген сандар «720,913» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «2 195 544,0» деген сандар «725,957» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «2 189 613,0» деген сандар «718,616» деген сандармен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілде өзгеріс енгізілмейді;
«1. Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру)» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тәрбие жүйесінің кадрлық әлеуетін жетілдіру (біліктілігін арттыру)»;
«4. Ақпараттық-насихаттау жұмысы» деген бөлімде:
«Электрондық және баспа ақпарат құралдарында білім және тәрбие саласындағы жетістіктерді үздік жариялауға арналған жыл сайынғы республикалық конкурс ұйымдастыру» деген реттік нөмірі 33-жолда:
5-бағандағы «3,410» деген сандар «1,395» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «3,410» деген сандар «1,395» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «3,410» деген сандар «1,395» деген сандармен ауыстырылсын;
34-жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Жылдар бойынша жиыны |
1,395 |
1,395 |
1,395 |
»;
«Жылдар бойынша барлығы» деген жолда:
5-бағандағы «2 187 975,0» деген сандар «735,625» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағандағы «2 239 474,0» деген сандар «740,503» деген сандармен ауыстырылсын;
7-бағандағы «2 213 526,0» деген сандар «734,049» деген сандармен ауыстырылсын;
«Жиыны» деген жолда:
8-бағандағы «6 640 975 000» деген сандар «2 210 177 000» деген сандармен ауыстырылсын.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов