"Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1098 Қаулысы

      «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.»;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 28 тамыздағы
№ 1098 қаулысына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2002 жылғы 29 шілдедегі
№ 843 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнің жай-күйiн дұрыс әрi уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган);
      2) жергiлiктi атқарушы орган – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
      3) шетелдiк мерзімді баспа басылымы – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдық нөмiрi бар, кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
      4) таратушы – шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын меншiк иесiмен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкiлдiк);
      5) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама – таратушыға жергiлiктi атқарушы орган беретiн және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдары атауларының тiзбесiн растайтын құжат (бұдан әрi – анықтама).
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жергiлiктi атқарушы орган жүзеге асырады.
      4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi.
      5. Жергiлiктi атқарушы орган тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, таратушы өтініште көрсеткен мәлiметтердi Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiне енгiзу үшiн уәкiлеттi органға жiберiп тұрады.

2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбi

      6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшiн таратушы жергiлiктi атқарушы органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      2) жеке тұлға үшiн – кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      3) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;
      филиал мен өкілдіктер үшін – филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі.
      7. Өтiнiш жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнінен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралады.
      8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда жергiлiктi атқарушы орган осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына жазба енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды.
      9. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес анықтама беріледі не мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжат ұсынылмаса;
      2) өтініште толық немесе дұрыс ақпарат көрсетілмесе;
      3) таратушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешiмi болса;
      4) шетелдiк мерзімді баспа басылымдары өнiмiне қатысты оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешiмi болса.
      10. Анықтаманы жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда өтініш берушіге еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімі ішінде, оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген анықтаманың телнұсқасы беріледі.
      11. Анықтама алынған күнінен бастап бір жыл iшiнде жарамды. Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген таратушыға немесе таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарына қатысты мәліметтер берілген анықтаманың қолданылу уақытында өзгерсе, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергiлiктi атқарушы орган таратушының жазбаша үндеу бойынша жаңа анықтаманы алу туралы өтінішін қарастырады.
      12. Анықтаманың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергiлiктi атқарушы орган таратушының өтініші бойынша жаңа анықтаманы береді.

Қазақстан Республикасында  
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке  
алу қағидаларына     
1-қосымша        

__________________________
__________________________
(өтініш тіркелелетін
органның атауы және мекенжайы)

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы
өтініш

      Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алуыңызды сұраймын.
      Таратушының деректері:
_____________________________________________________________________
     (ұйымдастыру-құқықтық түрін көрсетумен жеке кәсіпкердің/заңды
                          тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
     (ЖИН/БИН, СТН, тіркелген құжатының нөмірі және берілген күні)
_____________________________________________________________________
          (тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары,
                         электрондық поштасы)

Р/с №

Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы

Таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының тiлi (тiлдерi)

Негiзгi тақырыптық бағыттығы

Мерзімділік

Таратылатын даналарының болжамды саны

1.







2.







      Қосымша: 1. __________________
               2. __________________

      бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

      МО 20__ ж. «___»___________

Қазақстан Республикасында  
таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке  
алу қағидаларына     
2-қосымша         

Есепке алу журналы

Р/с №

Тіркелген күні

Анықтама нөмірі

Таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны

Анықтаманың қолданылу мерзімі

Толтыруға жауапты жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы


1

2

3

4

5

6














Қазақстан Республикасында    
таратылатын шетелдiк мерзімді 
баспа басылымдарын есепке   
алу қағидаларына       
3-қосымша            

______________________________
______________________________
(таратушыға анықтама берілген
жергiлiктi атқарушы органның
атауы)

Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама

№ _________                                  20__ ж. «___» __________
(тiркеу нөмiрi)

      Осы анықтама «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес_______________________________берілген
                    (таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)

және шетелдiк мерзімді баспа басылымдарын 20___ж. «___» __________ бастап есепке алынғанын растайды.

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдары атауының толық тізбесі:
      1. ________________
      2. ________________
      3. ________________
      4. және т.б.

Шетелдiк мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы:
_____________________________________________________________________

Осы анықтама 20___ ж.«___» ________ дейiн жарамды.

      Орган басшысы қолы

      МО 20__ ж. «___»___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады